Жексенбі, 24 Қараша 2024
Билік 2189 5 пікір 19 Ақпан, 2024 сағат 13:24

Жетісуға артылған сенім

«Сенім құдіретті күш, тауды да қозғайды»
Д.Қонаев.

Ел Президенті мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  2022 жылғы 16 наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысы кезінде Қазақстан халқына Жолдауында сөз сөйлеген болатын. Сол сөзінде  Алматы қаласының агломерациясына қатысты проблемалардың бар екенін атап өтіп, Алматы облысын екіге яғни – Жетісу және Алматы облыстарына бөлуді ұсынған еді. Осыдан кейін талайдың көңілі күпті болып енді қайтер екенбіз, қаржы көздері жоғары аталатын аудандар Алматы облысының еншісінде кетті Жетісуымыз аяққа тұра ала ма, жоқ әлде кенжелеп қалар мекен, - деген ой жетісулық әрбір жанның көкейінде жүрді. Тіптен алыстағы ауылда тұратын біздің де ойымыз осылай болған. Алайда ол ойымыз бекер болды, биылғы жылы облысымыздың құрылғанына тұп-тура екі жыл болады екен. Тәуба, талай нәрсені еңсеріп тастадық, осы тұста Қасым-Жомарт Кемелұлының стратегиялық қадамы өңірге депламат Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев мырзаны тағайындауы ол кісінің арман мақсатының тым терең екенін аңғартып, біздің жүрегімізге сенім отын ұялатты. Ол кісі келе сала ауыл, аудандарды аралап халықты тікелей өзі тыңдаған кезде аң таң болғанымыз рас, себебі бұрындары әкімге сөйлеу былай тұрсын көрмейтін де едік. Бұл кісі халықтың ортасынан бірақ шыққаны біз үшін таңсық жағдай болғанын мойындау керек. Бейбіт Өксікбайұлы біздің киелі мекен Алакөлімізге келіп халықпен кездескен кезде ол кісінің сөзіне иланбаған адам жоқ шығар. Әдеби көркем тілде сөйлеп қана қоймай, әр сөздің астарын аңғарып сөйлеуінің өзі халыққа деген құрмет былай тұрсын үлкен мәдениеттілік дер едім. Сол жиында орынымнан тұрып ол кісіге өз ауылымның шешілуі күрделі болған біршама өтініш айтқан едім, жыл соңына жеткізбей тиісті басқарма басшыларына тапсырма беріп  менің өтінішімді орындап бергеніне риза болдым. Жалпы сұлулығымен тамсандырған, ақындардың жырына арқау болып, талайларға ән салдырған киелі Жетісуды сөзбен суреттеп жеткізу мүмкін емес. Табиғаттың барлық сұлулығын өз бойына жинап алған Жетісудың өзен-көлдері, тау-тастары мен жазық даласы сан мыңдаған тарихтан сыр шертетіні анық.

Суретті мақала авторы ұсынды

Жетісу жайлы сөз қозғасақ, оның ерекше табиғаты жайлы айтпай өту мүмкін емес. Жетісу – көне мәдениеттің ордасы, өлкенің тарихы ғасырлар қойнауына сүңгіп жатыр, мұның айқын дәлелі – ежелгі ескерткіштер мен археологиялық жәдігерлер. Жетісуды мекендеген ежелгі Сақ, Үйсін, Қаңлы тайпаларынан бізге қалған баға жетпес мұра – Тамғалы тас.

Суретті мақала авторы ұсынды

Осындай тарихы сан ғасырлық ұрпаққа азық болатын киелі мекенге әдебиетпен мәдениеттің, өнер мен дәстүрдің халық пен қарашаның қадірін білетін  қаламгер, журналист, академик, I сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл Бейбіт  Өксікбайұлы келуі ол жетісулықтардың ең үлкен жеңісі. Облысымыз құрылғанына аз уақыт болса да өңірдің даму өсу жолдары тым жоғары, ол әрине табанды басшының талантты қасиеті деп ұғамыз. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары туралы аз кем айта кетсем. Жыл басындағы жетісулық ағайынның саны 698,0 мың адамды құрады, оның айқын дәлелі  еліміз­­­­де­­гі 18, 19 миллионыншы тұр­­­­­ғын­дар­ Жетісу өңірінде дүниеге келіп жетісулық ағайынның қуанышы еселенгенін білесіздер. Ал енді 20 мил­лио­­нын­шы­ тұрғын да облысымыздың орталығы Тал­ды­қор­ған қаласында дүниеге келгенін  ести сала облысымыздың әкімі Бейбіт Исабаев қалалық перзентханаға арнайы барып, жас отбасыны қуанышымен құттықтағанын көгілдір экран арқылы көрген кезде, көзіміз қуаныштың жасына толды, өз сөзінде Бейбіт Өксікбайұлы «20 миллионыншы тұрғынның туу бақыты Жетісу жеріне бұйырған екен. Бұл – тарихы терең, қазыналы жер. Сол байтақ мекеннің бір перзенті болу – үлкен мәртебе. Тіл-көзден аман болсын. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін. Балалар – біздің байлығымыз! Әрбір сәбидің аман-есен жер жәннаты Жетісуда өмірге келуі – біз үшін үлкен қуаныш. Осындай жақсылықтар жақсылыққа ұласа берсін. Айсұлтанның дені сау, ғұмыры ұзақ, болашағы жарқын болсын!», деп көпбалалы отбасына Президент атынан арнайы сыйлықпен қатар, «Отбасы банкінің» 2 млн теңгелік сертификатын табыстады. Жалпы облыстағы тұрмыс деңгейі Халықтың жан басына шаққандағы атаулы орташа ақшалай табыстары 2023 жылғы III тоқсанда 124184 теңгені құрады және 2022 жылдың III тоқсанмен салыстырғанда 18,5% - есеге көбейді.

Баға статистикасы тұтыну бағасының индексі 2024 жылғы қаңтардағы 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 100,9% құрады. Баға азық-түлік тауарларға 1,2% ,азық-түлік емес тауарларға  0,2%, халыққа ақылы қызмет көрсету - 1,1% өсті. Өнеркәсіп өнімдерін өндіретін кәсіпорындардың бағасы 2024 жылғы қаңтарды 2023 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1,4%-ға төмендеді. Оған себеп халық тұтынатын әрі өз облысымызда өндірілетін азық түліктерді өндірушілерге жасалып жатқан жақсылықтың молдығы осының барлығын облыс әкімі тікелей өзі қадағалап қарап отыруында. Қазір ауылдағы жастарға қайтарымсыз несиелер беріп ауыл жастарының да кәсіпке бет бұруының өзін ол кісі әркез айтып отырады. Қолдау бар, нақтылы істер бар, міне жетісік осы.

Суретті мақала авторы ұсынды

Облыстағы жалпы еңбек нарығы және еңбекақы 2023 жылғы IV тоқсанда жұмыссыздар саны 14,9 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің санына 4,8%-ды құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2023 жылғы III тоқсан соңына 15,4 адамды, немесе жұмыс күшінің санына 4,8%-ды құрады.

2023 жылғы IV тоқсанда қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарсыз) 288182 теңгені құрады, 2022 жылғы IV тоқсанға өсім 15,0%-ды құрады. Нақты жалақы индексі 2023 жылғы IV тоқсанда 103,8%-ды құрады. Ал Жетісудағы экономиканың нақты секторы 2023 жылғы қаңтар-қыркүйекке жалпы өңірлік өнім көлемі 1207954,8 млн. теңгені, немесе 2022 жылғы сәйкес кезеңге 115% құрады. ЖӨӨ құрылымында тауар өндіру үлесі 37,4%, қызмет көрсету 54,3%, өнімге таза салықтар 8,3% құрады. 2024 жылғы қаңтар айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларға шаққанда 21628,4 млн. теңгені құрады. 2024 жылғы қаңтарда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (көрсетілген қызметінің) көлемі 11109,2 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы қаңтарға қарағанда 2,5% артық. 2024 жылғы қаңтарда құрылыс жұмыстарының (көрсетілген қызметтердің) көлемі 655,9 млн. теңгені құрап, 2023 жылғы қаңтардағы деңгейге 117,8% құрады. 2024 жылғы қаңтарда жүк айналымының көлемі 1135,6 млн құрады. Көлік саласы 2023 жылғы қаңтардан бастап автомобиль көлігіндегі жүктерді және жолаушыларды коммерциялық тасымалдауды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер қызметінің көрсеткіштерін қалыптастыру жөніндегі әдіснамалық тәсілдің өзгеруін ескере отырып қалыптастырылды. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырмалы деректерді алу мақсатында көлік саласының 2022 жылғы негізгі көрсеткіштері қайта қалыптастырылды немесе 2023 жылғы қаңтарға 100,2% -ды құрады. Жолаушылар айналымының көлемі 50,9 млн. жкм, немесе 2023 жылғы қаңтарға 93,5%. 2024 жылғы қаңтарда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 11149,9 млн. теңгені, немесе 2023 жылғы сәйкес кезеңге 205,7% құрады. Кәсіпорын статистикасы

2024 жылғы 1 ақпанға жағдайға тіркелген заңды тұлғалардың саны 8176 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,4% ұлғайды, соның ішінде қызметкерлер саны 100 адамнан кем заңды тұлғалар 7945 бірлікті құрады. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 6563 бірлікті құрады, оның ішінде 6333 бірлік – шағын кәсіпорындар. Облыстағы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің (заңды тұлғалар) саны 6102 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,5% үлғайды. Сауда 2024 жылғы қаңтарда бөлшек сауда көлемі 20 440,0 мың теңгені құрады, немесе 2023 жылғы сәйкес кезеңнің деңгейінен 29,4% артық. 2024 жылғы қаңтарда көтерме сауда көлемі 20 130,4 мың теңгені құрады.  Екі жыл уақыт аз да, көп те емес бастысы жетісудың ауыз толтырып айтар жақсылықтары жетерлік, әрине үкімет те, ел президенті де бұдан хабардар, бастысы жетісуға артылған үміт ақталуда, біздер бұнымен тоқтамаймыз дамудың даңғыл жолына жаңа қадам жасаймыз. Ол үшін бізге күш, жігер, қайрат және басшыға деген сенім қажет. Жетісу жеті өзен бастауындағы қасиетті мекен.  Жалпы Бұл аймақтың «жер жәннаты – Жетісу» аталатыны неліктен? Ал «Жетісу» атауы нені білдіреді? Ғалымдар өңірдің Жетісу аталуын жеті түрлі өзенмен байланыстырады. Алайда нақты қай өзендер дегенде олардың пікірлері сан тарапқа бөлінеді. Мысалы, А.К. Гейнс жеті өзенге: Лепсі, Басқан, Сарқан, Ақсу, Бүйен, Қаратал және Көксу өзендерін жатқызса, А.Влангали Басқан, Сарқан өзендерінің орнына солтүстік-шығыстағы Аягөз, оңтүстік-шығыстағы Іле өзендерін атайды. Ал кейбір географтар өңірдің шығу тарихы нақты өзендермен емес жалпылама алғанда өзенге бай өңір болғасын және қазақта жеті санын киелі санауымен байланыстырады. Жетісу аумағы Солтүстіктен Оңтүстікке дейін 900 шақырым және Шығыстан Батысқа дейін 800 шақырымды алып жатыр. Осындай ұлан-ғайыр алқаптың табиғаты да әртүрлі. Таудың етегі ауасы ылғалды, салқын болса, енді бір жерлерде көк майсаға бай, өзендер мен тау бұлақтары көп, егін егіп, мал жаюға өте қолайлы жерлер кездесетіндіктен деп жатады. Әйтесе шынымен  Жетісу – аграрлы өңір дегенімізбен, ауыл шаруашылығынан бөлек басқа да ба­ғытта ілгерілеу баршылық. Мәселен, металлургиялық кешендерді жаңғыртып, қай­та өңдеу саласында да біршама жаңалықтарымыз бар. Мемлекет басшысы айтқандай әр өңірдің өзіне сай бағыт-бағдары бо­лу­ға тиіс. Қазір облыста туризм саласын дамытуға да ерекше көңіл бөлініп жатыр. Соған сай жолдар жөнделіп, инфра­құ­рылым біртіндеп реттеліп келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында: «Біз эконо­ми­ка­мыз­да қордаланған мәселелерді жақсы білеміз. Мысалы, шикі­зат­қа әлі де тәуелдіміз. Еңбек өнімділігі төмен, инновация жет­кіліксіз. Ұлттық табыстың игі­­лігін жұрттың бәрі бірдей көріп отырған жоқ», деп ел эко­номи­касындағы мәселелерге тоқ­тал­ған еді. Уақытында сол сөзге дұрыс мән бермеген едік, енді міне облыс әкімінің тікелей тапсырмасына сәйкес ауылды жерде қызмет атқарамын деген жетісулық жастарға үлкен мүмкіндіктер туып жатыр. Ол  ауылға барған әр жас дәрігерлерді қолдау үшін облыс қазынасынан қомақты қаражат бөліп отыр, облыс әкімінің тағы бір  үлкен жобасы Жетісу облысы әкімдігі мен «Отбасы банк» арасында 2023-2025 жылдарға арналған «Жетісу жастары» бағдарламасы. Облыс орталығындағы талай жастардың баспаналы болуының өзі осы Бейбіт Өксікбайұлының тікелей еңбегінің жеңісі, уәдеге берік осындай азаматтың облыс басқарып келуінің өзі біз үшін үлкен қуаныш. Ол кісі алдына барсаң мінезімен қарсы алатын адам қабақ шытып емес, күлімдеп қарсы алғанда айтар ойыңды соңына дейін асықпай тыңдағанда сабырлықтың алтын қоры сол кісіден басталған ба деп қаласың. Иә тік мінезде бар, бірақ ол мінез халыққа емес қатардағы қызметкерге, себебі нақты істің адамына ғана емес, тегінде мінезсіз адам да басшы да болмайды. Мінез болу керек, бірақ ол кісінің халыққа деген мінезі өте ерекше әрі жетісулықтарға жайлы. Бір ғана алакөлдік біздер үшін қаншама ауқымды жобаларды іске асырып жатқанына көңіл қуантады. Шалғайдағы ауылдардың өзіне тұрғын үйлер салдырып  мамандарға бергізіп жатқаны тіптен керемет ол кісі ауданымызға келген сайын алдымен халықтың өтінішін тыңдап, артынша 120 көп пәтерлі үй салуға пәрмен беріп кетеді, халық аң таң ал қазір сол пәтерлердің алды беріліп артының жөндеу жұмыстары бітіп жатыр бұл қуаныш емей немене?! Мен жағынып, болмаса жағымпазданып айтып отырғаным жоқ, көзім көріп, құлағым естіп өзім де ол кісінің алдына жеке қабылдауына барып ауылымның мәселесін айтып көрген соң, ішкі ризалығымды сыртқа шығарып отырмын. Қаншама ауыз толтырып айтар жақсылықтарымыз жетерлік, оның барлығын бір екі бетке сыйдыру мүмкін емес, ауыл шарушылық, құрылыс, туризм оған жекелеп келешекте тоқталатын боламын.

Бұл жетісулық ағайынның Бейбіт Өксікбайұлымен екі жылда жеткен жетістіктері.

Ербол Ақшолақов,

Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Қабанбай ауылы

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5607