Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 1736 2 пікір 12 Ақпан, 2024 сағат 17:28

Бейбітшілік пен әділ қоғам - ең асыл құндылық

Сурет: qazaqtimes.com

Отанымыздың бақытты болашағы тек бірлікте. Қазақстан – бұл ортақ жер, бір­тұтас халық және ортақ келешек. Кез-келген елдің тілегі де, оның арманы да халқының бейбітшілігін сақтау екені сөзсіз.

Елінің экономикасын дамытып, халқының қауіпсіздігін нығайту арқылы ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Өйткені, бейбіт өмір бақыт, береке, бірлік әкелумен бірге, өрлеу мен өркендеуге жол ашады. Дана халқымыз «Байлық байлық емес, бірлік – байлық» деп бекер айтпаса керек. Бұқара халық әрдайым ты­ныш­тықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандайды. Ал ұрпағы­ның амандығы келешегінің кемел­дігін білдіреді. Бейбітшілікті сақтау, соғыс отын тұтатпау, бейбітшілік үшін күресу қазіргі ХХІ ғасырдың да ең өзекті мәселелерінің біріне айналды. Содан болар, халықаралық қоғамдастық бейбітшілікті жал­пыадамзаттық құндылықтар қата­рына қосып отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттары – елдің өркендеуіне бағытталған өршіл мақсаттардың жиынтығы болып табылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында атап өткендей, Қазақстан дамуының негізгі міндеттеріне Тұрақты даму мақсаттары аясында жүргізілетін жұмыстар бірінші кезекте атқарылуы тиіс. Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) — бұл Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттер 2030 жылдың соңына дейін қол жеткізуге бағытталған мақсаттарды қамтитын әмбебап әрекетке шақыру.Тұрақты даму мақсаттарының 16 мақсаты «Бейбітшілік,әділдік және тиімді институттар» екені баршаға мәлім. Тұрақты даму мақсаттарына жету үшін ең бастысы ел ішіндегі татулық маңызды. Біздің кейінгі ұрпаққа аман­аттар ең басты байлығымыз – Ел бірлігі болуы керек. Осынау жал­пыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз.Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең бас­ты назарда. Ел бірлігі – біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі. «Бірлік бар жерде – тірлік бар дейді» біздің дана халық. Дана жұрт мұны тегіннен тегін айтпаса керек. Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.

Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы ынтымақтастығы, бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы. Оны көздің қарашығындай сақтауға тырысуымыз керек. Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі — еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісімі, өзара түсіністігі мен сыйластығы болып табылады.

Болашағы мығым елдің тағы бір сатысысы-сот әділдігі.Әділ қоғам-ынтымағы нығаяюшы ел. Елімізде сот-құқықтық реформа қарқынды жүруде. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен  тиімді сот жүйесін құру, кадр саясатын жетілдіру бағытындағы жыл сайынғы Жолдауында берілген басым тапсырмалар негізінде жүзеге асырылып келеді. Бұл бағыттағы іс-шараларды толыққанды орындау әр судья мен заңгер маманның жеке жауапкершілігі мен кәсіби біліктілігіне байланысты.Сот төрелігін жүргізуде ел абыройын асқақтатып, азаматтардың заңды құқын қорғау, мемлекет мүддесін сақтап, әділдікті үне­мі тұрақты түрде ту етіп көтеріп жүру оңай емес. Алайда, ел судьяларына жүктелген басты міндет осы болғандықтан олар оны абыройлы орындап отыр. Сот төрелігі барысында заң­ды үкім, әділ шешім ең басты көрсеткіш. Қазақстан – құқықтың мемлекет болғандықтан, мемлекетіміздің басты кейіпкері соттар екені белгілі. Халқымызда «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген аталы сөз бар. Мұның мағынасы – билік айтушы ешкімді алаламайтын, адал, қара қылды қақ жарған әділ болу деген бабадан қалған астарлы ұғым. Сот жүйесінің дәл қазіргі уақыттағы жеткен басты биігі – халықтың сотқа деген сенімінің артуы. Сотына сенген ел өзінің келешегіне сенеді, балаларына алаңдамайды, мемлекетті сыйлайды, кәсібін уайымсыз жасап тәртіпке бас иеді. Халық сотқа соңғы үмітін арқалап келеді, әділдік сұрайды егер сот шешіміне көңілі толмаса бүкіл мемлекетке өкпе қалыптасады.
Сондықтан сот жүйесін одан әрі жетілдірудегі басым бағыттардың бірі және бірегейі соттың ашықтығы, жариялылығы, халық пен сот арасында екіжақты байланысты бекемдеу болып қала бермек.  Яғни соттардың шешімдері әділ болса, қоғамның мемлекетке деген сенімді көзқарасы арта түсері анық. Сот беделі сот шешімдерінің әділдігіне, судьялардың кәсіби біліктілігіне, ұстанған ұстанымы мен жеке басының қасиеттеріне байланысты. Әділдікті іздеген әрбір жүгініске судья ізгілікпен қарап, әділ билік айтудың үлгісін қалыптастыруға міндетті. Сондықтан мемлекетімізде сот жүйесі тек әділдікке негізделуі керек. Сот жүйесінің дәл қазіргі уақыттағы жеткен басты биігі – халықтың сотқа деген сенімінің артуы. Сотына сенген ел өзінің келешегіне сенеді, балаларына алаңдамайды, мемлекетті сыйлайды, кәсібін уайымсыз жасап тәртіпке бас иеді. Халық сотқа соңғы үмітін арқалап келеді, әділдік сұрайды егер сот шешіміне көңілі толмаса бүкіл мемлекетке өкпе қалыптасады.

Гүлзира Акимбекова, 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,  филология факультеті, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының доценті

Мейрамкүл Тлеулинова,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,  филология факультеті, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының докторанты

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2051