4 мың қазақстандық Меккеде қажылықта жүр
Онлайн құрбан шалуға бола ма? Бұл сұраққа бас мүфтидің кеңесшісі Кенжетай Дүйсенбай жауап берді.
«Биыл елімізде құрбан шалу рәсімі офлайн және онлайн форматта өтеді. Діни басқарма ел азаматтарына, әсіресе қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2023.kz сайтын іске қосты. Барша мұсылман қауымын мүфтияттың «Раббың үшін құрбан шал» қайырымдылық акциясына үлес қосып, сауапты істерде белсенді болуға шақырамыз», - деді Кенжетай Дүйсенбай орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
ҚМДБ өкілінің мәлімдеуінше, құрбан шалу - мұсылманның парызы.
«Дәл қазір қасиетті Зул-Хижжа айында отырмыз. Бұл айда мұсылмандар құрбан шалады әрі бес парыздың бірі болған қажылығын өтейді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы қазір қасиетті Меккеде. Қажылық парызын өтеп жүрген 4 мың отандасымыздың ниеті мен дұғасы қабыл болып, елімізге аман-есен оралуын тілейміз», - дейді ол.
Abai.kz