Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3848 0 пікір 4 Желтоқсан, 2013 сағат 08:03

«Абай жолын» стенографиялаған - Данабике

  • Қазақтың тұңғыш стенографисі, қарымды қаламгер Д.Байқадамованың туғанына 100 жыл

Қазақтың тұңғыш стенографисі, «Алма ағашы гүлдегенде», «Мен білетін Әуезов» атты естеліктердің, «Қазақ стенографиясы» оқулығының авторы, жазушы Данабике Байқадамованың туғанына 100толып отыр. Жоғарыда аталған әдеби естеліктерді ұрпақтарымызға қалдырған қарымды қаламгер, «Абай жолы» тәрізді ұлы шығарманы стенографиялаған қазақтың алғашқы стенографисі Данабике Байқадамованың есімін  осы мерей күнінде лайықты атап өту  әр азаматтың, әр журналистің парызы десем артық болмас.

Данабике Байқадамова атақты Байқадамовтар әулетінің ұрпағы. Ол  1913 -жылы 9- желтоқсанда Торғай поселкесінде туған.  Әкесі Байқадам Қаралдин мен шешесі Үрзипа Қаралдина өз заманындағы оқыған, белсенді қызмет атқарған кісілер. Үрзипа апай Байқадамға күйеуге шықпай тұрған кезінде-ақ  Петерборда оқып, орысша, франузша тіл білген кісі екен. Міне, Торғай жерінен шыққан осындай қазақ оқығандарының отбасында Данабике, Күнімжан, Бақытжан, Айсұлу дүниеге келіпті.

  • Қазақтың тұңғыш стенографисі, қарымды қаламгер Д.Байқадамованың туғанына 100 жыл

Қазақтың тұңғыш стенографисі, «Алма ағашы гүлдегенде», «Мен білетін Әуезов» атты естеліктердің, «Қазақ стенографиясы» оқулығының авторы, жазушы Данабике Байқадамованың туғанына 100толып отыр. Жоғарыда аталған әдеби естеліктерді ұрпақтарымызға қалдырған қарымды қаламгер, «Абай жолы» тәрізді ұлы шығарманы стенографиялаған қазақтың алғашқы стенографисі Данабике Байқадамованың есімін  осы мерей күнінде лайықты атап өту  әр азаматтың, әр журналистің парызы десем артық болмас.

Данабике Байқадамова атақты Байқадамовтар әулетінің ұрпағы. Ол  1913 -жылы 9- желтоқсанда Торғай поселкесінде туған.  Әкесі Байқадам Қаралдин мен шешесі Үрзипа Қаралдина өз заманындағы оқыған, белсенді қызмет атқарған кісілер. Үрзипа апай Байқадамға күйеуге шықпай тұрған кезінде-ақ  Петерборда оқып, орысша, франузша тіл білген кісі екен. Міне, Торғай жерінен шыққан осындай қазақ оқығандарының отбасында Данабике, Күнімжан, Бақытжан, Айсұлу дүниеге келіпті.

Байқадамның тұңғышы Данабике қилы заманды басынан өткерді, екі дәуірдің  куәсі. Әкесі Байқадам өз заманының алдыңғы қатарында жүрген кісі. Оның «Торғай уезіндегі жер өңдеу мәселесі» атты мақаласы 1902-жылы «Тургайская газетінде жарияланған. Ал,ол 1916-жылы Амангелді бастаған ұлт азаттық көтерілісіне белсене араласқаны үшін оны далалық өлке генерал губернаторы Эверсман тұтқындап, өлім жазасына кескен. Содан 1917-қазақ жеріне түрлі өкімет ауысқан тұста түрмеден босатылған екен. 1919- Мәскеуге барып, Лениннің қабылдауында болып Қазақ автономиясы туралы мәселе көтергендердің тізімінің ішінде Ахмет Байтұрсынов, Ә.Жангелдинмен бірге Байқадам Қаралдинніңде есімі бар. Б.Қаралдин  Кеңес тұсында біраз уақыт қызмет атқарып жүріп, 1928-жылы түрмеге жабылып, 1930-жылы ОГПУдің шешімімен атылады. Б.Қаралдин ОГПУдің оғынан қаза тапқанша Семей, Қостанай түрмелерінде отырған. Қостанай түрмесінде отырғанда есі кіріп, ержетіп қалған қызы Данабикеге өлеңмен хат жолдаған екен:

«Қарағым,көзімнің нұры қалқам, Данаш,

Қоршады- ау, бақытсыздық болмай толас.

Қандыра мейірімді сүйем десем,

Жетпейді амалым не,жайған құлаш.

Ел талап, кісі өлтіген ұрлығым жоқ,

Қиянат жауыздықпен зорлығым жоқ,

Зарығып ақ түрмеде папаң отыр,

Кінәсіз әділетсіз қорлығын көп...». Екінші рет Семей түрмесінен өлеңмен жазылған хатында:

«...Бала егер ақылды боп туса бүгін,

Ақтайды ата күшін, ана сүтін.

Баладан осал мінез көре қалса,

Ішіне ата ананың толар түтін,

Мамаңа болғын тіреу, жаным, Данаш,

Әр іске ақыл жұмсап, еппен жанас.

Мамаңды менен басқа тапсырарлық,

Кімім бар  білетін өзің санас!» депті.

Асыл ер Бақаң енді өмірден күдерін үзіп, артында қалған ес білетін Данабикесін сүйеу көріп, шешесі Үрзипаға, артындағы інісі мен сіңілілеріне тіреу боларына үмітін артқан. Данабике әке үмітін ақтап, сол бір қиын қыстау заманда қуғын көріп жүргендеріне қарамай, бүкіл отбасын аштықтанда, қуғыннанда аман -есен алып шықты.  

Бұл кісі ақталғанша (1958-ж) артында қалған отбасының көрмеген қорлығы жоқ. Байқадамды атқаны аз болғандай,ОГПУ 1937-жылыДанабикенің күйеуі Қожахметов Арысландыда ұстап әкетіп, ақыры атты.Мұнан кейін Байқадамовтар талай қуғынды да, аштықтыда бастарынан өткерді. Профессор Күнімжан Байқадамова өздерінің басынан кешкен осы ауыр кезеңдерді «Байқадамовтар әулеті» кітабында жақсы суреттеген. Сондай бір қиын шақта бұларға Әлиби Жангелдин қол ұшын бергенін үнемі айтып отырады. Тағдырлары қандай қиын болсада, Байқадамовтар отбасынан Данабике (қазақтың тұңғыш стенографисі, жазушы), Күнімжан (профессор, «Байқадамовтар әулеті» кітабының авторы, Бақытжан (халық әртісі, атақты композитор), Айсұлу(белгілі опера әншісі) тәрізді елге белгілі тұлғалар өсіп шықты.

Бірақ, Данабике Байқадамова туралы бұл жолғы әңгіменің жөні бөлек.Қазақтың тұңғыш стенографисі Д.Байқадамованың есімі Қазақ эниклопедиясына енген. Ол кісінің көптеген қоғам қайраткерлері мен тарихи тұлғаларының баяндамаларын, лекцияларын стенографиялағаны туралы көптеген әдеби еңбектерде айтылып та, жазылып та жүр. Дегенмен, Данабике Байқадамованың  заманымыздың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын стенографиялағаны қазақ әдебиеті тарихына енген еңбек десек артық айтпасақ керек. Данабике Байқадамова Мұхтар Әуезовтің жоғары оқу орындарында оқыған дәрістерін стенографиялауды 1947-жылы бастапты. Ұлы жазушыға Д.Байқадамованың айтқан сөздерін жазу жылдамдығы ұнаған болуы керек,келесі жылы  өзінің романын стенографиялауға шақырады. Д.Байқадамова Мұхаңның «Абай жолы» эпопеясын стенографиялауды 1948- қыркүйекте бастағанын жазған. М.Әуезов бұған дейін өзінің шығармаларын ғаріпті мәшинкеде бастырып жүріпті. Д.Байқадамованың «Мен білетін Әуезов» атты естелігінде ұлы жазушы өз туындыларын стенографиялауды осы «Абай жолынан» бастағаны айтылады. Мұхаң эпопеяның алғашқы беттерін ауызекі әңгіме айтқандай екі сағат бойы жатқа айтыпты. Данабике жазушының қолына қараса, еш жазылған қағазды көрмепті, содан таңғалып: «Аға конспектіңіз болса, менің стенографияға түсіргенімді салыстырып керейін» десе, Мұхаң: «Конспект басымда ғой. Жиырма жыл бойы басыма сақтаған, миымда жазылған «Абайым» ғой. Сіз тек жазып үлгеріңіз!» депті.Содан кейін жайраңдай масаттанып, киініп академияға кетіп қалды» дейді.(Д.Байқадамова. «Мен білетін Әуезов»). Мұхтар Әезов «Абай жолының» бірінші кітабын 1949-тамыз айында аяқтапты. Шарықтаған шабытты шығармашылықтың жөні бөлек қой. Сол қуанышты сәтте Мұхаң: «...Ұлы Абай ел перзенті, бұл жұртымның ортақ қуанышы. Сол қуаныштың бірінші куәсі- Өзіңіз. Ағаңның мына басының ішіндегі көптен жатқан қазынаның сыртқа тебуінің куәсі, менің сол өшпес еңбегімнің кіндік анасы деп қолыңызды қысамын, құттықтаймын» деп Данабикенің қолын алып, маңдайынан иіскепті. Данабике Байқадамова «Абай жолын» аяғына дейін стенографиялаған. Данабике апамыз ұлы жазушымен, оның отбасымен ұзақ жылдар бойы іскерлік,, аға- қарындастық, достық қатынаста болған. Осындай бір сыйластық, достық ара -қатынас Мұхаңның Кисловодскіде демалып жатқан кезінде Д.Байқадамоваға жазған хатынан сезіледі:

«Қадірлі Данаш!

23-де жазған хатыңыз келіп, қуанып қалдым. Сондайлық дос,жақын жүректен шыққан жылы леп сезгендеймін.Өзіңізді мен де аса жақын тілулес бауырым, өзімдей көремін. Мені танып, бағалайтын жанның бірісің, оны біз әшейін де айтыспасақ та, осындай жырақта болған шақтарда ойламай, ескермей жүруге болмайды...» (Хат мақала көлеміне қарай қысқартылып беріліп отыр)

Мұхтар. 7.Х. 1950-жыл.

Данабике осындай қымбат сыйластықты, достықты ғұмырлық деп ойлайтын. Бәрі кейін, кейін  болды ғой. Мұхаң операцияға Мәскеуге баратын болыпты. Ағайын туыс, араласатын, сыйласатын адамдар шығарып салған.  Көп ұзамай сол қаралы хабар Мәскеуден жетіпті. Одан арнайы ұшып елген ұшақты Қонаев, Сәтпаев,Марғұлан қарсы алыпты. Мұхаң үкімет шешімі бойынша үйінен жөнелтілетін болған екен. Ол қазақтың салт -дәстүрімен адам жөнелтуге көп жол берілмейтін кез. Дегенмен, қазақтың арысын қара табытта жатқанын  көрем деп ойламаған Данабике Қаралдина сол жерде шыдамай қазақы жоқтау айтыпты:

« Ау, халайық-ау, халайық,

Мұхтардай алып тұлғаны

Жоқтамай қайтіп қалайық!

Анайы қазақ әдетін

Бастады ау деп қылма айып.

Қайғыға бөккен жүректі,

Көз жасымен жуайық.

Ұшынан болған пышақтың,

Ажалы болды ағаның,

Қайғырмай неғып тұрайық!...

Қазақ атын елінің,

Танытқан ерді әлемге,

Артында қалған ұрпағы

Жоқтамай қалай тұра алсын!...

Театр, ғылым, әдеби,

Өнер,білім, мәдени,

Іргесін өзі қаласқан.

Асыл сөздің иесін

Ел жұрты қалай сағынбас...

Су ішінде сүйрігін,

Ерен жорға жүйрігін,

Қара жердің астына

Қалайша жұрты қияды!?...»деп егілген. ( 1961. 27.16. )

Өмір әрі қарай жалғасын табатыны табиғи дүние ғой. Данабике Қаралдина ғұмырының соңына дейін шығармашылықпен айналысты. Жоғары оқу орындарында сабақ берді. Д.Байқадамова өзінің қиын қыстауға толы өмірінен бірнеше томдық естеліктерді жазған екен.Жоғарыда атап өткеніміздей, Данабике БАЙҚАДАМОВАНЫҢ   бір стенография оқулығы және екі естеліктер кітабы республика баспаларынан жарық көрді.Қазақтың тұңғыш стенографисі Д.Байқадамованың Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын стенографиялауының өзі  ерен еңбек екенін бағалай білсек, артында «Мен білетін Әуезов», «Алма ағашы гүлдегенде» кітаптарымен артында сөз қалдырған қарымды қаламгер екені даусыз. 

Жұмат Әнесұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354