Сенбі, 23 Қараша 2024
Қайнайды қаның... 3053 7 пікір 16 Тамыз, 2023 сағат 13:59

Путин қазақ уранын қалай сатып алды?

Ресейдің агро және тау-кен бизнесі және басқа саладағы іскер топтары АҚШ пен Батыс назарынан тыс қалған елдердің экономикалық ішкі саясатына араласа бастады.

Африканы азық-түлікпен қарық қылған Путиндік Ресей орыс барлауы жиған компроматтарды іске қосып, тіпті, өзін блоктарға қосылмаймыз деп жариялаған Түркіменстанның өзін тәубесіне келтіре алды.

Ірі мемлекеттік лауазымды иеленген ОА шенділері Ресей ығына жығыла бастауы жақсылық емес. Жәкішев кезінде дәурені жүрген қазақ атомы мен ураны Назарбаевтың орынсыз осы саладағы істерінен кейін «Буденовское» кенішінің 49 пайызы иелік ететін Степногорск тау-химия комбинатын (СТХК) Яков Клебанов пен Василий Анисимовтың қанжығасында кеткен болатын. Клебановтар Кәрім Мәсімовтың көмегімен кезінде осы комбинатты түкке тұрғысыз баға алған болатын. Енді 1,5 миллиард долларға сатып, халықтың ырыздығын аузынан жырып отыр.

«Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачев Ресей Президентімен кездесуінде осы кәсіпорынды сатып алғанын мәлімдеді. Осы қадамнан кейін Ресей уран қоры бойынша екінші орынға шыққанын және ядролық отын цикліндегі қайта бөлу бойынша үштікке кіре алды. Тек одан қазаққа орын жоқ.

Биыл наурыз айында алғашқы 50 тонна уран өндірген кеніштің қолды болуына Путин тікелей араласты деген сыбыс тарады. 50 пайыз акцияға ие Қазатомпром құны 1,6 миллиард доллар тұратын келісімнен қалайша тыс қалған деген ойға қалып отыр қазақ қоғамы. Ел ішіндегі көзі ашық жандар осы сауалға депутаттар жауап береді деген сенімде.

Ресей санкциядан құтылатын жолдың бірі уран өндіру деп тауып, осы қадамға барып отыр. Олардың арам ойлары жүзеге асса, олар өздері жасаған осы бір стратегиялық жүрістен кейін, 2-3 жыл айналасында қазақ жеріндегі уран өндірісі бойынша Ресей Қазатомпроммен теңеседі, ал 5-7 жылда, егер басқа ойыншылардың үлесін астыртын сатып ала бастаса, тіпті бізден артық өндіре бастауы ықтимал.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475