Жұма, 11 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3690 0 пікір 10 Шілде, 2013 сағат 11:17

Біржан ауылындағы қоныс тойы

Біржан ауылында үлкен қуаныш. Заманауи талғаммен қайтадан қалпына келтірілген алты пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Жаңа пәтерлердің кілттері ең бірінші кезекте «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы арқылы Біржанға келіп, қызмет жолын бастаған жас маманға, ауыл мәдениетін дамытуға үлесін қосып жүрген кітапхана қызметкеріне, тәжірибелі мұғалімге, сондай-ақ әкімшілік маманына табыс етілді.

Амангелді атындағы орта мектептің іргесінен бой көтерген тұрғын үйдің құрылысына аудандық бюджеттен 18,1 миллион теңге қаражат бөлінген. Биылғы наурыздан бастап іске кіріскен мердігер мекеме «Өскемен құрылыс» ЖШС бөлінген қаржыны толық игеріп, төрт айдың ішінде шаруаны тас-түйін қылған.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1062
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2611
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 741
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 704