Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2318 0 пікір 14 Қыркүйек, 2009 сағат 07:11

Гүлнұр Сейілхан. Келімбетовтың сынына Медведев жауап берді

Орынборда өткен Қазақстан-Ресей аймақаралық форумы кезінде ресейлік серіктестердің  Екібастұз көмірінің орнына өзге көмірді  сатып алып жатқандығы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қорының Басқарма Төрағасы Қайрат Келімбетовтің сынына ілікті.

«Былтырғы жылдың  көрсеткішімен салыстырғанда, 2009 жылы Екібастұз көмірінің экспорты 51 пайызға азайған. Бұған себеп - Ресей   энергостанцияларының  Қазақстанның көмірін  өзге көмірмен алмастыруы. Ал олар  біздің  көмірді бұрынғыдай  пайдаланса,  одан екі ел де ұтар еді» деген Келімбетовтың сөзіне   Ресей президенті Дмитрий Медведев түсініктеме берді.

«Шындығында да бұл маңызды жайт. Сондықтан,  мәселеге дұрыс қырынан қарап, келісімге келіп, қайтып қозғамайтындай,  болашақта  жұмыс істейтіндей етуге болады»  деді Медведев.

Қазақстандық  топ-истэблишменттің  екі ел арасындағы мәселелерде   мұндай бастамалар, ұсыныстар жасауы  тіпті  сирек. Ал енді  осы секілді сыни  пікірлерге өзге елдің президенттерінің түсініктеме беруі бұған дейін  болмаған жайт.

Негізі, дәл осы Екібастұз  көмірін өзге шикізатпен алмастыру секілді  мәселеде,  серіктестердің өздеріне жүктелген  міндетті,  арадағы келісім шартты бұзуы - әлемдік  тәжірбиеде  кәдімгідей айқай-шу туғызатынын да айта кету керек.

Жалпы,  соңғы аптада Қазақстан-Ресей  басшыларының кездесуі кезінде біздің  ел тұрғысынан тиімді боларлықтай 2 мәселе көтерілді.

Біріншісі, ҚР Президентінің Ертіс өзеніне  қатысты Қытаймен арадағы кейбір мәселелерде Ресейді серіктес етіп алып, бірігіп келісімдерге келуге мүдделілік танытуы; Расын айту керек,   мұндай жағдайда серіктестіктің берері мол.

Екіншісі, Каспий теңізі мен Қара теңіз арасындағы  кеме жүрерліктей канал салу мәселесінің қайтадан қозғалуы. ҚР Президентінің   бұл ұсынысына  РФ Президенті келесі жылдың  ақпан-наурыз айында  кеңесшілерінің  арнайы есебі  дайын болатынын айтты.

Екі теңіз арасында бұл канал салынар болса,  бәрінен бұрын Қазақстанға  пайдалы: ашық теңізге, әрі қарай мұхитқа қарай  ашылар жол - Қазақстан   шикізатының әлемдік нарыққа шығу жолын кеңітеді, құнын арзандатады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435