Жексенбі, 24 Қараша 2024
1328 0 пікір 25 Қыркүйек, 2023 сағат 12:30

Бүгін Азия ойындарында 38 медаль сарапқа салынады

Қытайдың Ханчжоу қаласында XIX Азия ойындарының жарысы жалғасып жатыр: бүгін спорттың 11 түрі бойынша 38 медаль сарапқа салынады.

Бүгін спорттық гимнастика, крикет, велоспорт, семсерлесу, садақ ату, ескек есу, скейтбординг, дзюдо, жүзу, таэквондо мен ушу бойынша финал ойындары өтеді.

Қазір Азия ойындарында 20 алтын медаль олжалап үлгерген ҚХР көш бастап тұр. Екінші орында – Оңтүстік Корея командасы болса, үшінші сатыда Жапония тұр. Қазақстан әзірге 10-орында тұр.

23 қыркүйек пен 8 қазан аралығында Ханчжоуда өтетін XIX Азия ойындарында спорттың 61 түрі бойынша 481 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан құрамасы спорттың 30 түрі бойынша жүлдеге таласады.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3260
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5576