Жексенбі, 24 Қараша 2024
Ел іші... 1372 3 пікір 27 Ақпан, 2024 сағат 16:10

"Дипломаттың" дауы: Экс-министр сотта не деді?

Сурет: almaty.tv

Қазір жыры бітпеген экс-министр, Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы БАҚ күнделікті азығына айналғаны жасырын емес.

Соттан сотқа сүйреліп жүрген Арыстанбек Мұхамедиұлы өзіне жарыссөз берілген кезде:

"Өмірде әркімнің өз кредосы бар. Менің кредом: ата-анама, ұстаздарыма, армандарымды жүзеге асыруға көмектескендерге, бала мен бақыт сыйлаған әйеліме алғыс айту. Сондай-ақ "Дипломат" қонақ үйіне қатысты тағылған айыптардың күшінде екенін айтқан прокурорға алғыс айтқым келеді. "Дипломат" қонақ үйі - қазіргі уақытта менің айналамда болып жатқан барлық оқиғаның негізгі факторы.

Белгілі заңгермен келісімге келгенімде, ол бірден Антикорға барып, "Дипломат" қонақ үйінде бұл масқараны – рейдерлік әрекеттерді тоқтататынын айтты. "Мен одан істің сотқа дейін баруын сұрадым", - деді.

Экс-министрдің "Дипломатқа" қатысы болуының басты себебі - халықаралық қонақ үй бизнесі университетін ашу жоспары болғандығынан бәріміз білеміз. Арыстанбек Мұхамедиұлы қонақ үйде алғашқы оқу орны – колледж ашып, Алматыда Нью-Йорк киноакадемиясының филиалын ашуды көздеген болатын. Бұның бәрі соталушының сөзінде ашылып айтылды.

Оның басты кінәсі оның келісімдерге қол қойылып, оқыту бағдарламалары дайындалғанынан туындап отыр. Сотталушы бұны: "шайтан жолды қара мысықтай кесіп өткендіктен" деп айтты.

Енді осы тақырыпқа қатысты сотталушы не дегенін одан ары келтіре кетейік:

"Біраз уақыттан кейін бұл жоспарларымды жүзеге асыра алатыныма сенімдімін. Мақсат – арманның орындалуы. Сіз өз үкіміңізбен менен бірнеше жылдық еркіндігімді ала аласыз, бірақ менің арманымды ешкім тартып ала алмайды. Мақсатым – "Дипломат" қонақүйіне қатысты маған тағылған айыптардың бәрі ойдан шығарылған оқиға екенін дәлелдеу", - деді ол.

Бас айта кететін бір нәрсе: Мұхамедиұлы бұл іс бойынша жәбірленуші өз тарапынан екі "кінәсіз адамды" сотқа жүгінтіп, түрмеге қамап қана қоймай, "серіктестерінің бизнесін тартып алғаны" болды. Мұхамедиұлы бұл орайда жәбірленушінің басты ниеті қонақүйдің жұмыс істеуіне жол бермеу деп отыр дегенді алға тартты.

Сонымен Мұхамедиұлының өзі және оның отбасы қонақүйдің қызметін жақсартуға 115 миллион теңге инвестициялап қана қоймай, қонақ үй бизнесінің майын ішікен түркі ағайындарды іске тартып, өз қалтасынан Түркиядан келген үш басқарушының ұшып-келу және Қазақстанда тұру ақысын төлегенін тілге тиек етті.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5547