Сейсенбі, 20 Мамыр 2025
Айқай 2573 2 пікір 20 Мамыр, 2024 сағат 10:09

Қостанайдан тағы да «аттан» шықты

Коллаж суреттері Қостанай облысы әкімдігінің сайтынан және Google іздеу жүйесінен алынды

Қостанайда кейінгі кездері ойбайға бергісіз айқай шығып жатыр. Мұндағы біраз ата-аналар: «Қаламызда бала бақшаларында орыс топтары жаппай жабылып жатыр. Қайда барсаң да «енді мұнда орыс тобы болмайды», - деп берісі қала мен облыс, арысы Астанаға дейін аттандап жатыр.

Әлемжелі екі бастан қарап қалмайтындығы белгілі. Әзірге, «Вова, помоги!» деген ұран естіле қойған жоқ. Оған да шүкір. Бұл дауға енді республикалық деңгейдегі белгілі сайттар араласқан соң, амал жоқ, ол сауалға қала мен облыстық білім беру басқармаларының мамандары арнайы жауап беруіне тура келді.

«Бақсақ, бақа екен» дегендей, мұның бәрі біреулердің әдейі таратқан қаңқу сөздері немесе әдейі арандатуы болып шықты. Мамандардың айтуынша, Қостанай қаласындағы мектеп жасына дейінгі мекемелердегі орыс топтарының мұрты да бұзылған жоқ. Олар бұрынғыдай үстемдікте.

Мәселен, қазіргі таңда шаһардағы әлгіндей мекемелердегі орыс топтары нақтылап айтқанда, 510-ға жетеді. Ал қазақ топтары небәрі 181-ді ғана құрайды.

Сонда қайсысы жетімдік көріп отыр?

Жайберген Болатов

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2754
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4493