Бұдан бөлек Әлиев 19 қыркүйектегі әскери операциядан кейін Бакудың бақылауына өткен аймақтағы Хожалы, Агдер секілді бірқатар елдімекенге де барып, Әзірбайжанның туын көтерді.
Таулы Қарабақ үшін Армения мен Әзірбайжан 1980 жылдың соңынан бері жанжалдасып келген. Негізінен этностық армяндар тұрып келген Таулы Қарабақ автоном облысы Ереванның қолдауымен Әзірбайжанның құрамынан шығып, 1991 жылы өз алдына "Таулы Қарабақ Республикасы" деген ешбір мемлекет мойындамаған "ел" құрып алған.
Содан бері бұл жерде жиі жанжал орын алып келді.
Биыл 19 қыркүйекте Әзірбайжан аймақта "антитеррорлық операция" бастағанын жариялап, оның нәтижесінде Таулы Қарабақтың лидерлері Бакудың талаптарына келісіп, бағынған.
Содан бері Таулы Қарабақта тұрып келген 120 мыңдай этнос армянның жүз мыңнан астамы Армения жеріне қоныс аударды.
"Таулы Қарабақ республикасының" лидері Самвел Шахраманян 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ешбір мемлекет танымаған "елді" жою және ондағы мекемелерді тарқату туралы бұйрыққа қол қойған.
Дереккөз: centralasian
Abai.kz