Сенбі, 23 Қараша 2024
Алашорда 5365 4 пікір 23 Сәуір, 2024 сағат 16:30

Санкт-Петербургте сақталған Ыбырайдың үш хаты

Ғұлама ғалым Әлкей Марғұлан өз еңбегінде: «Қазақтың ардагер ұлының өмірі жөніндегі бұл құжаттарды бұрын ешкім білмейтін еді. Ыбырай өмірін зерттеушілер үшін бұл үш хаттың маңызы зор»[1],- деп  ағартушының В.В.Григорьевке жазған екі хаты және Л.Н. Плотниковқа жазған бір хаты жайында жазып кеткен еді. Ол жәдігерлер – Санкт-Петербург қаласындағы Шығыс қолжазбалар институтында сақталған Ыбырайдың В.В. Григорьевке 1860 жылы 26 тамызда, 1861 жылы 23 қыркүйекте, Л.Н. Плотниковқа 1859 жылы 7 маусымда  жазған хаттарының түпнұсқалары.

Жуырда  Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласында болған сапарымызда Ресей мемлекеттік тарихи мұрағатында (РМТМ) ғылыми-іздестіру жұмыстарын жүргізуімен қатар, Шығыс қолжазбалар институтында осы хаттардың  түпнұсқасымен танысып, Қостанайдағы Ыбырай музейінің ғылыми қорын құнды жәдігерлермен толықтырдық. Мақаладағы хаттардың электрондық көшірмесі көмескі көрінуі мүмкін. Хатпен жақын танысамын деушілер болса Ыбырай музейіндегі жақсы сападағы нұсқасымен таныса алады.

Ыбырайдың эпистолярлық мұрасы жайында сөз еткенде оның шығыстанушы ғалым, Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы Василий Васильевич Григорьевке (1816-1881) жазған хаттарының орны ерекше.

Шығыс қолжазбалар инстутындағы В.В. Григорьевке ағартушының жазған бұл хаттарынан өзге 1859 жылдың 25 шілдесінде, 1879 жылдың 25 қарашасында Орынборда жазылған хаттары мәлім (одан басқа да хаттары болуы мүмкін).

1 сурет. В.Григорьевке жазған хаты,1860 жыл, 26 август
Суретті мақала авторы ұсынды

Хат мазмұны:

Ваше Превосходительство,

«Василий Васильевич!

Я приехал на место моего служения. Кроме должности переводчика, я, в настоящее время ни чем  не занимаюсь и вероятно останусь при одной этой должности еще надолго, до следующей осени, потому пока нет здесь ни школы, ни даже никаких приготовлений на постройку ея, просил рапортом от Коменданта назначить других каких-либо помещений для поступающих детей, до построения школы, но он объявил мне, что нет для того ни одного лишнего уголка в укреплении – не занятого. Таким образом, я остаюсь должным проводить эту зиму не занятием, а ожиданием её. Так как и обязанность переводчика здесь ничтожна, и других развлечений здесь тоже  не имею, то мне ничего более не остаётся как только жить одиноко в отведенной мне комнатке, и не имея никаких книг для чтения, скучать и хандрить; поэтому я и допускаю себе смелость просить Вас, Ваше  Превосходительство, нельзя-ли будет сделать приказание кому следует о назначении мне  подъёмных денег, так как при отправке, я  его не получал и из числа этих денег вычитать руб. 30 на выписки разных учебных книг для школы и ещё столько же на годовую выписку журналов, таких, каких  Ваше Превосходительство  почтете для меня доступным и полезным.

Труд-же выбора нужных для школы книг и выписки их от Редакции я всепокорнейше прошу Вас, взять на себя, Ваше Превосходительство.

Остаюсь, Вашего Превосходительства, покорнейшим слугой И.Алтынсарин,

26 августа 1860 года»...

1860 жылы Орынбор өлкесінің басқару орны Торғай бекінісінен қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуға рұқсат алады.  Ыбырай осы жылдың шілде айында Торғайға келеді. Мектеп ашуға бірден мүмкіндіктер бола қоймайды да, бекініс комендантурасында уақытша тілмаштық жұмыс атқара береді.

Н.Ильминский: «В Оренбурге я имел слухи о житье Алтынсарина. В Оренбургском укреплении и изредка писал ему. Алтынсарин попал в укрепление не самое неблагоприятное время. Комендантом укрепления был немец барон М., человек безхарактерный и мнительный...И в этом малейшом обществе поднялись раздоры, партий, сплетни друг на друга; старались и Алтынсарина вовлечь в эту кутерьму»[2].

Н.И. Ильминскийге 1860 жылғы 18 ноябрьде жазған хатында Ыбырай: «...Баронның (Мергден – Торғайдың әскери коменданты) мектеп ашуға жәрдемдескісі келмейді...дегенмен үш шәкіртім бар, олар менімен бірге тұрады, оқытып жатырмын»[3],-дейді.

Хатта қазіргі қызмет орнында тілмаш қызметінен басқа ешнәрсемен айналыспай, мектеп те болмай, оны салуға әзірліктің де жоқ екендігі жайында баяндайды. Сонымен қатар, мектепке қажет құралдарды, оған қажет қаражаттарды қарастыру жайында өтінішін білдіреді. Бірақ Ыбырай осылай күйзелісті басынан өткергенмен, табандылық танытып, тілек-мақсатына жетуге талпыныс білдіреді. 1861-1863 жылдар арасында Ыбырай мектеп ашу ісін, оның ғимаратын тұрғызуда ұйымдастыру жұмысын алға қояды.

В.В. Григорьевке  жазған 1861 жылы 23 қыркүйекте жазған хатында жас педагог мектеп ашуға В.В.Григорьевтің көмек көрсетуін өтінеді. Сонымен қатар, өзінің әбден дал болып жүргенін айтып, тым болмаса – Троицкінің бір мектебінен мұғалімдік орын беруін сұрайды.

2 сурет. В.Григорьевке жазған хаты, 1861 жыл, 25 сентябрь, Орынбор қ.
Суретті мақала авторы ұсынды

Хат мәтіні:

«Ваше превосходительство, Василий Васильевич!

Принуждённый дурными оборотами семейных дел моих, я,  докладною запиской от 16го прошлого августа, обратился с покорнейшею просьбой Вашему Превосходительству переводить меня из занимаемой мною теперь должности в Восточную часть орды киргизов на служение. Ваше Превосходительство! Положение моё затруднительно, как в отношении моих семейных дел, так и в том отношении, что здесь люди  разные  с разными свойствами характеров, - мало хорошего, много неприятностей; главное нельзя ожидать мне здесь ничего доброго в будущем, хотя положение и можно бы жить кое-как по средствам  строжайшего соблюдения за собою. Внимите  просьбам моим и не забудьте великодушным покровительством своим! Охотно бы желаю служить в Троицке, но ведь у меня семейство и хозяйство, которые как всегда, так и теперь препятствуют моим самым лучшим желанием, требуя не отступного нахождения меня при них. Осмеливаюсь почитать себя всепокорнейшим слугой Вашего Превосходительства Ибрагим Алтынсарин.

Сентябрь 23го.1861 года,

укрепление Оренбургское»...

Бұл кезеңде В.В. Григорьев 1861 жылдың 14 августынан 5 октябріне дейін Торғай даласын аралайды. Оның Торғай даласына келуінің себебі: «Өзі жобалаған  Троицкіде ашылмақшы қазақ балаларына арналған мектепті көру және оны ашу салтанатына қатысу, қолдан келген жәрдемін беру»[5]. В.В. Григорьев қыркүйек айында Троицк қазақ мектебін салтанатты түрде ашуға қатысады.

В.В. Григорьев Орынбор өлкесінің өмірі мен тарихын, мәдениеті мен тілін зерттеу барысында жергілікті халықтың біраз адамдарымен танысады, олардан алуан түрлі бағалы материалдар алады. В.В. Григорьевке осы тұрғыда көп көмегін тигізген адамдардың бірі, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жеткен тарихты көкірегінде  сақтаған, ұзын қыпшақтың ру басы, белгілі шешен, би Балғожа Жаңбыршыұлы еді.

Н.Ильминскийдің сөзімен айтқанда, "Балғожа биді айрықша бағалаған және сол арқылы Алтынсаринді де сүйе білген" В.В.Григорьев Ыбырайды шәкірт кезінде көріп танысады. Ыбырай мектепті бітірген кезде Орынборда қалу жөнінде өзі тілек білдірмегеннен кейін, Григорьев онымен жұмыс жайында сөз қозғап жатпайды.

Елде біраз болғаннан соң (жыл жарымдай уақыт өткеннен кейін) Ыбырай алдағы уақытта жұмыссыз жүре берудің ыңғайсыздығын сезініп Л.Н. Плотниковке хат жазған да, Л.Н. Плотников тарапынан бірден қамқорлық табуы, мәселенің оңай да тезінен шешілуі тек В.В. Григорьевтің арқасы еді. Шамасы, Л.Н. Плотников Ыбырайдың өтінішін В.В. Григорьевке жеткізген де, Григорьев Ыбырайды Орынборға тез шақыру жөнінде Плотниковке тапсырма берген [6].

3 сурет Л.Плотниковке жазған хаты. 1859 жылғы 7 июнь
Суретті мақала авторы ұсынды

Хат мәтіні:

«Милостливый государь Лев Николаевич!

Осмелюсь известить Вас, что письмо Ваше от 28 февраля я получил, пробегая его невольно прослезился от той радости, которую вы мне обещаете. Оно меня совершенно уверило в настоящем горестном положении моим. Не нахожу  выражения к благодарению Вас за  Ваши милости и участия ко мне. Лев Николаевич, хотя я  и степной питомец, как все прочие мои праотцы, но и мне дана способность от Творца, как всем людям различать, что значит благодеяние людей Великих и хранить иное как залог моей жизни, в чём я себя поставил быть не колебленным.

После столь неожиданного и сверх моего чаяния ко мне Вашего участия я не могу никак иначе Вас иметь и считать (хотя будучи иноверцом) как тем самым моим дедом, которого недавно потерял без возврата в своих глазах.

Я сам чувствую, что самый мой возраст лет моих требует руководителя и благодетеля в моей жизни. Прославляю моего создателя в молитвах моих, что оно как я принимаю заменять в порядке судьбы своей моё несчастье счастьем. Теперь я полагаюсь во всём на волю Вашу; вы лучше всего обдумали какими путями довести меня до предназначенного мне богом счастья; к которому, как я разумею, и под Вами меня ведет.

За всем тем прошу Вас дать мне еще несколько времени, чтобы привести совершенный порядок, по моему усмотрению, оставленное  мне дедом моим имущество; отдать последний ему долг; на что по нашим древним обычаям немало требуется хлопот и времени; я берегусь чтобы знаемые его и последнего не  были чем-либо недовольны и нехорошо отзывались о нём, ибо он никогда не заслуживал. Теперь я занимаюсь воздвигнутием памятника над прахом незабвенного моего деда; кирпичь и известь изготовлен и уже приступили к работе.

В нынешнем году я лично сам к Вам  побываю и тогда уже окончательно позвольте мне высказать свое намерение относительно моей службы под Вашим покровительством. Прошу прощения что я, по разным домашним обстоятельствам, Вашим доселе молчал на Ваше письмо.

Осмеливаюсь назваться преданным Ваш И.Алтынсарин.

7 июня, 1859 году»...

Ыбырай асқар таудай пана болып жүрген сүйікті атасынан айрылып қапаланып, қайғырып жүргенде Орынбор облыстық басқармасы төрағасының көмекшісі және облыстағы оқу ісінің бастығы Лев Николаевич Плотниковтан хат алады. Балғожаның бейітін салып бітіріп, атасының өліміне байланысты өзге де дәстүрлі жөн-жоралғыларын түгелдей, ешкімнің көңілін қалдырмастай және құрметті кісінің  атына сай дәрежеде өткізіп, шілде соңына қарай Орынборға жүруге дайындалады. Плотниковқа жазған хатында ұсынған жұмыс туралы шешімді Орынборға барған соң айтатынын, оған дейін жұмысты басқа біреуге бермей, кідірте тұруын өтінген еді...Ыбырайдың Балғожа қайтыс болғаннан кейін жедел Орынборға келіп, келген бойда Орынбордың облыстық басқармасына жұмысқа орналаса қоюы кездейсоқ емес-тін және жалғыз ғана Плотниковтің көмегі мен еңбегі емес еді. Мұнда өзге бір билік тізгінін ұстаған  адамның қатысы бары айқын еді. Ол облыстық басқарма бастығы Василий Васильевич Григорьев болатын [7] .

1859-1860 жылдар қазақтың ұлы ағартушы-педагогының ғалым-зерттеуші ретінде қалыптасуының алғашқы баспалдақтары болды. И.И. Ильминский естелігінде: «Когда по возращении в Оренбург явился я к В.В. Григорьеву, я застал у него Ибрагима Алтынсарина, из воспитанников первого выпуска Киргизской Школы. По окончании курса он уезжал в родной аул и там состоял при своем деде, известном бие Балгоджа, который отличался мудростью своих решений и необыкновенной тучностью...Григорьев высоко ценил бия Балгоджа и ради него любил Алтынсарина, который впрочем и своими личными качествами и дарованиями вполне заслуживал раположение Генерала. И так я встретился с Алтынсариным у В.В. Григорьева. В.В. познакомил нас, отрекомендовавши мне Алтынсарина в самых лестных выражениях».

Ыбырай Орынборға осы келген жолында онша ұзақ болмаса да (не бәрі бір жылға толмайды, 1859 жылдың 1 тамызынан 1860 жылдың 10 маусымына дейін), бұл шағын кезең – Ыбырай өмірінің бүкіл болашағы мен мазмұнын айқындаған тарихи тұс.

Ыбырай Орынбор шекара комиссиясының төрағасы В.Григорьевке 1859 жылдың 25 шілдесінде жазған хатында атасы Балғожаның қайтқанын баяндап,  атадан қалған дәулетті сеніп тапсыратын адамы жоқтығын күйзеле жазады. ҚР Орталық архивінің 4-қоры 2867-ісінің 15-бетінде көрсетілген бұл құжат жайында белгілі журналист Тілекқабыл Боранғалиұлы «Егемен Қазақстан» (29.12.2021ж) газетінде жазды. Осы мақаладан кейін Ыбырайдың В.В. Григорьевке жазған хаттары жайында белгілі ғалым Алмасбек Әбсадықтың зерттеу мақаласы жарық көрді .

Сөз соңында айтарымыз, Н.И. Ильминский «Воспоминание об Алтынсарине» (Қазан,1891ж.) естелік-еңбегінде ағартушының В.В. Катаринскийге, Ф.Д.Соколовқа, А.А. Мазохинге жазған хаттары бар. Ал ағартушының В.В. Григорьевке жазған хаттарына Ыбырай ғұмырнамасын зерттеушілер қызығушылық танытады деп ойлаймыз.

В.В. Григорьев 275-тен астам ғылыми еңбектер, мақалалар мен рецензиялар жариялаған, оның ішінде 25-тен астамы қазақ өміріне, тұрмысына байланысты, көптеген шығыс халықтары тілдеріндегі шығармалардан аударма жасаған. «Қазақ тілі дыбыстарын орыс әріптерінде беру» атты аса құнды еңбегін 1862 жылы шығарды. 1861 жылы «Северная пчела» атты журналдың 241-санында өзі жобасын жасап, ашылуына тікелей қатысқан Торғайға қараған далада түрлі ғылым негіздерінен білім беретін «Троицк мектебі» туралы мақала, «Қазақ жерінің бет-бедерін көрсететін альбом» (1863) орыс және неміс тілдерінде мақала жариялады. Шығыстанушы Н.И. Веселовскийдің «Дала өміріне қазақ тілін ресми қолдануға жол ашқан бірінші дала бастығы» деп бағалаған В.В. Григорьев пен Ыбырай арасындағы хаттар – кейінгі ұрпақ үшін рухани-мәдени мұра, Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметінің айнасы іспеттес баға жетпес құнды құжат.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Марғұлан Ә.Х. Шығармалары –Алматы: «Алатау», 2012 ж. – Т.ХІҮ 309-бет.
  2. Ильминский Н.И.Воспоминания об Алтынсарине – Казань: Типо-Литография В.М.Ключникова, 1891, стр.33
  3. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалар – Алматы,1955, 259-бет
  4. Ламашев Ә. Ыбырай Алтынсарин және оның орыс достары мен ізбасарлары. – Алматыц: Қазақстан, 1988.184 Шығармалары –Алматы: «Алатау», 2012 ж. – Т.ХІV 309-бет.
  5. Веселовский Н.И. В.В.Григорьев, по его письмам и трудам, С. Петербург, 1887 , стр. 196
  6. Дербісалин Әнуар Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин: Деректі баян.– Алматы: «Арда», 2005.– 35 бет.
  7. Бұл да сонда 34-бет

Салтанат Өтелбаева

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543