Сенбі, 23 Қараша 2024
1266 0 пікір 11 Шілде, 2023 сағат 18:36

Мусин интернет сапасы жайлы: «Онда радиофобтар тұрады»

Елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы интернет сапасын сынға ала келе, министр Бағдат Мусиннен мәселені қалай және қашан шешетінін сұрады.

«Біз есеп жүргізіп, нәтижесінде интернет жылдамдығы нашар 67 орынды анықтадық. Ол жерлердің тұрғындарымен де кездестік. Онда үйінің төбесіне станса орнатудан қорқатын радиофобтар тұрады. Әкімдік 60 тұрғын үй бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуге көмек көрсетті. Қазіргі таңда осының ішінде 33 үй шатырына базалық станса орнатуға келісті. Нәтижесінде оның бесуіне қажетті құрылғы орнатылды, алтауына орнатылып жатыр. Қалғаны бойынша келісімшарт дайындалу үстінде. 28 үй бойынша 3 ай бойы жұмыс істеп келеміз, олар келісім бермей отыр. Тұрғындарға стансаның денсаулыққа ешқандай зияны жоқ екенін түсіндіре алмай келеміз», - деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Оның айтуынша, заң талабына сай егер тұрғын үйінің төбесіне базалық станса орнатуға қарсылық білдірсе, онда құрылғы алынып тасталады.

Министр келтірген мәлімет бойынша жылына осындай 150 станция алынады.

«Осы мәселеден кейін заңға өзгерту енгізуді жоспарлап отырмыз. Оған сай тұрғындардың 50 пайызы станса орнатуға қарсы болса ғана оны алып тастаймыз. Ал екінші мәселе – тарифтердің төмендігі. Қолданушылар интернетте көп отырады, тиісінше ол жүйеге көп салмақ түсіреді. Мәселен, шетелдіктер қандай да бір материалды ашпас бұрын «Бұл мен үшін пайдалы ма, жоқ па?» деп ойланады. Өйткені, оны қараса, көп мегабайты кетеді», - деп түсіндірді Бағдат Мусин.

Министрден кейін аталған сауалға жауап берген елорда әкімі Жеңіс Қасымбек интернет сапасына қатысты мәселе қазан айына дейін 60-70% шешіледі деп сендірді.

«Негізінен осындай орындардағы тұрғындардың 90 пайызы келісімін береді. Тек 3-5 адамның қарсылығы қолбайлау болып отыр. Тиісінше станция орнатуға рұқсат беруге ниетті адамдар осындай тұрғындардың кесірінен бұл мәселеге тап болып жатыр», - деп мәлім етті Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек.

Еске салайық, бүгін елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бас шаһардағы интернет сапасын сынға алған еді.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377