Жаңагүл ҰЛАНОВА: Өңірге инвестициялар тарту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жақында өткен ағымдағы жылдың 9 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары жөніндегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекеттік органдардың назарын өңірлік дамудың барлық басым бағыттары бойынша жұмыстарды күшейтуге аударды. Мемлекет басшысы мұнда бюджеттік жоспарлау сапасын жақсарту қажеттігін де баса көрсетті. Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жаңагүл ҰЛАНОВА осы мәселелер бойынша есеп беріп, аймағымызда атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
– Үстіміздегі жылдың 9 айында облысымыз қандай табыстарға қол жеткізді?
–Биыл өткен жылдармен салыстырғанда оң өзгерістер қамтамасыз етілді.
Халық саны өсуде. Бүгінге облыста 580 мың адам тұрады, жыл сайынғы өсу қарқыны шамамен 4 пайыз құрады, бұл – іс жүзінде Астана қаласының деңгейі деген сөз.
Өңірде халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнімнің ең жоғары көрсеткішінің бірі тіркелген, бұл орташа республикалық көрсеткіштен екі есе асып түседі. Аймақ экономикасының 90 пайызы мұнай-газ өндіру секторына тəуелді екені белгілі. Соңғы бір жарым жылдың ішінде өңірде мұнай өндірудің төмендеуіне байланысты өнеркəсіптік өнімді өндіру көлемінің төмен қарқыны байқалды.
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жақында өткен ағымдағы жылдың 9 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары жөніндегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекеттік органдардың назарын өңірлік дамудың барлық басым бағыттары бойынша жұмыстарды күшейтуге аударды. Мемлекет басшысы мұнда бюджеттік жоспарлау сапасын жақсарту қажеттігін де баса көрсетті. Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жаңагүл ҰЛАНОВА осы мәселелер бойынша есеп беріп, аймағымызда атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
– Үстіміздегі жылдың 9 айында облысымыз қандай табыстарға қол жеткізді?
–Биыл өткен жылдармен салыстырғанда оң өзгерістер қамтамасыз етілді.
Халық саны өсуде. Бүгінге облыста 580 мың адам тұрады, жыл сайынғы өсу қарқыны шамамен 4 пайыз құрады, бұл – іс жүзінде Астана қаласының деңгейі деген сөз.
Өңірде халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнімнің ең жоғары көрсеткішінің бірі тіркелген, бұл орташа республикалық көрсеткіштен екі есе асып түседі. Аймақ экономикасының 90 пайызы мұнай-газ өндіру секторына тəуелді екені белгілі. Соңғы бір жарым жылдың ішінде өңірде мұнай өндірудің төмендеуіне байланысты өнеркəсіптік өнімді өндіру көлемінің төмен қарқыны байқалды.
Биылғы 2 тоқсаннан бастап көмірсутегі шикізатын өндіру көлемі артып келеді, тиісінше өнеркəсіптік өндіріс көлемі өсуде. Мəселен, есепті кезеңде 1,7 трлн. теңгенің өнеркəсіптік өнімі шығарылып, нақты көлем индексі 101,7 пайыз құрады. Бұл кезеңде 13,4 млн. тонна мұнай өндірілді немесе өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 101,8 пайыз болды.
Өңдеу өнеркəсібіндегі өндіру көлемі 20,7 пайызға артты. Өңірге инвестициялар тарту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Жыл басынан бері өңірге 290 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылды немесе өсу қарқыны 105,5 пайыз құрады. Инвестициялардың құрылымындағы негізгі көлемді бұрынғыша кен өндіру өнеркəсібі алады (62 пайыз).
Осы көрсеткіштердің өсу қарқынын үдету мен олардың күрт төмендеуіне жол бермеу үшін Қазақстан Республикасының Мұнай жəне газ министрлігімен, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-мен облыстың барлық минералды-шикізат кешенін, бірінші кезекте көмірсутегі шикізатын іздеу, барлау жəне жете барлау бойынша жұмыс жүргізілуде. Ағымдағы жылдың соңына дейін «Жезқазған-Бейнеу» темір жолын салу мен «Атырау-Ақтау» автокөлік жолын қайта құрылымдау сияқты ірі жобаларды іске асыру есебінен қарқын үдетілмек.
Биыл 340,5 мың шаршыметр тұрғын үй пайдалануға берілді, ол – өткен жылдың деңгейінен 4 пайыз төмен. Бұл ретте төмендеу жеке тұрғын үй құрылысында байқалады. Мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту үшін «Қолжетімді тұрғын үй» бағдарламасының аясында «Бəйтерек» холдингімен жəне «Самұрық-Қазына» қорымен жер телімдерін игеру бойынша бірлескен жұмыс жүргізілуде.
Инфляция индексі осы жылдың 1 қазанына 102,7 пайыз құрады, бұл – орташа республикалық деңгейден төмен (103,3%) жəне республика өңірлері арасында ең төменгі көрсеткіштердің бірі (4 орын) болып отыр.
Шағын жəне орта кəсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандар саны 83,4 мың адамды құрап, 26 мың кəсіпкерлік субъектісі тіркелді. Кəсіпкерлікті белсенді дамытуға «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын іске асыру ықпал етуде, оның аясында ағымдағы жылы 2,4 млрд. теңге 30 жоба мақұлданды, оның ішінде негізгі сомасы–2,387 млрд. теңге 24 жобаның несиелерін субсидиялау іске асырылды.
Екінші деңгейлі банктермен шағын бизнес субъектілеріне 28 млрд. теңге көлемінде кредиттік ресурстар берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 пайызға көп. Мемлекеттік қазынаға түсетін түсімдер бойынша есепті кезеңде бюджеттің барлық деңгейіне 200,6 млрд. теңге сомасында салықтар мен төлемдер түсті. Өткен жылмен салыстырғанда түсетін түсімдер қарқыны республикалық бюджетке 14 пайызға, жергілікті бюджетке 43 пайызға ұлғайды.
Шығыстар бойынша бюджет атқарылуы есепті кезеңдегі жоспардан 90,6 пайызға, оның ішінде республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер 75,9 пайызға, жергілікті бюджет 99 пайызға игерілді.
Еңбек рыногында 20,1 мың жұмыс орны құрылды (2012 жылдың осындай кезеңінде 18,8 мың жұмыс орны ашылды). Тіркелген жұмыссыздық деңгейінің 1,0 пайыздан 0,7 пайызға дейін, жалпы жұмыссыздық деңгейінің 5,7 пайыздан 5,5 пайызға дейін, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халық үлесінің 10,4 пайыздан 3,3 пайызға дейін төмендеуі байқалды.
Орташа айлық жалақы 179,4 мың теңгені құрады, бұл 2012 жылдың осындай кезеңіне қарағанда 8 пайызға артық.
– Биыл қандай мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда?
ҚР Индустрия жəне жаңа технологиялар министрлігімен бірлесіп, Индустрияландыру картасын республикалық қана емес, сонымен бірге өңірлік деңгейде де өзектендіру жұмысы жүргізілуде.
Бүгінде Картаға жалпы сметалық құны 280,1 млрд.теңге болатын жəне жаңадан 8,8 мың жұмыс орны құрылатын 34 жоба енгізілді (2010 жылы 36,4 млрд. теңгеге 8 жоба, 2011 жылы 84 млрд. теңгеге 9 жоба, 2012 жылы 11 млрд. теңгеге 6 жоба пайдалануға беріліп, үш жыл ішінде 1651 тұрақты жұмыс орны құрылды).
Биыл 2 жобаны аяқтау жоспарлануда, олар – «Caspi Bitum» БК» ЖШС-нің «Ақтау пластикалық массалар зауытында жол битумдарын өндіру зауытын салу» жəне «Каспий Цемент» ЖШС-нің «Шетпе ауылында цемент зауытын салу» жобалары.
Жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқарудың рөлін күшейту аясында «Өңірлерді дамыту» жəне «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламалары бойынша облыстың 48 ауылдық елді мекенінде 423 жұмыс орнын құратын 3,2 млрд. теңгеге коммуналдық-инженерлік, көліктік жəне əлеуметтік инфрақұрылым нысандарын абаттандыру, қайта құрылымдау, күрделі жəне ағымдағы жөндеу жөнінде 63 жоба, оның ішінде облыстың қалаларында инженерлік инфрақұрылым салу (трансформаторлық қосалқы стансалар мен жарықтандыру желілерін қайта құрылымдау, жылумен жабдықтау мен электрмен жабдықтаудың магистралды желілерін салу) іске асырылуда.
Жаңаөзен қаласында тұрақты жағдай сақталуда. Кешенді жоспар мен моноқалаларды дамыту бағдарламасының аясында 2013 жылы қаланы дамытуға жоспарланған 15 млрд. теңгенің іс жүзінде 11,6 млрд. теңгесі бөлінді.
Осы қаражат есебінен əлеуметтік (1 мектепке дейінгі балалар мекемесі, 3 орта мектеп, емхана), қоғамдық тəртіп пен қауіпсіздік (10 нысан) жəне инженерлік инфрақұрылым нысандарын салу, жолдар, сумен қамтамасыз ету нысандарын тұрғызу, қала мен оған іргелес жатқан елді мекен-
дерді абаттандыру (12 нысан) жобалары іске асырылады, кəсіпкерлікті қолдау шаралары жүзеге асырылады.
– Маңғыстау аймағын дамытудың қандай мүмкіндіктері бар?
– Облыстың бəсекеге қабілетті артықшылықтары есепке алына отырып, өңір экономикасының өсу резервтері айқындалды. Олар – мұнай-газ өндіру секторын одан əрі дамыту (өңірдің минералды-шикізаттық кешенін іздестіру, барлау жəне жете барлау жүргізу, сервистік қызмет көрсету өндірісін дамыту), өңдеу салаларын дамыту (оның ішінде «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында), облыстың транзиттік əлеуетін дамыту (көліктік логистиканы, шекара бойындағы аумақтарды), туризмді дамыту («Кендірлі» халықаралық курорттық демалыс аймағының құрылысы), құрылыс индустриясын, агроөнеркəсіптік кешенді дамыту.
Маңғыстау облысы экономикасының өсу резервтерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары əзірленіп, мүдделі орталық мемлекеттік органдармен жəне Өңірлік даму министрлігімен келісілді.
– Елбасымыз көрсеткен бюджетті жоспарлау сапасын жақсарту үшін қандай жұмыстар жүргізіледі?
– Мемлекет басшысы бірінші кезекте баса назар аударған бюджеттік жоспарлау мəселесіне келсек, облыс үшін бұл аса маңызды. Бізде əлі де сапалы жоспарлау, əсіресе бюджеттік шығыстарды əр мемлекеттік органның стратегиялық міндеттерімен ұштастыру бойынша өзекті мəселелер бар.
Биыл барлық басқармалар 2014-2018 жылдарға арналған жаңа стратегиялық жоспарларды əзірлеп, 2014-2016 жылдарға арналған жаңа үшжылдық бюджетті қалыптастыратыны белгілі. Осыған байланысты əр мемлекеттік органның, аудан, қала əкімдігінің міндеті үшжылдық бюджетпен сабақтастыра отырып, өз саласындағы макрокөрсеткіштерді, мақсатты индикатор-
ларды сапалы жоспарлауды қамтамасыз ету болып табылады.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы мемлекеттік органдардың қайталанатын құрылымдарын оңтайландыру жəне функциялардың аражігін ажырату жұмысын жалғастыруды тапсырды. Өңірлерді дамытуды бағалау тəсілдері өзгертілетін болады. Барлық деңгейдегі əкімдер жұ- мысының тиімділігін бағалау рейтингісінде инвестициялар тарту, шағын жəне орта бизнесті дамыту, толыққанды жұмыс орындарын құру, мемлекеттік қызметтердің сапасы, қауіпсіздік пен құқықтық тəртіп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мəселелері, жастарды жұмысқа ор- наластыру сияқты индикаторлар айқындаушы болмақ.
Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту үшін Мемлекет басшысы «Əлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауының өзінде осы институтты дамытудың, жергілікті дамудың барлық мəселелерін шешуге азаматтардың қатысуын кеңейтудің маңыздылығын баса айтқан болатын.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 қарашадағы №438 Жарлығымен Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту тұжырымдамасы бекітілді.
Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту жəне өкілеттіктердің аражігін ажырату мəселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге жиналыстар мен жиындар арқылы халықтың өз еркін білдіру бөлігінде жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыруға арналған азаматтардың
конституциялық құқықтарын іске асыру, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер, ауылдар əкімдерінің сайлауын өткізу, коммуналдық меншікті, ақшалай қаражатты жəне өзгелерін беру арқылы төменгі деңгейдегі əкімдердің жергілікті маңызы бар өзекті мəселелерді шешудегі дербестігін кезең-кезеңімен жəне жүйелі нығайту жөніндегі өзгерістер енгізілді.
Қазіргі кезде ауылдық əкімдіктер үшін қазынашылық органдарында бюджеттен тыс арнайы шоттар ашылды, онда əкімдердің өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған өзіндік кірістері мен шығыстары есептелетін болады.
Аталған арнайы шоттарға түсетін қаражат көздері заңда белгіленген. Олар – берілген мүлікті жалдаудан түсетін кірістер, əкімшілік құқық бұзушылықтар үшін төленетін айыппұлдардың жекелеген түрлері (абаттандыру қағидаларын бұзу, белгіленбеген орында сауда жасау жəне т.б.), жолдарда, көшелерде жəне көлікте сыртқы жарнама орналастырғаны үшін төлемдер, жеке жəне заңды тұлғалардың ерікті алымдары жəне заңмен тыйым салынбаған өзге де көздер.
Көріп отырғанымыздай, іске асырлып жатқан Стратегия – 2050 маңызды міндет болып табылады. Сондықтан да мұнда мемлекеттік бағдарламаларды өңірлер деңгейінде тиімді əрі толық іске асыруға басты рөл беріліп отыр.