Жексенбі, 24 Қараша 2024
1624 2 пікір 2 Мамыр, 2024 сағат 16:13

ЕАЭО-дағы кедендік табысты бөлу: Қазақстанның үлесін көбейту керек!

Суретті Ақ жол партиясының баспасөз қызметі ұсынды

Евразиялық экономикалық одақтағы кедендік табысты бөлуде Қазақстанның үлесін көбейту қажет. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалын Ерлан Барлыбаев жариялады. 

 Қазақстан Республикасының
Премьер-министрі
О. Бектеновке!

Су тасқыны апатының салдарын жою барысында мемлекет зардап шеккен барлық отбасы мен шаруашылықтарға көмек көрсетілетінін жариялады.  Сарапшылардың есебінше, шығынның жалпы көлемі жарты миллиард доллардан асып жығылады.

Бизнес бүгінде аймақтарға барынша көмектесіп жатқанымен, негізгі ауыртпалық бюджетке түсетіні анық.

Осыған байланысты бюджетті толықтыру көзін кеңейту мәселесі өте өзекті болып отыр.

«Ақ жол» фракциясы сондай қайнар көздің бірін еске салуды қажет деп санайды.

2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы Келісімшарт күшіне енді.

Осы келісім аясында мүше мемлекеттердің сыртқы сауда қызметінен түсетін кедендік төлемдер келесі пропорция бойынша қайта бөлінді:

Армения – 1,22%;  Беларусь – 4,86%;  Қазақстан – 7,25%;  Ресей Федерациясы – 86,97%.

Бірыңғай кедендік кеңістік ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің экономикасын жаңғырту, өнеркәсіптік кооперация және бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады деп болжанған болатын.

Кейінірек, 2020 жылы, Қырғызстан одаққа қабылданып, оның 1,9 пайыздық үлесі бөлінген кезде Қазақстан мен Ресейдің әрқайсысының үлесі 1,5 пайызға бірдей төмендесе, Беларусь пен Арменияның үлесі өзгеріссіз қалды.

Бұл түзетуді ратификациялау кезінде «Ақ жол» фракциясы келіспейтінін білдірген еді.

Әрбір мемлекеттің үлесін пропорционалды түрде қысқарту дұрысырақ болар еді деп есептейміз. Сонда, шамамен алғанда, Қазақстанның үлесі 1,5 пайызға емес, 0,5 пайызға төмендер еді.

Мәселе бюджет үшін керек жүздеген миллиондар мен миллиардтар туралы болып отыр.

Бүгінгі таңда ЕАЭО кедендік төлемдерін бөлудегі диспропорция бұрынғыдан да айқындалып, қайта қарауды талап етуде.

Мәселен, сауда-экономикалық санкциялар аясында кейінгі екі жылда Ресей мен Беларусь елдерінің сыртқы экономикалық айналымы айтарлықтай қысқарса, басқа мүше елдерде, әсіресе, Қазақстанда, керісінше, айтарлықтай өсім байқалып жатыр.

Мысалы, егер 2020 жылы Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 86,4 миллиард АҚШ долларын құраса, 2022 жылдан бастап күрт өсіп, 2023 жылы 140 миллиард долларға жетті, яғни, бірден 40 пайызға өскен.

Ресейде осы кезеңде сыртқы сауда айналымы 16 пайызға қысқарды.

Осы көрсеткішке қарамастан, Ресей Федерациясы әлі де өзінің 85 пайызын, ал Қазақстан 6,95 пайызын алуды жалғастыруда.

Осыған байланысты 2022 жылдың маусым айында «Ақ жол» демпартиясы Үкіметке кедендік төлемдердің түсуін қайта есептеу және қазақстандық үлесті ұлғайту керектігі туралы депутаттық сауал жолдаған болатын.

Ол кезде бұрынғы Үкімет мұндай келіссөздерге әлі ерте деп санаған еді.

Дегенмен, өмір бұл үрдістің қысқа мерзімді емес, ұзаққа созылатынын, әлі де белгісіз мерзімге дейін жалғасуы мүмкін екендігін көрсетті. Сондықтан, біз кедендік төлемдерден түсетін табысты бөлудің бұрынғы тәртібін сақтау еліміз үшін әділетсіз және ЕАЭО-ның ортақ «жинағына» қосатын нақты үлесімізге сәйкес келмейді деп санаймыз.

Оған қоса еліміздің табиғи апатты еңсеруде де, одан арғы экономикалық дамуда да қажеттілігі зор болып тұр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев күрделі халықаралық мәселелер бойынша Республиканың тәуелсіз ұстанымын бірнеше рет жеткізе отырып, өте салмақты және көреген сыртқы саяси бағытты жүзеге асырып жатқаны белгілі.

Сонымен бірге, мемлекет басшысы біздің еліміздің интеграциялық келісімдердегі, оның ішінде ЕАЭО-ға мүшеліктегі бірізділігін үнемі атап келеді.

Осы жағдайда «Ақ жол» демпартиясының фракциясы Үкіметке ЕАЭО бойынша әріптестері алдында Одақтың сыртқы экономикалық қызметінен түсетін кірісті бөлудегі Қазақстанның үлесін қайта қарау және ұлғайту мәселесін көтеруді ұсынады.

Құрметпен, «Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары:

Е.Барлыбаев
А.Перуашев
Д.Еспаева
Қ.Иса
А.Садықов
Е.Бейсенбаев

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550