Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1010 1 пікір 13 Ақпан, 2024 сағат 20:01

Есепші компанияның 400 млн теңгесін ойынханаға салып жіберген

Фото: egemen.kz

Компанияның есепшісі болып жұмыс істейтін әйел компания иелеріне шетелге саламын деп уәде берген ақшаны жымқырған. Бұл туралы Abai.kz тілшісі Астана прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, хабарлайды.

Соттың үкімімен Астана тұрғыны құмар ойындарға ақша жұмсау үшін алаяқтық жолға түсіп, нәтижесінде 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Кінәлі әйел ЖШС-ның есепшісісбола отырып, мекеме иелеріне шет елге тиімді инвестициялар салу туралы жалған айтып, оларды алдау арқылы 385,9 млн. теңгеден астам қаражатын иемденген. Сотталған адам ұрланған ақшаның басым бөлігін казинода ұтылған", – деп  жазылған хабарламада.

Іс бойынша қатысқан мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдеді. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5627