Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 7996 11 пікір 24 Шілде, 2023 сағат 12:07

Қазақстандағы Ресейлік әскер қара архелогқа айнала бастады

Қазір бәріміз құлақ түретін оқиға орыс-украин соғысы. Бірақ бұл соғыс Қырымдағы Ресей Қара теңіз флотынан басталғанын ескере бермейміз.

Орта Азияда Ресей әскері қырғыз, тәжік және қазақ жерінде орналасқан. Қазақстанда Ресейліктердің Байқоңырды есепке алмағанда, одан бөлек үш бірдей әскери базасы бар. Олардың алып жатқан аумағы Украинаның Киев, Жотомир және Волын облыстарын қоса алған көлемде.

Еліміздегі осы үш аймақта орналасқан Ресей әскерилерінің не істеп, не қойып жатқаны ешкім білмейді. Бірақ соңғы кезде қазақ жеріндегі Ресейлік әскерилер қара архелогқа айнала бастағаны Абай облысы бойынша қылаң бере бастады.

«Хабар 24» арнасының тілшісі  Азамат Қасымның ФБ жазбасында: «Мына фотодағы жәдігерлерді алтын іздеушілер Дегелең тауы (Курчатов) жақтан қазып алып, «музейге тапсырмаймыз, сатамыз» деп бермей отырған көрінеді.

Олар делдалдар арқылы археолог Айдын Жунисханов ағамызға хабарласқан көрінеді. Бұл жағдайда не істеуге болады, не айтасыздар», - деген жазба пайда болып, Шығыс аймақтағы жұрт арасында қызу талқыға түсті.

Сонда қарпайым қазақ түгіл, құзырлы мекеме қызметкерлері де кіре алмайтын Ресей әскер базалары аумағында не болып, не қойып жатқанын ешкім білмейді. Сонда тарихи жәдігерлерімізді тонап жатқан әскерлерге кім тосқауыл қояды деген ой шығыстағы ағайындарды толғандыра бастады.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385