Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 2054 2 пікір 31 Шілде, 2023 сағат 15:57

Елге қайтқан активтерді кім басқарады?

Үкімет қайтарылған активтерді басқаратын жауапкершілігі шектеулі серіктестік құрамақшы. Бұл Ашық НҚА порталында жарияланды.

«Жарғылық капиталында мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен «Қайтарылған активтерді басқару жөніндегі компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылсын», – делінген қаулы жобасында.

ЖШС-нің негізгі мақсаттары «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында, нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен қайтарылған активтерді басқару, сақталуын қамтамасыз ету, өткізу болмақ.

Серіктестіктің жарғылық капиталы осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің теңгеріміндегі мүлікті беру жолымен қалыптастырылсын, – делінген ақпаратта.

Жобаға республикалық бюджеттен қаржы бөлінбейді.

Жаңадан құрылатын ЖШС өз алдына мынадай міндеттер қоймақ: мемлекетке қайтарылған активтерді оның атынан меншігіне қабылдау, мемлекет кірісіне айналдырылған активтердің сақталуын және ұсталуын қамтамасыз ету, активтерге билік ету, активтерді өткізуден түскен қаражатты Арнаулы мемлекеттік қорға аударуды қамтамасыз ету.

Қосымшаға сәйкес, жаңа компанияның жарғылық капиталына республикалық мүлікті үш жүйелік блок және үш монитор түрінде беру жоспарлануда.

Еске салсақ, 12 шілдеде «Заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» заңға және қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген болатын.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1518
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3300
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5897