Қазақстанның құқықтық жүйесі өзінің дағдарыс жағдайында да жұмыс істей алатынын көрсетті – Жоғарғы сот басшысы
Алматы. 9 қыркүйек. ҚазТАГ – ҚР Азаматтық кодексінде қарастырылған азаматтардың құқықтарын қорғаудың кең спектірі экономиканың кез келген жағдайында өзінің пәрменділігін таныта алатынын дәлелдеді де, оны сот тәжірибесі көрсетті. Мұндай ойды Қазақстан Жоғарғы сот төрағасы Мұсабек Әлімбеков Шолпан-Атада (Қырғызстан) өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Жоғарғы соттарының IV кеңесінде сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды ҚР Жоғарғы сот баспасөз қызметі.
«Кез келген экономикалық сілкініс азаматтық құқықтар мен қоғамдағы еркіндіктің бұзылу қаупін тудырады да, мемлекеттің құқық қорғау жүйесінің беріктігін сынайды. Өз кезегінде, Жоғарғы соттың басшылығындағы Қазақстанның сот жүйесі тұрақтандырушы фактор ретінде, адамдардың құқықтары мен бостандығын қорғай алатын және қоғамды әлеуметтік қақтығыстан сақтай алатын мемлекеттің сенімді институты болып табылады», - дейді М. Әлімбеков.

Ол, соңғы жылдары құрылыстағы үлестік қатынасқа, банктан алған қарызға, басқа да келісімдік міндеттердің бұзылуына, еңбек таластарына байланысты экономикалық таластар жиілеп кеткенін атап өтті. Дегенмен, қазақстандық соттарда «дағдарыс категориясындағы істер» жетерлік. Биылғы жылы былтырғымен салыстырғанда ондай істердің азайғаны байқалады. Атап айтқанда, меншік иелігі туралы таластар бойынша істер 11% азайып, ол экономикадағы тұрақтылық басталғанынан хабар бергендей.
«Мүлік іскерлік айналым нысаны және экономикалық гүлденудің негізі болып табылады, сондықтан жеке меншік құқығын қорғау, әсіресе дағдарыстық жағдайда, кез келген мемлекеттің құқықтық жүйесінің маңызды міндеті.
Осы мәселені осыншама белді форумда талқылаудың нәтижесі, сот ісінің оң тәжірибесі мен нормалары жайлы алмасу, меншікке қатысты құқықтық ережелерді жетілдіру бойынша жаңа идеяларды, қазіргі жағдайда меншік құқығын қорғаудың жаңа тетіктерін жасақтауға септігін тигізеді деп ойлаймын», - деді Қазақстанның Жоғарғы сот төрағасы.
Меншік құқығы туралы Қазақстанның сот тәжірибесін егжей-тегжейлі өзінің баяндамасында Қазақстан делегациясының мүшесі, Қордай аудандық сотының төрағасы Х. Бегалиев айтып берді.