Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2712 0 пікір 8 Тамыз, 2013 сағат 07:16

Сырым Дат. Кедендік одаққа кірмеген ел Ресейдің «қорасына» кіреді

Путиннің Украинға сапарынан соң келесі күні «Роспотребнадзор» басшысы Геннадий Онищенко украиналық әйгілі «Рошен» корпорациясының тәтті бұйымдарынан адам ағзасына қатерлі уыт таба қойып, оның Ресейде сатылуына тыйым саларлық шешім шығарғаны жаһанжелідегі ең сөзуар тақырыпқа айналуда. Әрине, қарапайым халық бұрынғыдай қараңғы емес - әр нәрсені талдап, батыл уәж айтарлық Жаратқанның «электрон қауымы» жаратылғалы бұрынғыдай манипуляциямен сананы сансырату мүмкін болмай қалды.

 Жалпы, бұл қылық Ресей тарапынан мінезге айналған тауарлық  қару болғалы біраз жылды қамтыды. Батысты аяғына жығу үшін газ шайқасы Ресей үшін атом бомбасынан кеме емес құрал. Ішінара өз базарын қорғаған болып, саяси мәселелерді ілік етіп өз пайдасына жарату ресейлік сыртқы саясаттың сылынбайтын бір саласына айналды.

Гүрзілердің белгілі «Боржоми» суына деген тыйым да осы санаттағы шайқастардың бірі болатын. Бірақ Ресей өз мүддесіне келгенде төрттағандап тұрып алатын есектің кейпін кие қояды. Кеден одақтасы Қазақстандағы сүт мәселесімен осы жағдайда текетірес болып жатыр.Біздегі сүт пен ұнтақтан жасалатын сүт айырмасы болса, ол Ресей үшін болмай отыр және бізді өз дегеніне көндіргісі келеді.

«Рошенге» оралайық. Бұл тәтті бұйымы  Ресейге, Өзбекстанға, Қазақстан мен Қырғызстанға, Әзербайжан мен Арменияға, Молдавия, Эстония, Латвия, Литва, АҚШ-қа, Канада мен Алманияға, Израилге тағы басқа әлемдік базар субъектілеріне шығарылады. Бұлардың барлығы да Ресейдің тыйымынан соң жапатармағай тексеріске көшуге мәжбүр. Қазақстан кірісіп кетті. Бір апта ішінде мәселе Ресей пайдасына шешілсе, кекілді ағайындардың тәттісіне бізде де тыйым салынбақ. Қазір біздің тәтті базарының  20% осы рошен-кәмпит үлесінде.

 Тәжікстан бізден кейін қолға алса да, дереу тексеріп үлгеріп, «Рошен» фабрикасының тәттілерінен ешбір зиян таппағанын Тәжік елінің стандарт, метерология, сертификаттау мен сауда бақылау агенттігінің өкілі Ибодулло Курбонов ешбір зиян табылмағанын әйгілеп жіберді. Тіпті, ол – «Рошен» өнімінің айналасындағы дау – Украина мен Ресейдің саяси ойыны» деп  салды! Қандай саяси  тәуелсіздік!

 «Біздің тауарымыздың да Ресейге кіргізуге талай тыйым салынғаны белгілі ғой және бұлардың әрбірінде қандай да бір саяси ілік болғанын білеміз», - дейді И.Курбанов, елдің саяси басшыларының бірі болмаса да.

 Сарапшылардың пікірінше, Ресейдің Украинаға бұлай тиісуі оның «кедендік одақ» аталатын қораға қамалмай отырғандығы болса керек.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347