Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3939 0 пікір 24 Маусым, 2013 сағат 06:34

Бекқожа Жылқыбекұлы: "Көк туды желбіреткен дарын иесі"

Әнші, сазгер, әрі ақындығымен елге танылған, өнердің сан қыры мен сырын бойына сіңірген, ұлтжанды азамат Ермұрат Зейіпханның қайтыс болғанына да 21 маусым күні екі жылдың жүзі болды. 2011 жылы маусымның 24 жұлдызында оның жамбасы жерге тиген еді. Осыған орай Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, филология ғылымының кандидаты, Ерекеңнің досы Бекқожа Жылқыбекұлымен болған осы бір шағын сұхбатты сіздерге жіберіп отырмын.

 

-   Беке, әнші, сазгер әрі ақын досыңыз Ермұрат Зейіпханның қайтыс болғанына да екі  жылдың жүзі болыпты. Сол досыңыз жөнінде қандай сезімде жүрсіз?

Ерекең еске түссе, қатты құлазып кетемін. Өйткені екеуміз кездескен сайын әдебиет, өнер, өмір жайлы көп сырласушы едік. Ол тіршілігінің соңғы кезеңінде өлең жасампаздығына қатты ден қойып жүрді. «Үш бурыл» атты жинағында мықты өлеңдердің бар екендігін құлаққағыс еткен болатын.

Көзі тірісінде Ерекең өз бағасын ала алды ма?

Әнші, сазгер, әрі ақындығымен елге танылған, өнердің сан қыры мен сырын бойына сіңірген, ұлтжанды азамат Ермұрат Зейіпханның қайтыс болғанына да 21 маусым күні екі жылдың жүзі болды. 2011 жылы маусымның 24 жұлдызында оның жамбасы жерге тиген еді. Осыған орай Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, филология ғылымының кандидаты, Ерекеңнің досы Бекқожа Жылқыбекұлымен болған осы бір шағын сұхбатты сіздерге жіберіп отырмын.

 

-   Беке, әнші, сазгер әрі ақын досыңыз Ермұрат Зейіпханның қайтыс болғанына да екі  жылдың жүзі болыпты. Сол досыңыз жөнінде қандай сезімде жүрсіз?

Ерекең еске түссе, қатты құлазып кетемін. Өйткені екеуміз кездескен сайын әдебиет, өнер, өмір жайлы көп сырласушы едік. Ол тіршілігінің соңғы кезеңінде өлең жасампаздығына қатты ден қойып жүрді. «Үш бурыл» атты жинағында мықты өлеңдердің бар екендігін құлаққағыс еткен болатын.

Көзі тірісінде Ерекең өз бағасын ала алды ма?

Жоқ, «Жайлауым - әнім» дейтін әні оның тұңғыш әні еді. Ол ән қытай қазақтары арасында кең таралды. Кейбіреулер оны халық әні деп жүрді. Тіпті, бұл әнді Ермұрат Зейіпханұлы екеуміз 1996 жылы күзде бір реткі Түркістан қаласына барған сапарымызда сондағы қытайдан келіп қазақ-түрік университетінде оқып жатқан Әбілқайыр, Әбілбашар деген студеттердің осы әнді Ерекең орындаған кезде, «Бұл халық әнін біз өте жақсы көреміз» деп қабылдағанда, таң қалғаным бар.

«Көк тудың  желбірегені» әні Ерекеңнің бағын ашқан шығар?

-  Бағын ашуында ашты. Өкініштісі, ол о дүниеге кеткен соң ғана көгілдір сандықтан түспей келеді. Майра Мұхаммедқызы, Тілеубек Қожанұлы, Құрманбек пен Ризаның орындауында бұл ән табысты орындалып жүрді. Алайда, осындай бір отаншыл, асқақ, әдемі әнді оның көзі тірісінде ешбір ақпарат құралы дәріптеген жоқ. Жақсы ән екенін сезінсе де, оған көз жұма қарады. Көре алмаушылық пен шынайы өнерді бағалай білмеу ауыруы өршіп тұрған өтпелі кезеңде өмір сүрді ғой, Ерекең!

-   Ерекең әндеріне бейне баян түсірмеді ме?

-  Марқұм Ерекең өзін өзі дәріптеуге жаны қас, өр мінезді, бірбеткей, көзқарасқа адал, бекзат жан еді. Жалпақтау мен жалтақтауды мүлде білмейтін. Ағайын-достарының «Шығармашылық кешіңді өткізейік, кітабыңды шығарып берейік» - деп жүріп, өткізілген шығармашылық кештері мен шыққан кітаптары қазір елдің жадында қалды.

- Ермұрат Зейіпханұлының басқа қандай қырларын зерделеу керек деп ойлайсыз?

-  Оның 117 беттен тұратын тұңғыш жинағы «Сыбызғы сарыны» атты әңгіме, повестер жинағына енген  «Шанхай көшесіндегі Данко» секілді ұлттық намысты ту еткен әдемі әңгімелерін оқып отырып, оны көрнекті жазушы дегің келеді. Ал «Өзіңе арнаймын» (2002), «Үшбурыл» (2010), «Бұ дүние» (2010) қатарлы өлеңдер жинағымен танысар болсаңыз, оның ақындығына тәнті боласыз.  «Жайлауым - әнім», «Көк тудың  желбірегені» қатарлы әндерін тыңдаудың өзі бір бақыт. Оған оның әншілігі мен әртістік шеберлігін қосыңыз. Сондықтан оны «сегіз қырлы, бір сырлы» өнер иесі немесе осы заманның нағыз сал-серісі демеуге ешқандай негіз қалмайды. Мен ең алдымен оның ешкімді қайталамайтын сазгерлік қырын баса айтар едім.

Өзіңіз ақын болғандықтан, ол кісімен шығармашылық байланыста болған шығарсыз?

-  Әрине, жазған ән сөздерімді Ерекеңе көрсететінмін. Алайда, Ерекең өлеңдеріне өте талғампаздықпен қарайтын. Мына ән сөзіме әуен жазшы деп өтініп көрмеппін. Кей ән сөдерімді алып қалатын да, аяқсыз кететін. Сонда барып, е, Ерекеңе ұнамаған екен ғой деп іштей сезінетінмін. 1996 жылдың күзгі күндерінің бірінде Ерекеңнің жатағына барсам, көңіл-күйі тұнжырап, еш нәрсеге зауқы соқпай отыр екен.  Мені көріп қатты қуанып кетті де, Үкілай деген айдай ару қызға қатты ғашық болып жүргендігін айтып, біраз сырластық. Сол күні кеште жатағыма барып, «Үкілай мұң» деген ән сөзін жазып, ертесі кеште қолына ұстаттым. Оны оқып шықты да, о, деп күй сандыққа отыра қалып, қазір қазақ радиосынан үнемі беріліп жүрген «Үкілай мұң» әнін қолма-қол, табан астында шырқай жөнелді. Сөйтіп сол күні Тілеубек Қожанұлы Ұпадағы ән сайысынан жүлделі оралып, тойды тойға жалғап, таңға сол бір әннің қуанышын тойлап, сырласып  отырған едік. Кейін мен Қытайға барып, 1997-2000 жылдар аралығында Қытайда «мырза қамақта» жатқан кезімде жазылған «Қызый ана» деген ән сөзімді інім Нақыптан Ерекеңе сәлемдеме ретінде беріп жібердім. Кейін оған әуен жазғандығына сүйінші сұрап, Ерекең біреулерден сәлем айтып жіберіпті. Бұл ән қазір «Классик» тобының орындауында тыңдармандардың жақсы бағасын алып жүр.

Ерекеңмен ең алғаш қалай танысқан едіңіз?

-  1980 жылдардың соңғы жылдарының бірі болар. Іле пединститутында жұмыс істеп жүрген кезімде бір күні кеште Мәтқабыл Мұқамедкерім деген қызметтесім үйіне шақырды. Барсам, әнші Тоқтаубай Әлімқұлұлы бар екен. Қасында көзі  жайнап, өзіміз күнделікті көгілдір сандықтан көріп жүретін хабар оқығыш, бала жігіт әңгімемізге араласпай, әңгіме тыңдап қана отырды. Ол кезде Ерекең Іле қазақ облыстық телевидения мекемесінде диктор болып жұмыс істейтін. Біраздан соң рұқсат болса мен бір өлең оқып берейін деп өтінді. Сенен жақсы ақын шығады, өлең жазуды жалғастыра бер деп, өлең жазу туралы біраз дәріс оқыған болдым. Содан бастап бір-бірімізді көрген жерде өлең жайлы әңгімелесе кететін болдық. Марқұм, кейінгі кездері асып-тасып, шабыттанған кейбір сәттерінде сіздің сол жолғы «сенен жақсы ақын шығады» деген сөзіңіз менің ақын болуыма ерекше әсер етті деп үнемі айтып жүруші еді.

-   Ерекеңнен қалған мұраларды қалай жүйелеу керек деп ойлайсыз?

-   Ең алдымен Ерекеңнің таңдамалы шығармалар жинағын шығару керек. Сонымен бірге сазгерлік туындыларын сарапқа салып, таңдамалы әндерін жүйелейтін бір мықты сазгердің болуы өте қажет болып тұр. Жалпы Ермұрат Зейіпханұлының шығармалары зерттеп зерделеуге сұранып тұрғандығы белгілі. Өйткені, ол нағыз өнер иесі еді. Сондықтан Ермұраттануды қолға алумен бірге оның шығармашылық кештерін жыл сайын өткізіп тұру артық болмас еді.

Ерекеңнің жұмбақ өлімі туралы ойыңыз қандай?

-  Көрнекті адамдардың тағдыры мен тағылымы, тұрмыс тіршілігі мен сезімдік әлемі аңызға толы болатындығы белгілі ғой. Оның өмірі мен көңіл-күйі қайшылыққа толы болды. Отбасынан тартып, мемлекет аралық қатынастарда оның өнер жолындағы жанкештілігі таяз ойлы тар шеңбер көзқарастың бұғауына сыймады.  Сондықтан, оның шығармашылығы, өмірі мен өлімі туралы аңыз «Көк тудың желбірегені» әні сияқты ел аузында мәңгілік айтыла бермек. Сонымен бірге біз Ермұрат Зейіпханұлының тағдыры жалпы оралмандардың тағдырының типтік көрінісі екендігін айқын сезінуіміз керек. Осы тұрғыдан алып қарағанда ол атамекенін аңсап жеткен алаш азаматы болып шығады. Міне, дәл осындай Ерекең сияқты алаштың атпал азаматын кейіпкер ете отырып, еліміз егемендік алған күннен бергі оралмандардың көші-қон мәселесіндегі күрмеуі қиын күрделі түйіндерді көрнектілендіретін бір көркем фильм түсіруге әбден болады. Ендігі кезекте көркем фильм сценарийін жазып, жарысқа түсетін белсенді әдебиетші-қаламгерлер арамыздан шығар болса, оның режиссерлығын мойнына алуға Ерекең өзі дарынына ерекше таң қалып, өлең арнаған Жанар Сағатқызы дап-дайын деп ойлаймын.

Сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан Қабиден Қуанышбайұлы,  Еуразия ұлттық университетінің журналистика мамандығының  магистранты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5270