Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1962 0 пікір 11 Қараша, 2013 сағат 03:19

Шәріпхан Қайсар. Қазақ газеттері тығырыққа тірелді. Қайтпек керек?

Muhit Nurmahan: Менің бір жақын інімнің келіншегі, баласы, келіні мектепте жұмыс жасайды екен. Күштеп жазылған дегеннен шығады, жаңағы інімнің үйіне үш «Егемен Қазақстан», үш «Сыр бойы» және тағы да басқа үш үштен бірнеше газет келеді екен. Газеттің көп келетіні сонша ашыпта қарамаймыз, бірден тамызықа жібереміз дейді. Енді бұған не деуге болады?

Фейспарақтан

Жақында Астана қалалық Тіл басқармасы әдеттегідей тағы да бір топ зиялы қауымның басын құрады. Оларға қоса қазақ БАҚ-тарының өкілдері қатысқан «Мемлекеттік тіл және БАҚ» тақырыбына отырыс өткізді. Оған Мұхтар Шаханов та қатысып, өзінің мұндай отырысқа шақырылғанына таңырқағанын жасыра алмады да, оның бірден бір себепкері басқарма басшысы Ербол Тілешов екенін айтып, оған алғысын жаудырды. Мұқаң тіл төңірегіндегі мәнсіз отырыстардың көп екенін айта келіп, «бұның бір тетігін жасауымыз керек, әйтпесе айтылған сөз осы арада қалады» деді.

Сосын сөз алған Тіл комитетінің тұңғыш басшысы болған мемлекет қайраткері, белгілі қарт журналист Сұлтан Оразалин кәзіргі Тіл комитетінің тіл мәселесіне қатысын байқата алмағаны өз алдына, «бар-жоғы байқалмайды» деп айтып салды.

Сөзді бірінен соң бірі алған екі депутаттың алғашқысы болып жазушы-депутат Алдан Смайыл алды. Ол тілді дамыту тілдік ортаға қатысты екенін сауатты тілмен айтып шықты, шетелдік кинолар мен мультфилмдердің орнын қазақтілді туындылардың басуы мемлекеттік тілдің шырайын  кіргізетінін айтты... Депутат алайда, қазақ тілі білім беру саласында өз орнын ала алмай отырғанын, алдыңғы Білім министріне бір топ депутат болып, орта мектеп бітірушілердің аттестатына қазақ тілінен алынатын бағаны түсіру жөнін сұрағанда,  2015 жылдан бастап қарастырылатыны жайында айтылған бір жапырақ жауап келгенін мойындады...

Одан кейін алқа отырысының сөз кезегін алған мәжіліскер Бақытбек Смағұл өзінің бұл салаға шорқақтығын білдіріп, біразға дейін керексіз сөздермен демогогияға ұрынды. Талай мылжыңды бастан өткізіп, істі күтіп жүрген астаналық зиялы қауым дүбірлеп, депутатты нақты сөзге шақырды. «Ауғандық» депутат өзінің ғалым еместігін, мәселені нақты біле бермейтіндігін айтып құтылды да, одан әрі жұрттың қаһарына ұрынбауды ойластырып, отырыстан шығып кетті.

Дөңгелек үстелде қазақ газеттерінің таралым аздығы, оған ұлтшыл зиялы қауым тарапынан жазылымға қатысып қол  ұшын беру керектігі сөз болды. Тіпті, ұлттық «Ана тілі» газетіне астаналық бес оқырман ғана жазылғанын газет тілшісі Бейбітгүл Исаева күйіне айтып қалды. Сөз реті келгенде кейбір зиялы жандар қазақ газеттерінің сапасы төмендігін, оны ұлтшылдықпен құтқару мүмкін еместігін жеткізді. Белгілі алаштанушы, жазушы Тұрсын Жұртбай өзінің қазақ газеттеріне жазылмағанына біраз уақыт болғанын жасырмады. Себебі, қазақтілді газеттер ақпаратты бере алмайды және тілі әбден бұзылып болғандығына ашынды. Одан кейін сөз алған Тілком төрағасының орынбасары Шерубай Құрманбайұлы өз сөзін БАҚ-тардағы ұзыннан шұбақ қателерге арнады. Мұнысы ешбір жаңалық еместігі, одан тіл мәселесімен айналысушы ретінде сол қателерді болдырмау жолдарын ұсынуы керектігін сөз кезегі тимеген біреулер күбірлеп айтып салды.

Депутат Алдан Смайылдың сытылып шыға бастағанын байқаған көсемсөзші Серік Ерғали бір ғана сауалы барын айтып, тоқтатты. «Бүгінгі кезде ешбір газетті жазылыммен, подпискамен құтқара алмаймыз, оны өзіңіз де жақсы білесіз. Оның бір ғана тетігі бар: Жарнама туралы заңға мемлекеттік тілдің пайдасына бағытталған өзгеріс енгізу, өйткені бүгінгі бұл заңда жарнама беруші қай тілде берсе де өз еркі дегендей тұтынушы құқығы мен мемтілді аяққа таптаған бап бар, осыны түзетерлік біз заңжоба әзірлейік, сіздер, депутаттар мұрындық болыңдар!» деп еді, депутат: «Оған кедергі бізде бизнеске қарсы заң қабылдамау ұстанымы болып отыр» деп жауап берді. Серік Ерғали депутатты одан әрі қыспаққа алып: «Сіз мәселенің бір жағын ғана айтып отырсыз, жарнаманың бір жағында бизнес болса, екінші жағында тұтынушы бар, қай бизнес тұтынушысыз дамиды? Біз неге жарнамалық ақпаратты қазақтілді тұтынушының еркіне қарсы бағыттап, бизнесті дамытқымыз келеді? Бұл дұрыс емес! Бірігіп қолға алсақ, резонанс болып, бұл мәселе қоғамда дұрыс жолға қойылады, әзірге парламент тарапынан бұған үрке қараудан басқа ештеңе қолға алынып отырған жоқ!» - деді. Мәселенің тереңдеп бара жатқанын байқаған модератор отырысты қорыта бастады...

 Сөздің ашығы керек,  қазақ газеттерінің басшылары өздері басқарып отырған басылымның бағын ашып, бағасын арттыратын өзекті мәселелерді көтеріп парламентке, үкіметке барған емес.  Ал қазақ баспасөзінің тағыдыры тығырыққа тірелді... бірқатары электрондық нұсқаға көшіп, қағазға басылудан қала бастады. Осындан келіп туындайтын сауал: қазақ баспасөзінің жоқтаушысы бар ма? Газеттердің жоқтаушысы болып есептелетін редакторлар әкімдерге жаушылар жіберіп, жазылым ұйымдастыруға көмек сұрайды, әкім қаралар болса, бюджеттік  мекемелерде  қызмет жасайтындардың айлығынан әлгі сұрамсақ баспасөздің  таралымын жасап беретіні белгілі. Сөйтіп бір үйге бір газет екіден-үштен бума-бума болып келіп жатады. Осындай көтензорлықтың керегі не? Бұл әрекет қазақ газеттерін тығырықтан алып шыға ма?  

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5473