Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3184 0 пікір 12 Тамыз, 2013 сағат 05:15

Ағабек Қонарбайұлы. Қайрау

Біз кейде өзге емес, өзімізбен сырласамыз. «Біз осы не істеп жүрміз? Нені уайымдап, нені көксейміз? Жасаған жұмысымыз, атқарған амалымыз қайсы? Қоғамға не пайда келтірдік? Түпкі мақсатымыз не?» – деген сансыз сауалдар санамызды сан-саққа жүгіртіп, жанымызды мазалайтыны хақ? Ойланып көрсек, әлі де болса мақсатымызды айқындап, мұратымызды нақтылап алмаған сияқтымыз...

Кейде тарихқа көз жүгіртеміз, қайталанбас тұлғалар мен ата-бабаларымыздың өмірін көз алдымызға елестетеміз. Сөйтсек, бұл қанымызда бар қасиет екен. Жұртқа жақсылық жасауға, ел игілігі үшін қызмет етуге ұмтылған адамның тыныш, жайбарақат жатуы әсте мүмкін емес екенін түсінеміз.

Рас, кейде шаршаймыз. Шаршаған сайын бір ғұламаның: «Атқаратын жұмыстар уақыттан да көп», – деген сөзі санамызға сақ ете қалады. Бойымызды қайта тіктеп, босаңсуға жол бермеуге тырысамыз.

Ұлт қамы мен ұлы мұраттар үшін жан пида болған ақын-жыраулардың, Алаш арыстарының өмірі мен шығармашылығымен жақын танысқан сәтте  олардың өмірлік ұстанымы мен мақсатын анық аңғарамыз.

«Қараңғы қазақ көгіне,

Өрмелеп шығып күн болам!

Қараңғылықтың көгіне,

Күн болмаған да кім болам?!» Сұлтамахмұт атамыздың ойын енді аңдадық. Небары 27 жыл өмір сүрген ол жүрекке жігер сыйлайтын осы өлең жолдарын қанша жасында жазды екен? Қанша жасында қараңғы қазақ көгіне шығып, күн болуды мақсат етіпті?

Ал қазір біздің жасымыз қаншада?

«Оқ тиіп он үшімде ой түсіріп,

Бітпеген жүрегімде бар бір жарам.

Алданып тамағыма оны ұмытсам,

Болғандай жегенімнің бәрі харам.

Адамнан туып, адам ісін етпей,

Ұялмай не бетіммен көрге барам?..» Бұл – маса боп ызыңдап, ұйықтап жатқан халықты оятпақ болған Ахмет Байтұрсынұлы бабамыздың он үш жасында жазған өлеңі. Ал біз он үш емес, жиырма үш жасымызда не істеп, не тындырдық? Ал қазір ше?

Ахметтің маса болып ызыңдауы, Міржақыптың «Оян, қазақ» деп шырылдауы, Абайдың қара сөз жазып қайғыруы, Шәкірімнің: «Халқыңа еңбек қыл. Ақ жолдан айнымай, Ар сақта, оны бiл», – деп жырлауы ұлы мақсатқа ұмтылудан туған ойлар екен.

Ал біз нені ұмытып, неге ұмтылып жүрміз?

Құдайсыз қауым құрғысы келген коммунистер қайраткер, алашшыл азамат Тұрар Рысқұловты асыл діні – Исламнан бас тартуға көндірмек боп, шыбын жанын көзіне көрсетіп, шырқыратып қинағанда, ол: «Дінімнен екі дүниеде де бас тартпаймын», – деп қасарысып тұрып алды. Бұл сахаба, әйгілі азаншы Біләлдің оқиғасымен сәйкес келгенін еске түсірсек, көзімізден жас мөлтілдейді.

Ұлт жанашыры Мұстафа Шоқай да «Жас Түркістан» журналын шығарып, халықтың көкірек көзін ашуға табанды түрде кіріскенде, оны әбден қыспаққа алып, қинайды. Мұсылман Мария дейтін әйелі: «Өзіңді де, мені де қинамай, бұл жұмысыңнан бас тартшы», – дегенде, қайраткер Мұстафа бабамыз: «Бұл мақсатымнан ешқашан қайтпаймын», – деп табандылық танытып, ізгі ниетіне қылау түсірмей тұрып алады.

Осы оқиғаны ой елегінен өткізген сайын пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) мүшріктердің (пұтқа табынушылар) талабын қабылдамай: «Бір қолыма ай, ал бір қолыма күнді берсеңдер де, сонда да мақсатымнан бас тартпаймын», – деуі ұлы мияссияны сезінуден туған талап емес пе еді?!  

Ал біз қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт заманның сынағына қалай шыдас беріп жүрміз?

Халық үшін басын қатерге тіккен ұлт мақтаныштары неге бұл қадамды таңдады? «Аш бәледен қаш бәле» немесе «Аш құлақтан тыныш құлақ» деген ұстанымды ұстанса болар еді ғой. Жоқ. Әсте олай емес. Имандылықты ту еткен тұлғаларымыз жеке мүддені көздемеді. «Адамның жақсысы – өзгелерге пайдасын тигізгендері», – деген хадисті санасына сіңірген бабаларымыздың бейқам жата алмасы анық еді.

Жасырып жабары жоқ, кейде: «Мен кешегі ұлы істердің бастамашысына айналып, артына өшпестей із қалдырған бабалардың ұрпағымын», – деп, көкірек кернеп мақтанамыз. Соларға бір сәт болсын ұқсап бақтық па?

Ой бөлісейік. Сіз де ой тастаңыз. Хат-хабар күтеміз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5341