Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 973 4 пікір 19 Ақпан, 2024 сағат 15:45

ҚазҰУ-дың ғылыми жетістіктері

Көрнекілік сурет ҚазҰУ сайтынан алынды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – Қазақстандағы ең беделді оқу орындарының бірі.

Соңғы уақытта университет өз дамуын жалғастырып, жоғары сапалы білім мен ғылыми зерттеулерге ұмтылып, сонымен қатар студенттер мен оқытушылардың жұмыс жасауына қолайлы жағдай тудыруда.Қазіргі таңда университет инфрақұрылымын жетілдірді, бұл жан- жақты білім алу үшін қолайлы жағдайлар жасауға мүмкіндік берді. Аудиторияларды, кітапханаларды, ғылыми зертханаларды жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, білім сапасын арттыруға және студенттер мен мұғалімдердің ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға бағытталған бірнеше жаңа жобалар іске қосылды.Оқу ордамызда ғылыми зерттеулер саласында дамуды жалғастыруда. Университетте медицина, техника, экономика және технологияны қоса алғанда, әртүрлі ғылыми салаларға арналған бірнеше ғылыми орталықтар бар. Ғылыми орталықтар халықаралық университеттермен және ғылыми-зерттеу институттарымен тығыз байланыста жұмыс істейді, бұл ғалымдардың халықаралық жобаларға және бірлескен зерттеулерге қатысуына мүмкіндік береді. Халықаралық QS рейтингінде бой көрсетіп,Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында ғана емес, Орталық Азия мен ТМД елдерінде көшбасшылық позициясын орнықтырды. 2022 жылы 25 шілдеде ел Үкіметінің қаулысымен қара­­шаңыраққа «зерттеу университеті» мәртебесі берілді.

Университетіміз  «Студенттердің ғы­лыми-зерттеу жұмыстарын ұйым­дас­тыру», «Ғылыми-технологиялық дамуды қам­тамасыз етудің нормативтік-құқық­тық базасы», «Инновациялық универси­тет экожүйесі: технопарктерді, зерттеу хаб­тарын, инжинирингтік орта­лық­тар­ды және бизнес-инкубаторларды іске асырудың сәтті кейстері» бағыттары бойынша жұмыс атқаруда.Ғылым, білім беру және инновациялық өндіріс интеграциясы нәтижесінде, ҚазҰУ танымал әлемдік зерттеу университет­тері қатарында. Университет жоғары техно­логиялар аумағын құрып, алдыңғы қатарлы технологиялық шешімдерді даярлау мен инновациялық өнімдерді өндіріске енгізу платформасына айналды. Осы бағыттағы ізденістер Оңтүстік Корея, Ресей және Қазақстанның ғылыми-жобалық ұйымдарын тарту арқылы жүзе­ге асырылуда.Университетте құрылған ғылы­ми-технологиялық парк, иннова­ция­лық процестер орталығы мен «Жа­сыл технологиялар» орталығы заманауи ин­женерлік және ғылымды қажет ете­­тін технологиялардың кластерін қа­лып­т­астырды.Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың  басшылығы жас ғалымдардың, талантты студенттердің шығармашылық, ғылыми әлеуетін дамытуда университет барлық қажетті жағдайды жасауда.Оның дәлелі ретінде,ҚазҰУ-да Ғылым және жоғары білім министрлігінің «Жас ғалым» жобасының жеңімпаздары бар. Көпшілігі әлемнің жетекші университеттері мен орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтті. Жас зерттеушілердің ғылыми жетістіктері Қазақстанда және шетелдерде жоғары бағаға ие.Оқу ордамыздың басшылығының бастамасымен құрылған «Жас ғалымдар кеңесі» бар. Жас ғалымдар кеңесі университет қабырғасында ғылыммен айналысатын жас маман өкілдерін біріктіруші бірлестік болып табылады. Жас ғалымдар: постдокторанттар, PhD докторанттар және жас буын магистранттар. Барлығы университетіміздің және еліміздің өркендеуі мен дамуы жолында негізін қалаушы кірпіш іспеттес.Қазіргі таңда жас ғалымдар кеңесі аясында атқарылатын жұмыстар жас ғалымдардың кәсіби тұрғыда дамуына, өзекті ғылыми мәселелерді шешуге және еліміздегі басым ғылыми бағыттарда зерттеу жүргізуге, сонымен қатар жас ғалымдардың инновациялық қызметін дамыту үшін олардың күш-жігерін біріктіруге бағытталған. Жыл сайын іс-шаралар жоспары шеңберінде дөңгелек үстелдер, ғылыми семинарлар, ғылыми жетістіктері және тәжірибелерімен бөлісу үшін ғылыми қоғамдастық өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, арнайы тәжірибелік сағаттар өткізіледі.   Университетте сапалы білім алғысы келетін әрбір студент үшін бірқатар лайықты мүмкіндіктер бар.Профессорлық-оқытушылар құрамы да ел болашағы болар жас мамандарды әрқашан қолдауға дайын.

Турсынкулова Д.А.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының заң ғылымдарының кандидаты

Аханова Д.С.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті заң факультетінің магистранты

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1495
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3266
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5608