Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3407 5 пікір 29 Маусым, 2023 сағат 15:37

Көкірек көзі...

Қазақта осыған ұқсас түсінік бар... Ол көзбен көрмегенді жүрекпен сезіну деген мағынаны білдіреді.

Мұндай қасиет жан жақты ойлауға қабілетті жандарда көбірек болады...

Ондай қабілет философиялық ой мәдениетін игерген, ал, өз тілімізде айтсақ - қазақ данылығын меңгерген адамда бар.

Конфуций былай дейді: Дана адамның санасы кез келген затты, ( дүниені, құбылысты) су сияқты өзіне батыра танып біледі. Су өзіне батқан нәрсені түгелімен орайды да, оның бар қатпарына енеді (сіңеді). Сөйтіп, ол затты тұтас қамтиды да, заттың толық бейнесін ақиқатқа айналдырады.

Философтың ойы да солай әрекет етеді: ол затты жан жағынан санамен орайды. (Затты өзіне батырады). Сосын оның барлық қалтарысын ақиқатқа айналдырады.

Бұл адамның өзінің дамуы үшін, адамның өмір сүретін ортасы - қоғамның дамуы үшін өте пайдалы ойлау тәсілі.

Осы тәсілмен басқарылатын, осы тәсілмен өз жолын айқындайтын қоғамды "философиялық ойлау мәдениеті қалыптасқан қоғам" деп атауға болады...

Адамзат осы деңгейге бірден жете қоймайды.

Адамзаттың да өзінің өсу кезеңдері болады.

Оны ұлы философ Гегель "адамзаттың балалық шағы", "есею шағы", толған шығы" деп анықтаған.

Ал, Аристотель мен әл Фарабиде бұны "Интеллект туралы ілім" арқылы бейнеленген.

Онда "потенциалды интелект", "актуалды интеллект", "өзіне өзі жеткен интеллект", "әрекеттегі (әрекетшіл) интеллект" деген даму сатылары атап көрсетіледі...

Адам да, қоғам да тарих субъектісі ретінде осы сатыларды бастан өткереді.

Адамға қатысты алсақ, ол біршама түсінікті:

- Жаңа туған сәби, табиғаттан кіндігі ажырамаған тіршілік иесі. Бірақ ол адам болып туылғандықтан, оның бойында "потенциалды интеллект" бар. Яғни, бұл сөз - оның бойында әуел бастан табиғатымен бірге келетін "адам болу мүмкіндігі бар" дегенді білдіретін түсінік. Табиғи жағдайда дамыса, ол мүмкіндік іске аспай қоймайды! Бірақ, ол сәбидің бойында әзірге тек "потенциалды" күйде тұрады...

- Актуалды интеллект - адамның адами қалыпқа келуімен басталды. Ол кезде, айнала қоршаған орта ғана емес, адамның өзі актуалды құбылыс болып саналады: онда қандай қабілет бар, ол қандай өмір жолын таңдайды, қандай білімге қол жеткізеді, адамгершілік қасиеттері дұрыс па, болашағынан қателеспей ме деген мың мың сұрақтар актуалды болып тұрады... Соған сай, бұл кездегі өмір де осы актуалды сұрақтарға шешім табумен, ол мәселелерді игерумен ерекшеленеді...

- Келесі кезектегі кезең "өзіне өзі жеткен интеллект".

Оның ерекшелігі мынада: бұл адам өмір жолын айқындаған, өзінің жүрер жолын тапқан, өзін өзі жетектей алуға қабілетті, шешім шығара алушы ретінде суреттеледі...

- Одан әрі "әректешіл интеллект" тұр.

Адамдардың бұл тобы өмірді өзгерте алатын, адам мен адамзат өміріне жаңалықтар енгізетін, қоғам өмірін үнемі жетілдіретін АЗАМАТ ретінде көрініс табады..

Өкініштісі сол, жер бетіндегі адамдардың көп бөлігі бұл деңгейге жете алмай, оның не екенін біле алмай ақ өмірден өтіп кете барады...

Одан азырақ бөлігі "өзіне өзі жеткен" деңгейге де жете алмай, өмірді "актуалды интеллект" қалыбында аяқтайды.

Ал, табиғатынан ауытқыған азғана адамдар "потенциалды күйде" қалып, аяушылық туғызумен шектеледі. Ол адам үшін трагедия!

Осыған сәйкес, қоғам санасындағы дүниетнымдық деңгейлер анықталады:

1. Мифология тұнып тұрған потенциалдық мүмкіндіктер жиынтығы. Онда болашақтың елесі қиял күйінде орын алып, эклектикалық сипатта болады...

2. Діни сана формасы. Мұнда адам баласы үнемі де тек актуалды күйде қалады. Себебі, діни адам Ұлы Жаратушының жігерімен пайда болғанды қабылдаушы не тұтынушы ғана. Мұнда адам Құдай үшін тұрақты және үнемі актуалды тіршілік иесі.... Ендеше, Адам өміріне жауапты да Құдай, оның өмірі үшін бар уақытта бар мәселені шешуші де Құдай!

Құдайда "демалыс" жоқ...

3. Одан кейінгі жоғары сатыдағы Философиялық сана ғана Жаратушы Құдайды бұл "қиындықтан" құтқарады.

Себебі, философия деңгейінде адам дүниені Конфуцийдің суы сияқты танып біліп, соған сай "өзіне өзі жеткен" және "әрекетшіл интеллектіге" айналады.

Адам өмірді өзгертеді...

Бірақ ол "өзгертуші" адам да Құдай ықпалынан толық шыға алмайды.

- Егер шықса Адамның өзі Құдайға айналады.

Бұл адам үшін, адамзат үшін өте қауіпті!

Себебі, Құдай әлемі шексіз, ал Адам әлемі шектеулі!

Антогонизм осында!

...Бүгінгі Құрбан айт адамның осы шектеулі күйін мойындауы десе болады...

Бірақ, мұндағы аз ғана ерекшелікті айтпаса тағы болмайды:

- Бір халықтар оны - "Жаратушының құлымыз" деп мойындайды...

- Бір халықтар оны - "Жаратушының ұлымыз" деп мойындайды...

Қазақ деген халық бір кездері осы - екінші санаттағы халық қатарында болған еді...

Әбдірашит Бәкірұлы

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408