Жексенбі, 24 Қараша 2024
Айқай 2653 9 пікір 29 Қараша, 2023 сағат 13:01

Қазақстанды мойындамайтын опасыздар сотталды!

Осы жылғы наурызда Қазақ КСР-ға оралуға шақыратын үндеуін әлеуметтік желіде жариялап, Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавлда «Еңбекші халық кеңесі» деген топ құрған азаматтар шыққан еді. Аталған мәлімдемеден кейін олардың ішіндегі бірнеше мүшесі сепаратизмді насихаттады деген күдікке ілінгенін жақсы білеміз.

Толығырақ жазатын болсақ, 19 наурыз күні Петропавлдың 19 тұрғыны жергілікті колледждердің бірінің ғимаратына жиналып, Қазақстан Республикасынан тәуелсіз жұмысшылардың халық кеңесін құрғандығын жариялаған болатын.

Өздері дұрыс тапқан Декларациясын қабылдап қана қоймай, түрлі әлеуметтік желілерде де өз белсенділіктерін танытып, әрдайым Қазақстанның тәуелсіздігін жоққа шығаруды мақсат еткен жазбаларды жариялап келді.

Кеше, «мың асқанға бір тосқан» дегендей 19 адамнан тұратын осы топтың 4 мүшесіне қатысты сот процесі аяқталды. Аталған «кеңестің» Қазақстан азаматтары болып табылатын төрт мүшесі сотқа тартылғды.

Ашынған халық оларды сепаратизм үшін жауапқа тартуды ашық талап етті. Сонымен 30 наурызда облыс прокуратурасының нұсқауы бойынша, Ұлттық қауіпсіздік Комитеті СҚО департаментінің, Полиция департаментінің, Экономикалық тергеу департаментінің, облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қызметкерлерінен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылып, сепаратизм фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді басталған.

Осы топтағыларға қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 180-бабы 2-бөлігі бойынша, «Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын ыдыратуды насихаттау» немесе «оған жария түрде бұқаралық ақпарат құралдарын және телебайланыс желілерін шақыру, материалдарды тарату» және Қылмыстық кодекстің 179-бабы бойынша, «мемлекеттің қауіпсіздігін ыдыратуды үгіттеу» бойынша айыптар тағылды. Тап осы топты ұйымдастырушы болып саналатын Вячеслав Зудерманға бұған қосымша, ҚР ҚК 287 бабы 3-бөлігі бойынша іс қозғалған еді.

Соттың үкімімен топ серкесі Вячеслав Зудерман 9 жылға бас бостандығынан айырылса, оның қалған үш атқосшылары: Елена Болдырева, Мәдина Қапарова және Ольга Бережнова 7 жылға сотталды.

Аталған тұлғалар өз жазаларын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.

Бұған дейін тап осындай сот Астана қаласында да болып, Елорда тұрғыны Наталья Свириденко қазақ халқына қорлық сөздер айтып, оларды бір-бірлерін өлтіруге шақырғаны үшін 4 жылға сотталып, өз сазайын тартқан еді.

Бізді күйінтетіні – өз қандасымыз Мәдина Қапарованың жікшілдердің сойылын соққандығы. Қазақтың өзінің ұлттық тәуелсіздігіне қарсы шығуының арты жақсылық емес.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5615