Жексенбі, 24 Қараша 2024
1717 4 пікір 9 Қазан, 2023 сағат 14:30

Депутат: «МӘМС қорына тексеріс керек»

Парламент Мәжілісінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің сан-салалы проблемалары қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz

Кулуарға шыққан депутат Жұлдыз Сүлейменова Жоғары аудиторлық палата қор жұмысын, қаржылық қызметін тексеруі керек деп есептейді. Оның айтуынша, ауылдарда қордың пайдасын көре алмай жатқандар жетерлік. Сол үшін депутат кез келген адам медициналық сақтандыру қорына салып отырған ақшасын бақылап отыратындай платформа жасалуы керектігін айтады.

Сонымен қатар депутат қорды Денсаулық сақтау министрлігінен бөлу керек деп мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов МӘМС қызметін уақытша тоқтатуды талап еткен. Оның сөзінше, міндетті медициналық сақтандыру дұрыс жұмыс істемейді. «Адам өліп жатыр ауылда, жедел-жәрдем келмейді,  сақтандыруың жоқ деп ауылдарда дәрігерлер емдемейді» деп сынайды депутат.

Депутаттың бұл сынына бүгін МӘМС қорының басшысы міндетін атқарушы Әбілқайыр Ысқақов “МӘМС жүйесі іске қосылғалы оң нәтижелері де бар” деп жауап берді.

Бүгін  денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде 3,3 миллионнан астам адам сақтандырылмағаны туралы айтты.

 

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543