Жексенбі, 24 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 2568 8 пікір 6 Қазан, 2023 сағат 12:49

Қазақстанда исламофобия неге өршіді?

Америкада жүз берген 2001-жылғы «11-қыркүйек» оқиғасынан кейін әлемде исламофобия шарықтау шегіне жетті. Кісілік құқықты айтып жағы талмайтын АҚШ билігі аумағындағы араб тегі бар, тақуа азаматтарға қырғидай тиді. Мұсылман елдерінің қара тізімдігін жасап, азаматтарының АҚШ терроториясына кіруіне қатаң шектеу қойды. Қазақстан да ол тізімге бірде кіріп, бірде шықты. Оның географилық себебі ғана болмағаны анық. Америка әскері Әл-Кайда мен Тәліптер тайраңдаған Ауғаныстанға басып кіргенде қолға түскедердің арасында Пәкістанға діни оқуға барам деп алданып, Тәліптердің медреселерінен бір-ақ шыққан Қазақстан азаматтары да болды. Екеуі террористердің атамандары қамалған Гуантанамо түрмесінен кезіссөздерден кейін адасқаны анықталып елге қайтты. Бастысы Батыс ақпараттары террористер атаманы деп айыпталған Бен Ладеннің басты арманы «Бұрын әлемнің төртінші ядролық елі атанған Қазақстаннан ядролық чомоданды қолға түсіру» деп жарыса жазды.

АҚШ билігі «БенЛаден мен Омар молданың көзін жойдық, террористік топтардың қаржылық көздерін бұғаттадық» деп терроризммен күресін саябырсытқанымен діни радикализмды жоя алмады. Сирияда «Ислам террористер тобы» бас көтерді. Қазақстаннан ат арытып барып олардың қатарына қосылған, «шариғат жолымен жүретін мемлекет құрғысы келетіндер» санының көп болғаны жұртқа аян. Бұл факт елімізде діни радикализм идеологиясының көрнекі-көмескі түрде белсенді түрде жүргізілгенін көрсетеді. Біздің биліктің қазіргі интернет дәуірінде ақпараттық қауіпсіздігін қорғауға дәрменсіздік танытып отырғаны белгіл жайт.

Деседе бабалардан келе жатқан дәстүрлі діни жолдан басқаша бағытты ұстанғандар қатарының көбейгенін айтып дабыл қаққандар да көп болды. Бірақ олардың даусы билікке жетпеді, көмескіленіп естілді. Көп өтпей солардың қаупі шынға айналды. Қандастарымыздан да «Дін жолында өзін жарып, пейіштегі хор қыздарымен ертерек қауышуды көздеген» жиһатшылар шыға бастады. Ақтөбе, Тараз, Алматыда террористік оқиғалар жүз берді. «Қаңтар оқиғасы» кезінде шарықтау шегіне жетті.

Ең өкініштісі бұрын уыздай ұйыған қазақтың отбасы мүшелерінің басы тәуелсіздіктен кейін әсіре діншілдіктің кесірінен бір дастарқанға симаса, қазіргі әлеуметтік желі жалпыласқан кезеңде бітпейтін мазхаб дауы, ақида мәселесі, ұлттық дәстүр мен діни сенім байланысы ақпараттық соғысқа ұласты. Соңғы кездегі домбыра дауы, шешеге тіл тигізу соның көрінісі. Парламент депутаттарының бұл мәселені өткір қоюы өте құптарлық. Ислам дінінің тарихтан бері қарай ұлтымызды іріту үшін емес, рухани бірлігін нығайтып келгені белгілі. Соңғы отыз жылдағы жеткен жетістігіміз адамды терең ойға жетелейді.

Бір кезде Ауғаныстанның тау-тасын бамбалап, әптер-тәптерін шығарған АҚШ билігі Тәліптердің ел басқарғанына көз жұма қарап отыр. Иран болса Қытай мен, Ресеймен іштесіп барады. Ислам халифатын құрғысы келетін екеуі де бізге жақын. Сыртқы себептен гөрі елдің дінни сенімінің нілдей бұзылып, екіге бөлінуі жақсыдықтың нышаны емес. Дер кезінде шара қолданылмаса өзгеге жем боларымыз, ұлт ретінде жойыларымыз анық.

Фото: ашық дереккөзден

Есбол Үсенұлы

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5566