Сенбі, 23 Қараша 2024
Жазылған жайдың жалғасы... 5738 24 пікір 17 Тамыз, 2023 сағат 14:59

«Абай, қалай ақын, ойшыл болды екен?!» деген не сөз?

«...Абай, қалай ұлы ақын, ойшыл болды екен?!» деген не сөз?

Абай тақырыбына тағы да мақала жазам деген ой жоқ еді, Ж.Әкімнің Abai.kz сайтына 16.08.2023 күнгі санында «Өмірзақ Ақжігітке жауап: Мәселе Абайда емес...» деген посты басылды.

Онда бір алып бара жатқан соны ой, жаңа дәлел жоқ, оның орнына Ж.Әкім жауабын біздің жазғанымызды «...негізсіз мадақтаулары мазаққа жақын, базар әңгімесінен аспаған сандырақтарға толы» деп бағалапты. Қазақ бұндайда «көкек өз атын өзі шақырады» десе, орыстар «сваливать с больной головы на здоровую» дейді. Ары қарай атышулы З.Батаеваның, А.Омаров 23.07. 2020 ж. «Абай болмаған» деген не сұмдық?» деген мақаласында «бастан-аяқ  сандырақ» деп атаған сұрақтарын қайталап қойыпты, яғни, Абай Құнанбаев деген адам және ақын шынымен өмірде болған болса:

- «Дала уәлаяты» газетінде Абайдың өлеңдері неге басылмаған?

- Абай Семейдің кітапханасында неге тіркелмеген?!

- Абайдың үйінде айлап қонып жатты деген Михаэлис, Долгополовтар күнделіктерінде ол туралы неге ештеңе жазбаған?!

- Абай туралы жазды деп жүрген А.Янушкевичтің Қазақстан мен Польшада шыққан деректері неге өзгеше, т.б. сұрақтарға жауап беру керек?!» дейді.

«Тағы басқа» деп Жанұзақ З.Батаеваның «Абай» деген ақын болмаған, ол Әлихан Бөкейхановтың ойдан шығарған «жобасы»», «Абай мен Әлихан – бір адам, «Абайдың» өлеңдерін Әлихан жазған», «досының өлеңдері екенін А.Байтұрсынов білген болуы керек», «шіркеу мектебінде үш ай ғана білім алған ХІХ-ғасырдағы көшпендіден ондай аудармашы шығуы мүмкін емес, оны істеген Бөкейханов пен оның жас екі әріптесі болуы ықтимал», «Қара сөзді» алашшылар, о.і. Ж.Аймауытов пен М.Дулатов жазған болуы керек» деген тәріздес, ешқандай мойын бұлтартпас дерексіз (фактісіз) және дәйексіз болжамдарын айтып отырғаны түсінікті. Түсініксізі, мен өзім білімді жігіт санап жүрген азаматтың жасаған қорытындысы, түйіні: «Ұлттық академияның президенті, ғылым докторы Д. Қонаев, «26 жыл ел басқарғанда зерттеп, саралап, ізденетін ғалымдық қасиеттен айырылдым» дейді. Болыс-би болып барымта, дау, параның ортасында жүрген Абай, содан кейін қалай ұлы ақын, ойшыл болды екен?!»

Яғни, Жанұзақтың пайымынша, ел билеген бір адам ғалымдық қасиетінен айрылса, билікте болған басқаның бәрі де сондай болуы тиіс екен-дағы, ойшыл болуы мүмкін емес екен!

Не деген болаттай берік қисын («железная» логика)? Дұрыс ой түйе алмаса, адамға кітапты көп оқығаннан пайда жоқ екен ғой, аз болса да классиктерді (латынша – үлгілі) оқу керек дейтіні содан екен ғой...

Қой, мен Жанұзақты бұдан әрмен оқи беретін болсам, өзі айтқандай нақұрыстанып кетуім мүмкін екен, не көрсем де өзімнің, қазағымның, адамзаттың Абайымен бірге көрейін, соны қайталап оқи берейін...

Өмірзақ Ақжігіт

Abai.kz

24 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407