Сенбі, 23 Қараша 2024
Алашорда 4859 3 пікір 1 Қыркүйек, 2023 сағат 14:07

Тіл жанашыры – Нәзір Төреқұлов

Өткен ғасырдың басында қазақ сахарасынан шыққан сауатты да саңлақ тұлғалардың өмірі мен қызметі бүгінгі өскелең ұрпақ үшін үлгі-өнеге ғана емес, тұтастай бір тәрбие мектебі.

Халқымыздың әлемдік өркениетке есік ашуына жол нұсқаған осындай біртуар азаматтардың шоғырында айтулы мемлекет және қоғам қайраткері,қазақтан шыққан тұңғыш дипломат Нәзір Төреқұловтың орны ерекше. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін қазақ жеріндегі барлық мекемелерде іс-жүргізу процесі орыс тілінде жүргізілетін. Сонау 1920 жылдары Нәзір Төреқұлов білім беру мекемелерінде әрбір мемлекеттің жастары өз ана тілдерінде оқытылуын әділетті түрде талап еткен.

Нәзір Төреқұлов 1921 жылы өткен Түркістан Республикасының Х съезінде оқыған қорытынды баяндамасында: «Оқыту саласында түркі тілдес жастар үшін аз жағдай жасалған. Әр түрлі курстарда оларға өздеріне беймәлім тілде сабақ беріліп, барлық түркі жастары түрлі қиындықтарды бастан өткеруде» дей келіп, «Жергілікті халықтың тұрмыс ерекшеліктері мен тіліне жақындау мақсатында Кеңес үкіметі не істеді?» деп сұрақ қояды. Бұл өткір мәселеге оның өзінің берген жауабы да назар аударарлықтай: «Осы салада әлі де жұмыс жасалмағанын айта кету керек. Жергілікті халықтың жағдайына қарап барлық шаралар олардың өздерінің мемлекеттік тілдерінде жүргізілуі тиіс. Әрбір диқан, әрбір еңбекқор шаруа Кеңес үкіметінің қамқорлығын сезінуі керек» деп қорытындылайды.

Тарихтан белгілі бүкіл кеңестік дәуірде Қазақстан аумағында қазақ тілі шын мәнісінде мемлекеттік тіл ретінде қалыптаса алмады. Тек Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ғана көптеген қиындықтарға қарамастан мемлекеттік тіл ретінде қолданысқа енді. Сөйтіп тіл мәселесін шешу үшін 1997 жылы 11 шілдеде қабылданған «Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы» мемлекеттік тілдің бекітілуіне күшті серпін берді. Осы заң Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі, ұлтаралық тілі орыс тілі және тағы басқа тілдердің ережелері мен заңдастықтарын растайтын және реттейтін нормалар жиынтығы болып бекітілді.

Жалпы, осылайша 1920 жылдардағы қазақ интеллигенциясы мен Нәзір Төреқұловтың тіл жөніндегі армандаған мақсаттары орындалды.

Бағлан Ташимов

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5529