Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 1663 0 пікір 13 Маусым, 2023 сағат 14:12

Ильинге тықыр таянды: Экс-министрге тексеріс жүргізіледі

Бұрынғы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің үстінен қызметтік міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін және жұмысына салғырт қарағаны үшін тексеріс жүргізіледі. Бұл туралы Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов айтты.

«Президент Бас прокурорға тапсырма берді, соның шеңберінде тексеріс жүргізілетін болады. Өрт фактісі – бұл төтенше жағдай, қаза тапқандар бар, сондықтан қылмыстық іс аясында тексеру жүргізіледі.

Жауапты тұлға неге уақытылы шара қолданбаған, немқұрайлылық танытқан, қызметтік міндеттерін орындамаған?», - деді Ішкі істер министрі.

Министр Абай облысындағы өрттің неден шыққаны туралы сұраққа жауап берді.

«Тергеу жүріп жатыр, өртті қолдан қойған деген нұсқа бар. Іс арнайы прокурорлардың қарауына берілді. ІІМ қызметкерлері де істі қарайтын топ ішінде, тергеудің қорытындысын күтейік. Мынадай нұсқалар бар: өртті біреу қолдан қойды; немқұрайлылықтың кесірінен болды немесе найзағай түсті. Сараптамалар мен іздестіру іс-шаралары жүргізілетін болады. Тергеуге екі ай уақыт берілді», - деді Ахметжанов.

Айта кетейік, Абай облысындағы орман өрті басталғаннан кейін, 10 маусым күні президент Тоқаев Бұрынғы Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинді отставкаға жіберді. Оның орнына ведомствоға жаңа басшы Сырым Шәріпханов тағайындалды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5450