Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2686 0 пікір 9 Қыркүйек, 2009 сағат 09:00

ЖӨНСІЗ СОҒЫСТАР

Тарихты парақтап қарасаңыз, адамзат соғыссыз отыра алмапты. Бірі жер байлығы үшін болса, бірі бүкіл әлемді жаулап алып өз билігін жүргізгісі келген. Ал бірақ сол соғыстардың неден туындағанын білеміз бе? Тыныш жатқан екі ел неге жауласты? Бір-бірінің байлығына неге көз алартты? Қарап тұрсаңыз, кейде сол адамдар болмашы нәрсеге бола қырқысып, қан төгіпті. Біз сондай жөнсіз, бекерден бекер миллиондар қырылған 10 соғысты мысалға келтірсек.

Бірінші соғыс: Ежелгі Ассирияның ел билеушілері сұмдық ренжігіш болыпты. 500 жылға созылған «Тасбақа соғысы» неден туындады десек, былай болған екен. Ассирия патшасының сарайына таяу шетелден шақырылған бір қонақ масаң ханшайымның жерге түсіріп алған тасбақа бейнесіндегі шашқа қыстыратын әшекейін алып бермей қойыпты. Соған ренжіген патша бес ғасырлық соғыс ашыпты.

Екінші соғыс: Жапония. Ержүрек сегундармен келіссөзге келген елшілер тақтан жарты метр қашықтықта тұрады әрі сыйлық берер кезде тізерлеп тұрған жерінен жарты минут бұрын ерте тұрып кетеді. Елшілердің бұл қылығы этикетке сай емес еді. Осы бір болмашы қабылдау рәсімінің мүлт кетуіне байланысты самурайлар мен сегун ұрпақтарының қанды шайқасы 250 жылға созылып, нәтижесінде Хоккайда аралының үштен бір бөлігі отқа оранып, 150 мыңнан аса адам қайтыс болады. Яғни, сегундар «заңымызды сыйламады» деп самурайларға қарсы соғыс ашқан.

Үшінші соғыс: Ал Африкадағы соғыстың себебі, адам айтса нанғысыз. 1834 жылы бір ауылдың әкімі біреумен батпаққа батып кеткен сиырына бола дау-жанжал шығарады. Мүмкін ол сиырды жыртқыштар жеп кеткенде болар.  Алайда, сол ауылдың бақсысы (шаман) оны ұрланған деп айтады. Ұзын-сөздің қысқасы, содан соғыс өрті тұтанып, екі жылдан кейін әлгі екі тайпа бір-бірін түгелдей қырып жіберіпті.

Төртінші соғыс: Ортағасыр кезінде Қытайда үш жыл ішінде 15 мың солдат пен офицер, бір аристократтың дау-дамай кезінде өзге біреудің сақалынан шап беріп ұстап алғаны үшін қырылыпты. Ол кезде сақалды жұлқылаудан артық қорлық жоқ болған көрінеді.

Бесінші соғыс: Бразилияда екі жоғары лауазымды шенеунік контрабандалық жолмен түскен төрт жәшік кубалық шылымды бөлісе алмағаны үшін, 3,5 жыл соғысыпты.

Алтыншы соғыс: Британдықтар испандықтармен және португалдықтармен жерді бөлісе алмаған. Әрине, Африка үшін таласса бірсәрі, ағылшындар португалдықтармен бір жер үшін 4 жылдан аса соғыс жүргізіпті. Сөйтсе, әлгі таласқан арал түгелімен Англияның шаруашылығына қарасты заңды жер болып шығыпты.  Өйткені, елші картада әлгі жердің масштабын дұрыс көрсетпеген екен.

Жетінші соғыс: Француз және испан монархтары әйелдерге бола тайталасқанды жақсы көріпті. Бірде анау, бірде мынау патша өзгенің әйелін тартып алу немесе көңілдесі етіп алуды дәстүрге айналдырған. Сөйтсе, әлгі тартып алған әйелдер басқа корольдің туысқаны болып шыққандықтан, соғыс тұтанып кетеді. Осындай әйел үшін Франция мен Испания арасында 4 соғыс болып, оның біреуі 7,5 жылға созылыпты.

Сегізінші соғыс: Үйлену тойына арналған маржан алқаның ұрланғаны үшін викингтердің екі тайпасы 4 жыл соғысыпты. Осы соғысқа байланысты қазір шведтер мен норвегтер демде бірігіп кете салатын көрінеді. Айтпақшы, қолды болған алқа соншалықты әдемі болмапты. Бар болғаны, былғары бауға тағылған өзен маржаны екен.

Тоғызыншы соғыс: Нью-Йоркте кезінде кәдімгідей алапат соғыс болған. Манхэттенде тып-тыныш тұрса да, ағылшындар үндістерден ығыры шыққан кезде, тиісудің формалды әдісін ойлап тапқан. Яғни жоғары шенді ағылшынның бақшасынан шабдалы ұрлаған үндіс қызының бір қылығы үшін ағылшындар үндістерді аяусыз кескілеген. Бұл тарихта «шабдалы соғысы» деген атпен қалған.

Оныншы соғыс: Елена сұлудың ұрланғаны үшін тарихта гректер мен троялықтардың сұрапыл шайқасқаны белгілі. Бірақ, сіздер ойлағандай Елена Грециядағы жалғыз сұлу емес, одан да басқа көріктілер көп болған. Сөйте тұра, олар соғыстың соңына дейін өліспей беріспеуді шешкен. Сол соғыста гректер көп күші мен қаржысынан айрылды.

Жансая СЫДЫҚБАЙ

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407