«Бір белдеу, бір жол»: Қытай неге мүдделі?
Қытай «Бір белдеу, бір жол» жобасын неге мықтап қолға алды?
2021 жылдан бері қытайдың 26%-27% экономикалық секторы саналатын инфроқұрлым саласы тығырыққа тірелді. Өйткені 1990-2020 аралағы, отыз жылда қытай қарқынды урбанизацияны бастан кешірді, қала тұрғындары 30% -дан 65-66%-ға көтерілді.
350-400 миллион халықтың қалаға көшуі инфроқұрлымға (зәулім үйлер мен жолдар) деген сұранысты арттырған соң экономика тез өсті, үй бағасы шарықтап әлемдегі ең алдыңғы қатарға шықты. 2021 жылға келгенде 100 миллион халық тұратын артық үйлер пайда болды, демек бұл салада Қытайдың өз ішінде сұраныс жоқ, тіпті кері кетіп үй бағасы арзандай бастады.
Украина соғысынан соң, Ресей арқылы Еуропаға зат тасымалдау қиындап кеткендіктен өзге жол іздеді. Еуропа Қытайдың 18-20% экспорт базары. Теңізде Американың кедергілері көбейгендіктен зат тасымалы кешікті. Бұл жағдай зат бағасының өсуіне апарды.
Израиль соғысы басталуы Суэц каналының маңына, Еуропамен теңіздегі жолға қауып төндіреді. Израиль оны Америкамен бірігіп, әдейі істеп отыруы да мүмкін. Дәл осы соғыстан соң Қытай көп елдерді неге шақырып отыр? Тегін емес.
Ендігі бір жол ол – Қазақстан – Каспий – Әзербайжан – Грузия –Түркия –Еуропа дәлізі.
Қытай Қазақстанға мүдделі, себебі жері жазық, темір жол салуға қолайлы, кен, шикізат байлығы бойынша әлемде 6-орынды алады.
Біріншіден, экспортына пайдалы, екіншіден, «Бір белдеу, бір жол» жобасы арқылы жол салуға қажетті бетон, цемент өндірісін айналдырады. Жұмысшыларын жұмыспен қамтиды. Бұл Қазақстанның инфроқұрлымына тың серпіліс әкелуі мүмкін.
Ерзат Кәрібай
Abai.kz