Жұмыспен қамту деңгейі 94,5 пайыз
Үстіміздегі жылдың 11-қазанында Елордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасымыз еңбек және жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтік көмекті өзара міндеттемелер негізінде еңбекке қабілетті адамдарға беру қажеттігіне назар аударды. Таяуда облыс әкімінің төрағалығымен өткен кеңесте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Гүлмира Мұратқызы ҚАЛМҰРАТОВА бұл туралы есеп беріп, аймағымызда жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру барысымен таныстырған еді.
Маңғыстау аймағында экономикалық белсенді халықтың тұрақты өсімі сақталуда. 2010 жылмен салыстырғанда, экономикалық белсенді халықтың саны 54,9 мың адамға көбейді жəне 274,2 мың адамға дейін жетті.
Жұмыспен қамтылған жұмыскерлердің қатары да тұрақты артып келеді, олардың саны 2010 жылы 205,2 мың адам болса, үстіміздегі жылы 259 мың адамға дейін өсті. Жұмыспен қамту деңгейі қазір экономикалық белсенді халықтың 94,5 пайызын құрайды, ал 2010 жылы ол 93,6 пайыз болған.
Еңбек ететін халықтың арасында жалдамалы жұмыскерлердің саны 241,6 мың адам немесе олардың үлесі жұмыс істейтін азаматтардың 93,3 пайызын құрады (2010 жылы – 185,2 мың адам,
үлесі – 90,3 пайыз).

Өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етіп отырған жұмыскерлердің саны 17,4 мың адам немесе жұмыспен қамтамасыз етілген азаматтардың 6,7 пайызын құрады (2010 жылы-20 мың адам, үлесі-9,8 пайыз).
Үстіміздегі жылдың екінші тоқсанында жұмыссыз халықтың саны 15,2 мың адам болды.
«Жол картасы-2020» жұмыспен қамту бағдарламасы қабылданғаннан бері жұмыссыздық деңгейі 2010 жылғы 6,4 пайыздан үстіміздегі жылы 5,5 пайызға дейін төмендеді. 2013 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша жұмысқа орналастыру үшін жұмыспен қамту органдарына 10670 адам хабарласты, олардың ішінде 1484 адам ағымдағы бос орындарға, 628 адам əлеуметтік жұмыс
орындарына, 2216 адам қоғамдық ақылы жұмыстарға, 657 адам жастар практикасына орналастырылып, 241 адам кəсіби даярлау мен қайта даярлауға жіберілді.
Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда, тіркелген жұмыссыздардың саны 2618-ден 1842 адамға дейін азайды. Тіркелген жұмыссыздық деңгейі 0,7 пайыз (2012 жылы осы кезеңде-1,0 пайыз) құрады.
Үстіміздегі жылдың 1 қарашасына дейін жұмыспен қамту орталықтарына жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасына қатысу мəселелері бойынша 2187 адам хабарласты, олардың ішін-
де 2089 адам бағдарламаға қатысушылар құрамына енгізілді, 2126 əлеуметтік келісімшартқа қол қойылды.
Бағдарламаға қатысушы жастардың үлесі 62,1 пайызды (1320 адам), əйелдердің үлесі 57,6 пайызды (1224 адам) құрайды.
Оның «Инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» деген бірінші бағыты бойынша 2,8 млрд. теңге мөлшерінде қаралған қаражатты игеру көлемі 1,7 млрд. теңге немесе 61,9 пайыз болды. Жоспарланған 105 жобадан 16 инвестициялық жобаны іске асыру аяқталды. Бұл нысандарға 1097 адам жұмысқа орналастырылды, олардың ішінде 400 адам-бағдарламаға қатысушылар.
9 фельдшерлік-акушерлік пункттерді салу жоғары қарқынмен жүргізілуде, қазір оларға қаралған 1123,4 млн. теңге қаржының 713,8 млн. теңгесі немесе 63,6 пайызы игерілді. Нысандар мезгілінде пайдаланылуға берілетін болады.
«Кəсіпкерлікті дамыту мен тірек селоларды дамыту арқылы жұмыс орындарын құру» деп аталатын бағдарламаның екінші бағыты бойынша да бірқатар жұмыстар жасалды. Бағдарламаны іске асыру басталған кезеңнен бастап 1064 адам кəсіпкерлік негіздеріне оқудан өткізілді. Сондай-ақ 303 адам, олардың ішінде 80 адам үстіміздегі жылы шағын несие алды. Кəсіпкерлердің арасында 51 бағдарламаға қатысушы өз ісін ұйымдастыру үшін, 29 адам бизнесін кеңейту үшін қаржы ресурстарына ие болды. Бір шағын несиенің мөлшері орта есеппен 2,2 млн.
теңге құрады.
Жыл басынан бері шағын несие алушыларды есептемегенде, 52 жұмыс орны құрылды.
Бүгінгі таңда 200 млн. тең-ге мөлшерінде жекеменшік кəсіпкерлік бастамаларды қолдауға бөлінген қаражат толықтай игерілді.
Қаржыларды мақсатты игеру мен бизнес-жобаларды іске асыруға тұрақты мониторинг жүргізіледі.
150 млн. теңге көлемінде бағдарламаға қатысушыларды несиелеу үшін қосымша қаржыландыруға тапсырыс қанағаттандырылды. Бұл қаржы жыл аяғына дейін игеріліп, заемшыларға жеткізілетін болады.
Облыс бойынша шағын несие алған адамдардың үлесі ауылдық жерлерде жұмыспен қамтылған жəне жұмыссыз халықтың 2,1 пайызын құрайды.
Бағдарламаның «Жұмыс берушінің сұранымы шеңберінде оқыту мен қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жəрдесу» атты үшінші бағытының 1 құрамы аясында 1327 бағдарламаға қатысушы кəсіби оқумен қамтылды (2009-2010 жылдардың Жол картасы бағдарламасы бойынша 355 адам, 2011-2012 жылдарға қабылданған Жұмыспен қамту бағдарламасы бойынша 872 қатысушы кəсіби оқудан өтті).
Осы бағдарлама бойынша лицейлер мен колледждерге 100 адам жаңадан қабылданды, жұмыспен қамту бағдарламасының шеңберінде мектепке дейінгі ұйымдар тəрбиешісі, мейірбике, кең бейінді техник-құрылысшы, темір жол салу, жолдар жəне жол шаруашылығы, техник-құрылысшы мамандықтары бойынша мамандар даярлау жүргізілуде.
Қазіргі уақытта 2011 жəне 2012 жылдары оқуларын аяқтап, жұмысқа орналастырылмаған адамдардың арасынан 497 адам жұмысқа орналастырылды.
Кадрларды қайта даярлауға 225 адам (жоспар - 200 адам), біліктілігін арттыруға 90 бағдарламаға қатысушы (жоспар - 100 адам) жіберілді. Кадрларды қайта даярлау шеңберінде 144 адам оқуын аяқтады, олардың ішінде 35 адам жұмысқа орналастырылды. Сондай-ақ 82 адам біліктілігін арттырып, олардың 18-іне жұмыс берілді.
Сонымен қатар 193 кəсіпорынмен жəне ұйыммен жалақылары субсидиялана отырылып, əлеуметтік жұмыс орындарын құруға келісімшарттар жасалды, оларға барлығы 673 адам, 2013 жылы 539 адам жұмысқа орналастырылды. 310 адам əлеуметтік жұмыстарын аяқтап, олардың ішінен 123 адам немесе 39,7 пайызы тұрақты жұмыс орындарына қабылданды.
145 кəсіпорын мен ұйым жастар практикасынан өту үшін оқу орындарының 432 түлегіне жұмыс орындарын берді, 229 жас практикасын аяқтап, олардың ішінде 69 түлек немесе 30,1 пайызы тұрақты жұмыс орнына орналасты.
Əлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасы бойынша жалақыларды субсидиялауға бөлінген 127,2 млн. теңге қаражаттың 97,6 млн. теңгесі немесе жылдық жоспардың 76,7 пайызы игерілді.
Үшінші бағыттың екінші құрамы шеңберінде 30 пəтер мен инженерлік инфрақұрылымды аяқтау, жұмыспен қамтуға көмектесу шаралары көрсетіле отырылып, бағдарламаға қатысушыларды
жаңа қонысқа көшіру жүзеге асырылады.