Сенбі, 23 Қараша 2024
Әдебиет 4739 73 пікір 11 Қыркүйек, 2023 сағат 12:27

Орыс әдебиетінің Қаракөз ханымсыз да жоқтаушысы жетіп артылады!

Қазір орыстардың белі мен сағын сындырған Украина ойранынан кейін ОА мен ТМД әлемінде қалыптасқан таным-түсініктерге өзгерістер ене бастады. Сондай өзгерістің бірін Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов ұсынды. Екеуара айтыстан парламенттегі тартысқа ауысқан Ринат Зайытов сайлаушылары алдында ұпай жинау мақсатында ма, әлде өзінің азаматтық позициясы ма, кім білсін «мектептердегі орыс әдебиетінің орнына әлем әдебиетін оқытайық» деген пікірін жұрт алдына жайып салды.

Мағжаншаласақ, бұны тоқсанның тобы құптап, қалған оны өре түрегелді. Сол өре түрегелген ондардың бірі тележүргізуші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Қаракөз Сүлейменова болды.

Қаракөз ханымының сөзіне кезек берейік.

«Ең бірінші, орыс әдебиетінің сағат саны қазақ әдебиетінен көп болмау керек. Ол дұрыс. Бірақ оны кеңестік кезеңде емеспіз деп алып тастауға келіспеймін. Бізде қазір шетел әдебиетін ағылшын тілінде екінің бірі оқи алмайды. Ал шетел әдебиеті қазақ тіліне аударылып біткенше әлі жылдар керек. Бұл ұзақ үрдіс. Екіншіден, қазақта Абайдан ұлы кем шығар. Абайдың өзі орыс әдебиетін жоғары бағалап, қазақ әдебиетінің дамуына сол арқылы үлкен жаңалықтар әкелген.  Пушкиннен реализм әдісін қазақшаласа, Крыловтың мысалдарындағы сатиралық жанрды қазақы болмыста бейімдеді.  Сондай-ақ Абайдың Лермонтовты ерекше сүйіп, өлеңдерін көп аударғанын бәріміз білеміз», - дейді Қаракөз Сүлейменова. Бұны qaz365.kz сайты жазды.

Бұл жерде Қаракөз әпкеміз қазіргі қазақ тілді жастардың шетел жазушылары мен әдебиетін түпнұсқадан оқи бастағандығын ескермеуін немен түсіндіреміз. Және ЖОО баклаврлар мен магистрлер шетел әдебиетінің классиктерінен диплом жұмыстарын қорғап жатқанын ескеруге тиіспіз. Хош, әпкеміздің келелі ойын ары қарай жалғастырайық:

«Жалпы, өнер тілге, ұлтқа бөлінбеуі керек. Дүниенің қай жерінде болса да өнер, әдебиет оқырманды ізгілікке шақырады. Санасын оятып, жаңа сатыға көтереді.  Ұлттық сана, ұлттық рух бір елдің әдебиетін жоғалтқанмен көтерілмейді. Бұл жерде ұлттық тәрбие деген терең мәселе жатыр. Біздегі идеологиялық жұмыстардың әлсіздігі бар. Ең бастысы, халықтың экономикалық, әлеуметтік қауіпсіздігі шешілмеген. Мінберде отырған депутаттарға әдебиеттен де күрделі мәселелер жетеді деп ойлаймын», - дейді телеханым.

Әлем әдебиетін ұлтқа танытудың тележобалары жасап, сол арқылы да насихаттауға болатынын бұл кісі неге ескермейді? Жақсы, орыс әдебиетінің жоқтаушысы, Ринат сияқты орыс әдебиеті билігінің көрін қазушыға қатысты тағы бір ойының сұлбасын былайша жеткізді:

«Неліктен, Еуропа елдерінде волонтерлікпен, мәдениетпен көп айналысады. Адамның тұрмыстық қажеттіліктері өтелгенде, біздегідей кредитке тамақ ішпегенде, кітап оқуға да ниеттері ауады. Қазақтың тілі, ділі, дәстүрі отбасындағы тәрбиеден басталып, ары қарай қоғамда жалғасын табу керек. Біз ұлттық тәрбие түсінігіне, өкінішке қарай, әлі де терең қарай алмай жатырмыз», - дейді Қаракөз Сүлейменова.

Қаракөз Сүлейменова - атақты әдебиет сыншысы Асқар Сүлейменовтің қызы, актер Досхан Жолжақсыновтың жұбайы бола тұра қайыны болып табылатын Ринат Зайытов мектептерде орыс әдебиетінің орнына әлем әдебиетін оқыту керек деген ұсынысына қарсы шыққаны сасқан үйректің артымен жүзгені сияқты тірлікті еске салады екен.

Abai.kz

73 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1486
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5515