Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
3058 2 пікір 22 Желтоқсан, 2023 сағат 14:05

LRT құрылысының аяқталуына тағы қанша жыл қажет?

Жеңіс Қасымбектің сөзінше, алып құрылысты аяқтауға екі немесе екі жарым жыл керек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

– Құрылысты аяқтауға екі немесе екі жарым жыл керек. Қаржыландыру болған жағдайда… – деді Қасымбек ОКҚ алаңында.

Еске сала кетейік, бұған дейін көлік министрі Марат Қарабаев Астанадағы  LRT құрылысына 2023 жылы 45 млрд теңге, ал жұмыс ауқымы кеңейсе,150 млрд теңгеге дейін сұралатынын мәлімдеген еді.

Елордада жеңіл рельсті жобаны жүзеге асыру 2011 жылы басталғанымен, оның жыры жылдарға ұласты. Елордада қала әкімдері ауысты – олардың кейбіреулері жобаны қабылдамады. Соған қарамастан “жемқорлықтың ескерткіші” деген лақап атқа ие болған LRT-ге ақша бөлінген. Бұған дейін Астанада LRT ісі бойынша сотталушылардың үкімі өзгеріссіз қалғаны хабарланған болатын.

фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1348
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2924
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1001
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 934