Қара өлең шатқалынан табылған тарихи қазына
Шығыс Қазақстан облысы әкімі Бердібек Сапарбаев мырзаның назарына!
Қазақстанның руханияты тағы бір көрнекті мекенмен аты шығатын түрі бар! Ол – Семей полигоны болған Қайнар ауылына таяу Қара өлең шатқалы. Бұған дейін полигон қарауында болған мыңдаған гектар жерге адамның баруына тыйым салынып, оның атышулы улылығынан шошынған зерттеушілер де ол жаққа барған емес.
Міне, сол Қара өлең шатқалынан ондаған таңбалы тастарды қарағандылық ұлтшылдар - қоғам қайраткері, белгілі заңгер, сот төреші Марат Азбанбаев пен оның зайыбы, филология ғылымдарының докторы Гүлбаршын Байгүнісова тауып фотоға тартыпты. Үш төбенің үстінде шоғырланған барлығы 75 петроглиф табылған. Зерттеушілер табынды таңбаларды үшке бөліп отыр: айуандар суреті, антропоморфтық бейнелер мен танылуы қиын сызбалар.
Қызығы сол, бұл таңбалы тастар ғылымға да, жалпы отандық ғалымдарға да әлі күнге беймәлім, жария болмаған. Тастағы қашама суреттер мазмұнына қарағанда белгілі Аңырақай таулы жотасындағы Таңбалы тас суреттеріне дәуірлес болып келеді. Аталмыш табындылар Шығыс Қазақстан облысына қарасты Жалаулы мен Мәремық жоталарының етегіндегі Қараөлең шатқалында орналасқан. Географиялық кооординаттары - 49°15'00'' солтүстік ендік пен 77°37'00'' шығыстық бойлық арасында.

Петроглифтерді М.А.Азбанбаев 2007 жылы тапқан. 2012 жылы Мәкең өзі бастап, арнайы экспедиция жасапты. Алайда, арнайы жариялау жұмысына асықпаған. Енді бұл маңнан алтын кені табылып, аталмыш таңбалы тас мекеніне қатер төне бастапты. Бұл тарихи құндылықтар әлі күнге арнайы мемлекеттік есепке алынбаған және тарихи-мемлекеттік күзетке қойылмаған.
Аталмыш ұлттық-мемлекеттік құндылықтарды тез арада есепке алып, мемлекеттік күзетке алмаса, қолды болуы бек мүмкін. Оның үстіне бүгінде қазақ құндылығын аулаушы шетелдіктер мен ұры зерттеушілер қарасы молайды. Біздің бұл уәжіміз Шығыс Қазақстан облысының басшылығына жетер деген сенімдеміз.
Abai.kz