Сенбі, 23 Қараша 2024
Қайнайды қаның... 2441 11 пікір 12 Шілде, 2023 сағат 15:05

Бесеудің соты: Қазақ қоғамының наразылығы...

Сурет: әлеуметтік желіден

Қаңтар оқиғалары кезінде Алматы әуежайын басып алды деген айыппен 5 адам 4-8 жылға сотталды. Үкімді Алматының Наурызбай аудандық соты шығарды.

Сот айыпталушыларды кінәлі деп танып, журналист Әйгерім Тілеужанды 4 жылға бас бостандығынан айырды.

Қалас Нұрпейісов, Нұрлан Дәлібаев, Ермұхамет Шілібаев пен Жанайдар Кәрменов 8 жылға сотталды.

Тілеужанова мен Нұрпейісов жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды (ҚР ҚК 272-бабының 1-бөлігі) деп айыпталса, Дәлібаев, Шілібаев және Кәрменов әуежайдың стратегиялық объектілері мен «КазАэроНавигация» РМК шабуыл жасау және басып алу кезінде зорлық-зомбылық, өртеу, мүлікті қирату және жоюмен қатар жүрген жаппай тәртіпсіздікке (ҚР ҚК 272-бабының 2-бөлігі) қатысты деген күдікке ілінді.

Сот залына жиналған көпшілік, айыпталушыларға берілген жазаның әділетсіз екенін айтып жатты.

Әлеуметтік желіде де әуежайды басып алды деп сотталғандардың жазасы шектен шыққан қаталдық екенін жазып жатқандар көп. Соның бірсыпырасын назарларыңызға ұсынайық.

Әміржан Қосан, саясаткер: Президент бейбіт "қаңтаршыларға" рақымшылық жасайды деп сенемін!

«2011 жылғы Жаңаөзен трагедиясы кезінде мұнайшыларға араша түскен азамат, журналист, саясаткер ретінде қанды Қаңтарға байланысты сотталған барша бейбіт азаматтарға қатысты соттардың айыптау шешімдеріне қарсылығымды білдіремін!

Нағыз террорист, нағыз бүлікшіл, әуежайды ғана емес, бас билікті басып алғысы келгендер – басқалар! Олардың біразының аты аталмай жатыр!

Қаңтар кезінде қан төгілгені рас. Нағыз террористер мен өз халқына қарсы оқ атқандар жазалансын!

Қанды Қаңтардың сценарийшілері мен режиссерлары қайда?! Мықты болса, сот соларды жауапқа тартсын!

Меніңше, Қаңтар тұсында президентке бұрмаланған ақпарат берген репрессиялық машинаның қызметі әлі де толастамай тұр! Соны тоқтататын уақыт келді!

Қарапайым азаматтар мемлекетке, оның тұрақтылығына қауіп төндіріп тұр дегенге сенбеймін: мемлекет қаупі - өз ішінде!

Сондықтан да азаматтардың осыншама қатал жаза алуы түсініксіз. Тіпті, белгілі бір заң бұзушылыққа жол бергеннің өзінде жаза дәл осындай қатал болмауы керек еді.

Керісінше, осындай, біржақты, саяси реңкі бар, халықтың ашу-ызасын тудыратын сот шешімдері елдің президентке деген, оның Жаңа Қазақстан құру бастамасына деген сеніміне көлеңке түсіреді деп санаймын.

2019 жылғы президент сайлауына қатысқан үміткер ретінде осы жолы президент Тоқаев өзінің конституциялық құқын пайдаланып, Қаңтар кезінде бейбіт шеруге қатысқан барша сотталғандарға рақымшылық жасайды деп сенемін!

Қоғам мен президент арасының одан сайын ашылып кету қаупіне жол бермейтін бірден-бір қадам осы болуы керек!»

Ермұрат Бапи, Мәжіліс депутаты:

«Иә, жалғыз қыз аэропортты басып алуды ұйымдастырды деген естіген құлақтан ұят. Бірақ қаңтар жазалаушылары телеграф бағанын қылмыске қылып шығарса, аң-таң бола алмайтын күлкілі жағдайға жеттік.

Мен Әйгерім қарындасымды біраздан бері білемін, таза азаматтық ұстанымның адамы! Тұла бойында бөтен ой жоқ, елдің өзгеруіне тәнті жастардың бірі.

Айгерім абақтыда отырғанда да, үйқамақта да хабарласып тұрдым. Ал енді сотты боп, қамалып кетер болса, әрине депутаттық пәрменмен араша түсеміз. Өкінішке қарай каникулға шыққан күннен бері мертігіп қалып, үйден шыға алмай отырмын. Қолдау көрсетудің қамымен сотқа қатысу керек еді... Амал жоқ!»

Мұхтар Түменбай, журналист:

«Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевты соттағанда да, белгілі журналист Арман Шораевты да қамауға алғанда да айтқанмын. Тағы да қайталап айтамын. Журналисттерді қудалағаннан, соттағаннан, қамағаннан билік еш опа таппайды Керісінше, соңғы абыройларынан айрылып тынады. Соны ұқпаса, демек билікте өз–өзін сақтау инстинктінің болмағаны».

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417