Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2235 0 пікір 14 Қыркүйек, 2009 сағат 22:33

Еркеғали БЕЙСЕНОВ. Киногерлер ненi көксейдi?

Биыл Мәдениет және ақпарат министрлiгi 2009-2011 жылдарға арналған жұмысының стратегиялық бағыттары негiзiнде «Мәдени мұра» бағдарламасының iске асырылуына, ұлттық кинематографтың дамуына, мәдениет саласында серпiндi жобаларды iске асыруға қажет жағдай жасау мен жас дарындарды қолдауға ерекше мән бердi. Ең бастысы, ұлттық кинематографты дамыту жұмыстары аясында техникалық қайта жабдықтау, жаңа алаңдар құру, прокат қызметiн ұйымдастыру, киноөнiмдердi сақтаудың цифрлық технологияларын енгiзу қарастырылған «Қазақфильм» ұлттық компаниясын жаңғырту жоспары әзiрлендi. Сонымен бiрге 2009 жылы әлеуметтiк маңызы бар тақырыптарға арналған 28 жаңа кинокартинаның өндiрiсiн бастау жоспарланған.

Заңға өзгерiс енерде...

Жақында Үкiмет "Мәдениет туралы" Заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" заң жобасын Мәжiлiстiң қарауына жiбердi. Жобаның мақсаты - мәде­ниет туралы ұлттық заң­на­маны отандық кинематографты, мұ­ражай және кiтапхана iсiн қол­дау мен дамыту, сондай-ақ мә­дени құндылықтарды қалып­тас­тыру және сақтау бөлiгiнде одан әрi жетiлдiру...

Биыл Мәдениет және ақпарат министрлiгi 2009-2011 жылдарға арналған жұмысының стратегиялық бағыттары негiзiнде «Мәдени мұра» бағдарламасының iске асырылуына, ұлттық кинематографтың дамуына, мәдениет саласында серпiндi жобаларды iске асыруға қажет жағдай жасау мен жас дарындарды қолдауға ерекше мән бердi. Ең бастысы, ұлттық кинематографты дамыту жұмыстары аясында техникалық қайта жабдықтау, жаңа алаңдар құру, прокат қызметiн ұйымдастыру, киноөнiмдердi сақтаудың цифрлық технологияларын енгiзу қарастырылған «Қазақфильм» ұлттық компаниясын жаңғырту жоспары әзiрлендi. Сонымен бiрге 2009 жылы әлеуметтiк маңызы бар тақырыптарға арналған 28 жаңа кинокартинаның өндiрiсiн бастау жоспарланған.

Заңға өзгерiс енерде...

Жақында Үкiмет "Мәдениет туралы" Заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" заң жобасын Мәжiлiстiң қарауына жiбердi. Жобаның мақсаты - мәде­ниет туралы ұлттық заң­на­маны отандық кинематографты, мұ­ражай және кiтапхана iсiн қол­дау мен дамыту, сондай-ақ мә­дени құндылықтарды қалып­тас­тыру және сақтау бөлiгiнде одан әрi жетiлдiру...

Бүгiнде кинематограф саласы деректердi жазудың және берудiң сандық технологияларын қарқынды да­мыту дәуiрiнде тұрақты тех­но­логиялық жетiлдiрудi және қазiргi та­лаптарға баламалы нормативтiк құқықтық базаны талап етедi. Осыған байланысты, түзетулердiң негiзгi бөлiгi кинематография мәселелерi бойынша құқықтық кеңiстiктi жетiлдiруге бағытталған. Атап айтқанда, кинемато­гра­фияға қатысты фильм, ки­ношежiре, фильмдi прокаттау, тираж­дау, фильм шығару мәселелерi енгiзiлiп, ұғымдық аппарат ке­ңейтiлдi. Екiншiден, балаларды кино өнерiнiң ықтимал терiс әсер­ле­рiнен қорғау мақсатында кө­рер­мендердiң жасына қарай индекс енгiзу ұсынылды. Индекстiң әм­бебап, яғни әр түрлi жастағы көрермендерге арналған фи­льм­дер, ата-аналарының қаты­суымен 16 жасқа дейiнгi, 16 жастан 18 жас­­­қа дейiн және 18 жастан асқандар болып бөлiнетiн 5 санаты көзделген. Үшiншiден, фильмдердi про­кат­тау және көпшiлiкке көрсету кезiнде көрермендердiң жас ерек­ше­лiктерi жөнiндегi нормаларды сақ­тау мақ­са­тында отандық және ше­телдiк фи­льмдерге прокаттау куә­лi­гiн беру ар­қы­лы тiркеу ұсынылады. Төртiншiден, ұлттық мәдени игiлiктiң ажырамас бөлiгi ретiнде киношежiренiң және ұлттық фи­льм­дердiң бастапқы ма­териал­дарын сақтауды көздейтiн нор­маларды енгiзу ұсынылады.

...бiр байбалам басталды

Заңның аты - Заң! Әсiресе мәдени ұстаным бойынша кинематограф саласына баса мән берiлгенi құптарлық-ақ. Себебi бүгiнде елiмiзде 496 киноқондырғы бар десек, оның 421-i ауылдық жерлерде орналасқан. Жалпы санынан 243-i мемлекет меншiгiнде болып табылады. Оған қосымша, белсендi жұмыс жасап тұрған 12 киноны жалға беру ұйымдарының 8-i мемлекет меншiгiнде. Бұл ретте республикадағы фильм өндiрушi секторларда түрлi жанрлардағы картиналарды шығаратын мемлекеттiк емес студиялардың да баршылық екенiн ескерген ләзiм. Мысалы, елге елене бастаған «Көкше-Университет», «Айнакөл», «Жебе», «Киножүз», «Тұранфильм» және бұрыннан жұмыс iстейтiн «Кино» Компаниясы», «Гала-ТВ» студияларын неге атап көрсетпеске?! Демек қазақстандық кино өндiрушiлердiң орналасу аймағы айтарлықтай кеңейген және аталған студиялар Алматы қаласында ғана емес, Көкшетау, Шымкент қалаларында да орналасқан.

Кезiнде студиясында Камал Смайылов, Тұрар Дүйсе­баев, Қалила Омаров, Әдiлбек Тауасаров, Серiк Байқонов сынды талай тарландар қызмет атқарған қара шаңырақ - «Қазақтеле­фильмде»  кейiнгiлерге үлгi боларлықтай небiр ки­но­шежiрелер жасалды. Бiр жылда 45 деректi фильм, 5-6 мультфильм түсi­рiлетiн кездер едi ол. Әйгiлi киностудиямыз сол кезеңнен бастап жыл сайын 7 көркем, 50-ден астам деректi картиналарды және «Советтiк Қазақстан» киножурналының 24 нөмiрiн шығарған да, 70-ке жуық фильмге қазақ тiлiнде дубляж жасаған. Әйтсе де уақыт өте келе, жаңадан ашылған тәуелсiз арна­ларға оның бiр киноөнiмiн 5 долларға сат­қан пысықайлар да табылды. Ол - елде жаппай жұмыссыздық белең алғанда, көп киногерлер жұмыссыз­дардың қатарына қосылған кез болатын. Кәсiпсiз қалған қызметкерлердiң бәрi де деректi фильм түсiруге маманданған, на­ғыз кәсiби редакторлар, режиссер­лер, операторлар едi. Телефильмнен күдерiн үзiп, бас­қа тiршiлiкке көшкендерi де бар. Жұмыс тап­қаны - тапты, таппағаны - далада қалған. Мұны не үшiн айтып отыр десеңiз... Өз саласы бойынша халыққа адал қызмет көрсетудi ойлаған адам сол кәсiбiне қатысты қабылданған заңды құрметтеуi керек! Аясынан ауытқитын шешiм қабылдауға үйiрсектенбеген абзал.

Наурыз айының соңында бiр топ кино мамандары тарапынан Мәжiлiс депутаттарына «Мәдениет туралы» Заңға қатысты ресми хат жолданды. «Бұл - 1993 жылы қабылданған ескi заңның көшiрмесi», «Кеңестiк жобадан ешқандай айырмашылығы жоқ», «қазақстандық көрермендер үшiн қажеттi кинопрокат сатылымына кедергi жасалады»... дегендей байбалам көп. Олар, әсiресе, заңдағы «фильмдердi про­кат­тау және көпшiлiкке көрсету кезiнде көрермендердiң жас ерек­ше­лiктерi жөнiндегi нормаларды сақ­тау мақ­са­тында отандық және ше­телдiк фи­льмдерге прокаттау куә­лi­гiн беру ар­қы­лы тiркеу ұсынылады" деген тармақшаға дегбiрсiзденiп отыр. "Прокаттау куәлiгi берiлмей қалатын өнiмдердiң заңмен шектерлiктей не зияны бар?!" деседi. Демей-ақ қоюға да болушы едi... Өйткенi бiз мысалға алған «Қазақтеле­фильм» дәуiрiнде тәуелсiз Қазақстанның алғашқы қадамдары басшылық әдiстемелерi мен формаларын орталықта, кино және театр iсiмен айналысу орындарында әзiрлеуге бағытталды. Ең бастысы қалаларда, ауылдарда кино көрсету нысандары желiлерiн кеңейтуге бағытталған «кинодан түскен қаражат - киноға» деген қатал саясат қалыптасты. Одан бұрынырақ жылдардан бастап-ақ «Даладағы көшпелi халыққа қызмет көрсету» кинотеатрынан түскен табыстар да осы мақсаттарға жұмсалды.

Егер сапалы кино түсiре бiлсең, толықтырулар мен өзгертулер енгiзiлген биылғы жаңа заң баптары бойынша да, сол кездегi киногерлер сияқты, белгiленген тәртiппен әрекет жасауға еш кедергi жоқ. Ал шет елдердiң киноиндустриясына келсек, мысал ретiнде АҚШ-та кино билеттерiнiң құны күн сайын арзандап, Голливуд жұлдыздарының қосымша табыс мөлшерiнiң азая бастағанын тiлге тиек етуге болады. Бiзде - керiсiнше. Қаржы дағдарысын желеу еткен жеке меншiк кинотеатрлар билет құнын бiрден 20 пайызға көтерiп, бiр фильмдi тамашалау 1400-1700 теңгеге жеттi. Өкiнiшке қарай, Астанадағы айналдырған бес қана кинотеатр да көрерменнiң көңiлiнен шығуды көздеп отыр дей алмаймыз. Мұнда сағат алтыдан кейiн отбасымен бiрге киноға барып демалмақ ойыңыз болса, қалтадағы айлықтан «шайлықтық» сома қалғанына шүкiр айта қоймассыз... Кинотеатрлардағы балалар билетiнiң құны кешкiлiк ересектердiкiмен бiрдей. Елордалық кинотеатр қызметкерлерiнiң айтуынша, «бағаның 20 пайызға көтерiлуiне дағдарыс пен теңге девальвациясы басты себепшi» екен. Сонда билет құнын арзандатқан америкалық театрлардың «дағдармай» отырғанына кiм кепiлдiк бере алады?!. Әне, заңның септiгi осындай сылтауларды сирету үшiн де тиедi.

2004 жылда 30-ға тарта қазақстандық фильмдер түрлi кинофорумдар бағдарламасында Еуропаның, Азия және Американың 19 елiнде көрсетiлдi. Халықаралық кинофестивальдерде 7 қазақстандық картина 15 жүлде және дипломдармен марапатталды. Әлемдiк деңгейде марапатқа ие болып келетiн сол фильмдер, неге екенi белгiсiз, өз халқымыздың назарына ұсынылмай, «жабулы» күйiнде қалып қоя бередi. Қазақ кинорежиссерларының жылда өмiрге келiп жатқан еңбектерi шалғайда жатқан қарапайым көрерменге тiптен жетпейдi! Өйткенi көп ауылдағы бұрынғы мәдениет үйлерi мал қораға айналып кеткелi қашан?!. Көшiрме кинотаспалардың пайдасынан зияны көп екендiгiн бұған дейiн де бұрқыратып жазып шыққанбыз. Сонда бiздiң киногерлердiң еңбектерi тек әлемдiк кинофестивальдер үшiн ғана түсiрiлетiн болғаны ма?! Осы сұраққа қатысты дайын жауап ретiнде мамандар тарапынан айтылған «кинопрокат өзiн-өзi ақтауы үшiн халық саны 40 миллион адамнан кем болмауы керек екен» деген пiкiрдi қалай қабылдаймыз?.. Ол үшiн де заңға сүйенуге тура келетiнi анық. Е, деп қойыңыз...

Ұлттық мүдде ұмытылмасын!

Рас, түсiнiгi бар адам кинопрокат мәселесi - осы сала қызметкерлерiнiң көкейтестi мәселелерiнiң бiрегейi екенiне дау айтпайды. Қарапайым халық өз қайраткерлерiнiң жаңа өнiмдерiн, ретроға айналған классикалық фильмдерiн көруге әркез ынталы. Бiр жағынан, отандық өндiрiстiң айналымға енуiмен шұғылданатын арнайы бiр мекеменiң қажеттiгi де - өздiгiнен сұранып тұрған шаруа деудiң айыбы жоқ. Бұл жерде ескерерлiк тағы бiр мәселе - облыс орталықтарынан, қалалардан мемлекеттiк қаржыландыруға қарайтын бiр-бiр кинотеатр ашу. Заң да осындай мақсаттарға пайдаланарлық деңгейде. Егер ондай мүмкiндiк туса, жеке ұйымның мүддесiн көздеп, жеке бастың қамын күйттейтiн арыз жазғаннан гөрi... Иә, ретро, классикалық еңбектердiң, жаңа туындылардың үлкен табыс көзiне айналып, халыққа, ұлтқа шын қызмет жасалғаны тиiмдi!

Маман мiнберi

Гүлнәр СЕЙТМАҒАНБЕТОВА, ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты:

- Күнi бүгiнге дейiн Қазақстанда кино туралы заң болған жоқ. «Мәдениет туралы» Заңда кино туралы баптар аз едi. Ендi осы «Мәдениет туралы» Заңда кино туралы баптар ауқымдырақ және прокаттардың қалпына келтiрiлуi туралы жақсы-жақсы мүмкiндiктер бар.

Әлия ӘБДIҚАДIРҚЫЗЫ, «Кинопарк» кинотеатрлар желiсiнiң әкiмгерi:

- Дағдарыс жағдайына байланысты, фильмдер шет елден, көбiнесе Ресейден келедi. Мұндай олқылықтарды заңмен реттеу керектiгiн халық қалаулылары да назарға алды. Оған қарсы келудiң қажетi шамалы...

Бауыржан НӨГЕРБЕК, киносыншы:

- Мәселен, Чехия халқы өз актерларын, режиссерларын қатты құрметтейдi. Өздерiнде жаңадан жарыққа шыққан дүние болса, мiндеттi түрде кинотеатрларында сол фильмдердiң тұсаукесерiн үлкен аншлагпен өткiзедi. Және өзге елдерден прокатқа алынған фильмдер сол сәтте уақытша тоқтатылады. Сондай-ақ Корея киногерлерi өз фильмдерiн телеарналардан бермейдi. Олар тек кинотеатрларда ғана жүредi. Және бұл ел егер өзге елден прокатқа кино алар болса, сол фильмдерден түскен қаржының белгiлi бiр бөлiгiн отандық кино өндiрiсiн дамытуға салады. Әрi осы өзге елдердiң прокатқа келген өнiмдерiнен өз режиссерларының кинолары әлдеқайда арзан бағада, халықтың қалтасына лайықталып қойылатын көрiнедi. Францияда да - осы жүйе. Демек, бiз кино өнерiн «әрi тарт та, берi тартқа» салмай, сондай игiлiктi әрекеттерден үлгi алуға тиiспiз.

Керек дерек

Қазақстандағы кино көрсету және жеке кино өнiмiн дамыту мәселесiн жүйелi шешуге арналған алғашқы үкiметтiк құжат 1927 жылы 23 наурызда пайда болды. ҚазССР Халық комиссариаты алқасының хаттамалық шешiмiмен ҚазССР кинопрокат iсiн реттеу, ең алдымен прокат төлемiн азайту мәселесi анықталды. Сол ретте жергiлiктi табиғат жағдайын ескере отырып, кеңестiк бюджеттен қаражат тарту арқылы Қазақстандағы кино өндiрiсiн құру мәселелерiн әзiрлеу бойынша жауапты тұлғаларға тапсырмалар берiлдi.

1927-1937 жылдардағы үкiметтiк құжаттар республикадағы кино саласының маңызды стратегиялық шешiмдерiн анықтады. Жауапты орган құрылып, оның республикадағы кино iсiнiң дамуын басқару бойынша уәкiлеттiктерi айқындалды. Мемлекеттiк трест бөлiмшесi ретiнде кино шығарушы ұйым - «Шығыс кино» құрылды. Алматыдағы «Союзхроника» киностудиясының «Советтiк Қазақстан» киножурналын шығару бойынша өндiрiстiк бағдарламасы бекiтiлдi.

1941 жылы қыркүйекте Алматы қаласында қазақ кинематографиясының негiзгi саласын қалыптастырушы кәсiпорны болған Қазақ киностудиясы құрылды. Ол Мәскеу және Ленинград қалаларынан көшiрiлген киномекемелерiнiң қызметкерлерiн орналастыру базасына айналды да, кино мамандары үшiн жағдай жасау, ұлттық кадрлар даярлау, республикадағы кино саласының техникалық және технологиялық базасын дамытуды қамтамасыз ету мәселелерi шұғыл және тиiмдi шешiлiп отырды.

1944 жылы «Мосфильм» және «Ленфильм» киностудияларын көшiргеннен кейiн, «Қазақстандағы көркем кинематографияны одан әрi дамыту жөнiндегi шаралар туралы» ҚазССР ХК қаулысымен қазақстандық кинематографияны одан әрi дамытуға жағдайлар жасалды.

1946 жылы Қазақ ССР Жоғары Кеңесi Президиумының Жарлығымен ҚазССР кинематогарфия Министрлiгi құрылды. Алайда, кино саласының ерекшелiгiн ескере келе (фильмдердi шығармашылық-ұйымдастыру дайындау сипатындағы, кино жобаларды таратудың өндiрiстiк-техникалық мәселелерi, кино шығаруда және өнiмдердi таратуда жоғары технологияларды пайдалану, кино көрсетудi жүзеге асыруда қазiргi заманғы техникалық құралдармен қамтамасыз ету), кинематография саласында жеке дара салалық басқару органының жетiспеушiлiгi мәселесi шығып отырды.

Кинематографияны басқарушы орталық органды қысқарту туралы соңғы үкiметтiк құжат 1996 жылы жазылған. «Қазақкино» Мемлекеттiк компаниясы қысқарып, киносаласындағы мемлекеттiк саясатты жүргiзу жөнiндегi барлық қызмет Мәдениет министрлiгiне берiлдi.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443