Ресей халқы соғысты бұрынғыдай қолдамайды...
Russian Field компаниясының әлеуметтік сауалнамасының қорытындысы бойынша Ресейліктердің 35 пайызы Ресейдің Украинаға басып кіруін қателік деп санайды. Олар «егер қолда мүмкіндік болса, 2022 жылғы 24 ақпандағы Путиннің берген бұйырғыны жояр едік» депті.
The Moscow Times тәуелсіз басылымы Ресейдің басқыншылық соғысын айыптайтындар рекордтық көрсеткішке жеткенін жазады. Былтыр соғыстың алғашқы айларында Украинаға соғысты халықтың 26-28 пайызы ғана қолдамаған.
Соғысты қолдаушылар алғаш рет 50 пайыздық межеден аз болған (49%).
Сауалнамаға сәйкес, соғысқа қарсылардың жас мөлшері 18-24 жас аралығындағылар болса, соғысты қолдаушылардың орташа жасы 45 жас екен және оның көбісі ер адамдар.
Бұдан бұрын Russian Field соғысты қолдайтындар мен бейбіт келісімге келуді қолдайтындар үлесі бір-біріне шамалас болғанын жазған.
Алайда Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Украинадағы «арнайы әскери операция» мақсатына жетпей Мәскеудің бас тартпайтынын мәлімдеген.
Abai.kz