Қазақ операсының Құлагері - Ермек Серкебаев дүниеден өтті
Қазақ операсының Құлагері - Ермек Серкебаев дүниеден өтті
Қазақ опера өнерінің шоқ жұлдызы Ермек Серкебаев 88-ге қараған шағында дүние салды.
Ермек Бекмұхамедұлы қазақ опера өнерінің дамуына үлкен үлес қсоып, халық ықыласына бөленген ерен талант иесі. Бірнеше буын ұрпақ әйлігі қазақ операсының жауһарларын Серкебаевтың даусымен танып, жүрегіне ұялатты. Қазақ операсының бүгінгі жетістігі һәм тарихы Серкебаев есімімен тығыз байланысты.
Abai.kz тобы марқұмның отбасы, ағайын-туыстары, өнердегі аға-інілері, шәкірттерінің қайғысына ортақтаса отырып, көңіл айтады.
Abai.kz
Ермек Бекмұхамедұлы Серкебаев 1926 жылы 4-нші шілдеде, Қызылжар қаласында дүниеге келген.

Үшінші сыныптан кейін Алматыдағы № 54 мектепте оқуын жалғастырған Ермек Серкебаев жетінші сыныпқа көшкенде П. И. Чайковский атындағы музыкалық училищеге ауысты. 1941—1943 жылдары П. Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесінде скрипка класы бойынша оқыған Серкебае отбасының материалдық жағдайы қиындағандықтан, оқуын тастап кетуге мәжбүр болды. Тағдыр оны радиоға дикторлыққа әкелді, оған қоса киностудияда қызмет атқарды. Оның операға келуіне хор жетекшісі Антон Максимович Москаленко әсер етті. Серкебаевтың скрипкада ойнай білетінін естіген Москаленко оны хорға әншілікке шақырды. Ермек бірден әйгілі опералардағы классикалық арияларды орындай бастады. Мәскеуде әндерін үнтаспаға жаздырды. Сол кезде Левинтанмен танысады.
1946 жылы консерваторияға қабылданады. Е. Серкебаев консерваторияны 1951 жылы Кургановтың сыныбында тәмамдаған соң опера және балет театрына оралады. Консерваторияны бітірер жылы Абай рөлін орындайды. Одан әрі «Евгений Онегин» операсында – Евгений, «Травиатадағы» — Жермон рөлдерін жоғары дәрежеде шырқайды. Келесі рөлі — «Севиль шаштаразындағы» - Фигаро.
1951 жылы Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын (вокал бойынша) бітірген. Студент кезінде Абай атындағы Опера және балет театрының шығармашылық ұжымына қызмет істеген. Абай партиясын (А. Жұбанов пен Л. Хамиди, «Абай») орындаған. «1973» жылы Алматы консерваториясының жеке дауыста ән айту кафедрасының оқытушысы болған.
Серкебаев орындаған партиялардың ішінде Қожағұл, Амангелді (М. Төлебаев, «Біржан мен Сара»; М.Төлебаев және Е.Брусиловский, «Амангелді»), Абай, Серке (А.Жұбанов пен Л.Хамиди, "Абай"; С.Мұхамеджанов, "Айсұлу"), Тарғын, Артем (Е.Брусиловский, "Ер Тарғын", "Дударай"), Онегин, Елецкий (П.Чайковский, "Евгений Онегин", "Пиковая дама"), Петруччио (В.Шебалин, "Укрощение строптивой"), Фигаро (Дж.Россини, "Севильский цирюльник"), Валентин ("Фауст"), т.б. бар. Әнші репертуарында қазақтың халық әндері, орыс және шет ел композиторларының шығармалары бар. Шет елдерде (Румыния, Пәкстан, Франция, Үндістан, Қытай, Бельгия, Куба, Швейцария, Швеция, Финляндия, т.б.) өнер көрсеткен. Киноға да түскен ("Біздің сүікті дәрігер", "Тақиялы періште", т.б.). 7-шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінің, 8-11-шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты. Вокалистер конкурсының (Будапешт, 1953) лауреаты. КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1977) және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының (1972) иегері. "Музыка" номинациясы бойынша 2000 ж. "Тарлан" сыйлығын жеңіп алған. "Отан" , 2 мәрте Ленин, Қазан революциясы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен және медалдермен марапаталған.