Елбасының дауысы естілді. Енді елдің үні Елбасыға жетсе екен
Қандай өткір мәселе болсада иін жұмсартып, оқырман мен көрерменге қатардағы жайттың бірі етіп жариялауға дағдыланып қалған ресми ақпарат көздері Президенттің кешегі сөзін «Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Президент Әкімшілігінің қызметін жетілдіру мәселелеріне арналған кеңес өткізді» деп сыпайылауда. Дұрысы Елбасы өзінің аппаратын басқаратын лауазым иелерін Кәрім Мәсімовтен бастап бәрін сойып салды. Бұны әншейінде бет-ауызы күлкіге кенеліп отыратын Кәрім Қажымқанұлының күреңітіп кеткен жүзінен байқауға болатын еді. Мәсімовтің орынбасары Бағылан Майлыбаев та еңсесін тіктеп отыра алмады. Өйткені, Президент қатты қынжылып сөйледі. Алайда, Мемлекет басшысының бұл реттегі сөзі де телеарналардан «түтіліп» шыққанға ұқсайды.

Жалпы, Нұрсұлтан Әбішұлының айтқаны қалың елге Ақордадан редакцияланып «аттанатыны» бір бұл емес. Ол кісіге ақиқаттың жетпей жататын кездері де аз кездеспейді. Мысал керек пе? Мысалы, Жаңаөзендегі мұнайшылар табан ақы, маңдай терінің төлемін сұрап қиналған күндері сол кездегі Маңғыстау облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Елбасының есігіне жете алмай, ел мұңын естірте алмай Ақорданың ауласынан қайтқаны қазір сөз болып жүр. Бұл – Елбасының құлағына уағында жетпей жарты жолда «жазым кеткен» күрмеуі қиын көп істің бірі ғана. Осы уақытқа дейін қаншама шындық Ақорданың ауласына енбей, енсе де еңсесі езіліп кері қайтты десеңізші. Соның денін Президент Әкімшілігін басқарған, басқарып келе жатқан жаны аяулы «тұлғалар» жасайды. Шамасы, олар алдымен Президентті ашуландырып алмауды ойлайды. Ол кісі жадырап жүрсе, қалғандарының «маңырап» жүргендеріне жақсы. Бас аппараттың тізгіні қолына тиген адамға әкім-қаралар мен министрлердің, ұлттық компания басшыларының басы қалтақ, жүзі жалтақ болып келетіні сондықтан. Сөйтіп бір-бірімен ащы ішектей шұбатылып, қан-жыны араласқан қауым қазақтың оңай шешілетін шаруасын қиынға салып, елді жылатып, Елбасын алдаудан тиылар емес. Осы жолы Президент өзінің үні Ақорданың ақмәрмәр қабырғасына соғылып, қалып қоятындығын қапысыз аңғарған сияқты: «Мен айтқан сын бойынша тек «Тұрғынүй-құрылысжинақбанкінің» жағдайы жөніндегі деректер ғана айтылды, өзге ешқандай ақпарат болған жоқ. Тіпті бұл ретте менің тарапымнан айтылған сынның бір бөлігі газет беттерінде де көрініс таппаған және телеэфирден де берілмеген», - деп төтесінен кетті. Естеріңізде шығар, Президент қазан айында Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізіп, нақты іске жауапты лауазым иелерін тұрғызып қойып бірқанша сын айтқан. Соның бірлі-жарымы үзіліп-жұлынып телеарналардан көрініс тапты. Газеттер жаттанды жылтыр сөйлемдер шегінен әрі асқан жоқ. Ал, ондай қызуы жоғары «қызық» отырыстарға Abai.kz сайтының тілшілерін жібермейді. Сонымен, бұлда көп бұрқ-сарқтың бірі болды ғой деп жүргенбіз. Жоқ, олай болмады. Елбасы өзінің Әкімшілігін сынға алды. Бұнысы жақсы. Енді Елбасы ел дауысына да құлақ түріп отырса, құба-құп болар еді. Мәселенки, ұлт патриоттары тіл мәселесін 20-25 жылдан бері зар илеп айтумен келеді. Айтқанда айдалаға лақпай дәлелді-дәйекті түрде айтуда. Міне, айжарымнан асты «Халықтың көші-қоны» туралы заң жобасы қатты талқылануда. Заң бекіп кетсе, Елбасы өзі бастаған қазақ көші мүлдем тоқтап, тоқырап қалмақ. Құдай-ау, ұлттық мазмұны терең осындай істер бүгінгі қазақ қоғамында толып жатыр ғой, толып жатыр. Соның қай-қайсынада Президент ден қойып, пәрмен берсе, бітпейтін, тиянақ таппайтын іс жоқтың қасы. Неге? Себебі, Президент Назарбаевтың өзі айтпақшы, «қазір қазақ мәселесіне ешкім сырттан араласып бұйрық түсірмейді, қолдан қақпайды». Президент тоқсаныншы жылдардың басынан бері осылай деп келеді. Ендеше, не тұрыс? Бірақ қазақтың заманауи мемлекет құрғанын, ұлт болып ұйысқанын қаламайтын күштер әлдебір саясаткерсымақтар мен Елбасына жақын, туыс адамдардың, Елбасына ықпалы жүретін адамдардың аузымен, іс-әрекетімен кедергі келтіріп, кер бағуда. Әйтседе, әйтеуір Ақордадан Елбасының үні елге жетті. Енді елдің тілегі Елбасының құзырына жетсе екен. «Ештен кеш жақсы» деген, біз осылай ойлаймыз.
Abai.kz