Жексенбі, 24 Қараша 2024
Ақмылтық 2330 2 пікір 17 Желтоқсан, 2023 сағат 14:44

Ату жазасын 345 күн күткен батыр Мырзағұл Әбдіқұлов кім?

Ол 1986 жылы Желтоқсан көтерілісі кезінде, қазақ қызының абыройын қорғаймын деп арматура темірмен қаруланған арнайы жасақты өлтіріп, ату жазасына кесіліп, жалғыз өзі бір адамдық камерада 345 күн үкімнің орындалуын күткен қазақтың батыр ұлы Мырзағұл Әбдіқұлов болатын.

БАТЫРҒА ТАҒЫЛҒАН АЙЫПТАР

  1. Ол Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 60-бабы бойынша ұлт араздығын қоздырғаны үшін 3 жылға;
  2. 65-бап бойынша тәртіпсіздікке қатысып, ұйымдастырғаны үшін 15 жылға;
  3. 202-баптың 3-тармағы бойынша суық қару алып жүргені үшін 1 жылға;
  4. 214-бап нашақор, маскүнем қалтасынан анаша табылды деген жала да жабылды.
  5. 88- баптың 1-тармағының «б» бөлігі бойынша қасақана адам өлтіргені үшін – ату жазасына кесілген.

Мырзағұл аға 2 ай бойы желтоқсан батыры Қайрат Рысқұлбековпен бір камерада болған кісі.

Түрмеде неше түрлі қорлық пен зорлық көрсе де ешкімге басын имеген, сағы сынбаған ер.

Сотта прокурорға "Мен ұлтымның ары мен намысын, қазақ қызының абыройын қорғадым, егер де ондай жағдай қайталанса тағы да өлтірер едім" деп жауап берген батыр.

АТУ ЖАЗАСЫН 345 КҮН КҮТУ

Мырзағұл Әбдіқұлов 1986 жылы 19 желтоқсан күні ұсталады.

Ағамыз бірінші ату жазасына кесіледі. Жалғыз өзі бір адамдық өте тар камерада 345 күн бойы ажалын күтіп отырады.

Ешкіммен жолықтырмайды, терезесі жоғарыда, ішінде төсек-орын жоқ. Таңның атқаны, күннің батқаны, қыс па, жаз ба белгісіз. Ешкім бұнымен сөйлеспейді.

Арасында тар қапастан алып шығады, бұл «ату жазасын бүгін орындайтын болар» деп күтеді. Жоқ атпайды, тек психологиялық қысым жасайды.

Ең соңында «мені атыңдар» деп айқайлаған кездері де болған.

Жалғыз адамдық өлім камерасында отырғанына 345 күн болғанда, Мырзағұлды тағы да камерадан шығарады. Жалғыз өзін айдап апарып, жуындырады, үстіндегі киімін ауыстырады. Бұл күндегі әдеттен өзгеше болады.

Мырзаекең бүгін мен мынау жарық дүниемен қоштасатын соңғы күн болды ғой деп ойлайды.

Артында аңырап қалған анасы «әкешім қашан келеді», деп шырылдап жылап жүрген баласы, жолдасының жолын тосқан адал жары бәрі, бәрі Мырзағұлдың көз алдынан елес болып өтіп жатты.

Ең болмаса, біреуін көріп бауырына басып қоштасқысы келеді. Бірақ ол арман ғана...

Мырзекең бүгін ең соңғы жарық дүниемен қоштасып, іштей күбірлеп иманын оқиды.

Сарт-сұрт ашылып жабылған бірнеше темір есіктерден өтеді.

Бір кезде үлкен залға алып келеді. Үлкен столдың басында әскери шенді басшылар. Бұл есіктің алдында тұрады.

Қақ төрде отырған әскери адам үкімді оқи бастайды. Мырзағұл Әбдіқұлов ату жазасының үкімі болар деп іштей дайын болып, үкімді қасқиып күтіп тұрады.

Бірақ бұл күткендей үкім болмай шығады. Кеңес одағының басшысы А. А. Громыконың бұйрығымен «ату жазасы 20 жыл» особый режимге ауыстырылды» деп тұр.

Мырзекеңнің құлағы шуылдап кетеді. Өлім жазасына кесілген адамға тағы да 20 жыл өмір сүру бақыты бұйырды.

Мүмкін анамды, балаларымды, жарымды көретін болдым-ау деген үміт оты жарқ еткендей болды.

20 жылға особый режим, ол да оңай емес.

РЕСЕЙ ТҮРМЕСІ, 20 ЖЫЛ «ОСОБЫЙ РЕЖИМ»

Мырзағұлды Ресейдің сібір түрмесінде этаппен алып кетеді «Особый режимдегілер» Мырзағұлды жақсы қарсы алады.

Кешегі ату жазасын күткен күндердің қасында бұл құдасының үйіне құдалыққа келгендей болады...

Түрме қайдан жақсы болсын, бұл түрмеде де талай қиындықтарды көреді. Сонда да қазақтың қайсар ұлының сағы сынбай шығады.

Особый режимнен Өскеменге, одан соң Заречныйдың түрмесінде отырған.

Ақыры еліміз тәуелсіздік алғасын 1993 жылы ең соңғы желтоқсаншы болып түрмеден бостандыққа шығады.

Мырзағұл ағамыздың жанұясы да көп қорлық көреді.

Мырағұл көрген азап туралы кино түсірсе сөзсіз Оскар сыйлығын алатын болады.

КҮЙІКТЕН ӨЛГЕН АНА МЕН ҚОРЛЫҚТАН ШЕТІНЕГЕН БАЛА, АЗАП КӨРГЕН ЖАР

Мырзағұл ағамыздың жолдасы Әбдіқұлова Қазынагүлді КГБ күні-түні тергеуге алады. «Күйеуім арақ ішеді, наркоман, маскүнем болды, мені ұратын еді» деп түсінік беруін талап етеді.

Бірақ адал жары қандай қорлық көрсе де, жолдасына сатқындық жасамайды.

Сол қорлықтың салдарынан, аязбен суықтан 7 айлық сәбиі шетінеп кетеді.

Мырзағұлдың анасы Сұлуқас әжеміз күні-түні баласын сағынып, жылаумен өтеді.

Ақыры қайғы мен күйік ішіне түсіп 77 жасында 1990 жылы қайтыс болады. Анасы баласының аман келгенін көрмеді, баласы анасына бір уыс топырақ сала алмады. Ең өкініші сол болды...

ТҮРМЕДЕН КЕЙІНГІ ТАҒДЫР

Түрмеден келгенде де Мырзағұлды ешкім қарсы алған жоқ. Көпке дейін өзінің желтоқсаншы екенін билікке дәлелдей алмай келді.

Ол кездерде Мырзекеңе қарапайым жұмысқа кіру қиын болды.

Мырзағұл ағамызды тағы да, тағдырдың ең ауыр сынағы күтіп тұрады.

Ағамыздың жанынанда артық жақсы көретін аяулы қызы Алмагүл ақ қан ауруына шалдықты.

Қызын емдетуге мүмкіндігі болмады. Биліктен де көмек көрмеді.

Ақыры 2004 жылы 7 қаңтар күні 21 жастағы Алмагүл қызынан айырылды. Қызғалдақ ғұмыр үзіліп түсті. Жер бетінде ата мен ана үшін баласының өлімінен асқан қасірет жоқ болар.

Желтоқсаншы екенін желтоқсаншыларға дәлелдеу қиын екен.

Менің 17.12.2021 жылы жазған мақаламды халық қатты қолдады.

Мырзағұлға қарсы пікір жазғандар да болды.

Олардың айтатын әңгімелері, оқиға алаңның ортасында емес, алаңның сыртында болған.

Ол желтоқсаншы емес, адам өлдірген адам.

Тағы басқа пыш-пыш өсек әңгіме жазды.

Егер де бұл жәй оқиға болса Мырзағұлды Қазақ КСР Қылмыстық кодексінің 5 бабымен соттамас еді.

Желтоқсан көтерілісінде Мырзағұл Абдіқұловтай қиындық көрген, азап шеккен адам өте аз болар.

БАТЫРЫН БАҒАЛАЙ БІЛМЕГЕН ХАЛЫҚ

Мен Мырзағұл аға туралы ҚР Президентті Қасым- Жомарт Тоқаевқада, барлық құзырлы орындарға жаздым бірақ Мырзекеңе ешқандай көмек болмады.

Қайта кейбір «желтоқсаншылар» «арнайы орыс жасағын өлтірген қылмыскер» деп қарсы шықты.

Сондықтан да бұл жолы ешкімге жазғаным жоқ.

Ең болмағанда жастар білсін, ағамыздың ерлігі тарихта қалсын деп қайталап жазып отырмын.

Өзім сыйлайтын депутаттарды белгіледім, ең болмағанда арамызда осындай азамат бар екенін біліп жүрсін.

Сіздің батырға көрсеткен көмегіңіз болсын, ең болмағанда мақаланы барлық әлеуметтік чаттарға таратыңыздар!

Билікке керек болмасада халық батырын біліп жүрсін!

Ал егерде, Мырзағұл батыр ағаға хабарласамын, көмектесемін деп жатқан мейрімді адамдар болса

Каспи голд: +7 701 547 3851 Мырзагул А. Мырзағұл аға 72 жаста Алматыда тұрады.

Жәнібек Қожық,

Маңғыстау облысы, Онды ауылы

15.12.2023 ж.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5618