Өзен өндірісінде жаңа технологиялар жетістігі
Заманауи әлемдік тәжірибеде өндірісті жетілдіру кезінде энергия үнемдеу мәселесі өзекті болып отыр. Қазақстанда қабылданған «Қазақстан-2050» стратегиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекет дамуының «жасыл» жолға өтуіне негізделген, экономиканың тиімді, әрі тұрақты үлгісін құру бағыттарын атап көрсетті. «Жасыл экономикаға» өтудің негізгі мақсаттарының бірі –ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру және энергия үнемдеуші технологияларды енгізу.
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ, соңғы бірнеше жылда, кен орындарындағы жабдықтарды жетілдіру жұмыстарымен белсенді айналысуда. Инновациялық энергия үнемдеуші технологияларды өңдеп, енгізу есебінен өндіріс тиімділігін арттыру мен мұнайды пайдалы жолмен өндіруге ерекше назар аударылуда.
Қазіргі таңда, Маңғыстау облысының Өзен кен орнында белсенді түрде эксперименттік жұмыстар жүргізілуде.Биыл «Өзенмұнайгаз» АҚ-на штангалық ұңғыма сорғысының 20 қондырғысын бергенресейлік компания «Татнефть» ААҚ-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Энергияны жоғары деңгейде үнемдеуімен қоса, бұл қондырғының басты ерекшелігі – ұңғыма қондырғыларының жарамдылық мерзімін ұзарту және күрделі ұңғымаларда топырақ, механикалық қоспаларды, тұздарды шығару мүмкіндігі арқылы нәтижелі жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда кен орындарында 15 қондырғы жұмыс істеуде, ал қалған 5-еуі енгізілу процесінде, бірақ компания қызметкерлерінің айтуынша, олар да осы жылдың соңына дейін мұнай шығаруды бастайды.
Әзірге, ескі қондырғылармен салыстырғанда, жаңалары өте жақсы нәтижелер көрсетіп тұр.Соған қарамастан, «Өзенмұнайгаз» АҚ компаниясында жаңа жабдықтарды түрлі сараптамалардан өткізуге шешім қабылданды.
Қондырғыларға балама ретінде Қазаннан әкелінген, Қытайда шығарылған штангалық ұңғыма сорғысының гидравликалық қондырмалары болды.
Бұл жеткілікті түрде көлемді қондырғы «Қызыл айдаһар» деген лақап атқа да ие болды.
Оның ерекшелігі – аз шығын шығарумен қатар, мұнайды тартудың төменгі жиілігімен, тиімді жұмыс режімін қамтамасыз ету.
Тағы бір эксперименттік қондырғы – «Гейзер» деп аталатын, Ресейде шығарылған штангалық ұңғыма сорғысының гидравликалық қондырмасы.
Бұл қызмет етуші топтың көп күшін талап етпейтін, қашықтақтан басқару мен мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін мұнай өндірудің түбегейлі жаңа жүйесі.
Қазіргі таңда, жаңа жабдықтар түрлі жүктемелерде тестіден өткізіліп, сыналуда. Күн сайын жинақталған мәліметтерді «Өзенмұнайгаз» АҚ инженерлері мұқият талдайды.
Келешекте мамандар қай қондырғының нәтижелі жұмыс істейтінін және Өзен кен орнының жоғары парафиндік «ауыр» мұнайын тиімді шығара алатын қондырғыларды анықтайтын болады.