Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 6052 0 пікір 14 Қаңтар, 2014 сағат 08:43

«Жалын» журналы – Түркі әлемінің кеңістігінде

1969 жылдан бастап республика жұртшылығының рухани қажетін өтеп келе жатқан тұрақты  басылымның бірі «Жалын» журналы 2013 жылы Түркиядағы Жазушылар және өнер қайраткерлерінің халықаралық қорының» ұйымдастыруымен өткен «18-ші Халықаралық түркі әлеміне қызмет сыйлығының» Түркі әдебиетінің өткені, қазіргісі, келешегі үшін» номинациясының жеңімпазы атанды. Барлық түркі тілдес, бауырлас халықтардың рухани құндылықтарын әспеттейтін, қоғамдық-азаматтық іс-шаралардан шет қалмайтын заңды және жеке тұлғаларды жыл сайын марапаттап отыратын халықаралық қордың биылғы жүлдесіне «Жалын» журналы жалпы түркі жұртшылығына аттары белгілі ақын-жазушылардың, ғалымдар мен өнер қайраткерлерінің шығармаларын терең талдаулар мен жан-жақты сараптаулардан кейін ие болып отыр. «Жалын» журналында тұрақты жарияланып келе жатқан «Түркі дүниесінің классиктері» айдары аясында қазақ оқырмандары Хұсейін Нихалдың «Көк бөрілердің ерлігі» романы мен Харун Токактың «Қара шалдың қайғысы» атты шығармасымен, белгілі ғалым Сабри Хизметлидің түркі әдебиеті мен мәдениеті туралы танымдық дүниесімен, белгілі журналист Ахмет Аляздың «Көрұғлы» атты бүкіл түркі дүниесінің рухани бірлігін паш ететін ғылыми еңбегімен танысты.

1969 жылдан бастап республика жұртшылығының рухани қажетін өтеп келе жатқан тұрақты  басылымның бірі «Жалын» журналы 2013 жылы Түркиядағы Жазушылар және өнер қайраткерлерінің халықаралық қорының» ұйымдастыруымен өткен «18-ші Халықаралық түркі әлеміне қызмет сыйлығының» Түркі әдебиетінің өткені, қазіргісі, келешегі үшін» номинациясының жеңімпазы атанды. Барлық түркі тілдес, бауырлас халықтардың рухани құндылықтарын әспеттейтін, қоғамдық-азаматтық іс-шаралардан шет қалмайтын заңды және жеке тұлғаларды жыл сайын марапаттап отыратын халықаралық қордың биылғы жүлдесіне «Жалын» журналы жалпы түркі жұртшылығына аттары белгілі ақын-жазушылардың, ғалымдар мен өнер қайраткерлерінің шығармаларын терең талдаулар мен жан-жақты сараптаулардан кейін ие болып отыр. «Жалын» журналында тұрақты жарияланып келе жатқан «Түркі дүниесінің классиктері» айдары аясында қазақ оқырмандары Хұсейін Нихалдың «Көк бөрілердің ерлігі» романы мен Харун Токактың «Қара шалдың қайғысы» атты шығармасымен, белгілі ғалым Сабри Хизметлидің түркі әдебиеті мен мәдениеті туралы танымдық дүниесімен, белгілі журналист Ахмет Аляздың «Көрұғлы» атты бүкіл түркі дүниесінің рухани бірлігін паш ететін ғылыми еңбегімен танысты. Сопылық ілімнің жауһары Мевлананың «Месневи» шығармасының журналдың бірнеше санында жариялануы да діни бауырластықты бұрынғыдан да нығайта түсті. «Жалын» журналы жалпы түркі әлеміне аты белгілі, классик ақын-жазушылардың шығармаларын да ұдайы насихаттап келеді. Мәселен, әзірбайжан жазушысы Анардың «Ақ қошқар, қара қошқар» атты хикаятының, сол сияқты түркі әлеміне ортақ тұлғалар Шыңғыс Айтматов, Мұстай Кәрім, Қайсын Кулиев сынды таланттар шығармалары да

«Жалын» журналында жарияланды. «Жалын» журналы түркі әлеміне таныла бастаған жастарға да орын беріп келеді.

     Бүкіл түркі әлеміне: «КІМ ШЫНДЫҒЫН ЖОҒАЛТЫП АЛСА, КҮНДЕЛІКТІ ӨМІР АҒЫСЫНДА СӨЗІ БАСҚА, ІСІ БАСҚА БОЛСА ЖӘНЕ ӨЗ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ МҮДДЕЛЕРІНЕ, РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫНА ТАМЫР ЖІБЕРЕ АЛМАСА, ҚАНШАМА БІЛІМДІ БОЛҒАНЫМЕН ОЛ АДАМҒА ҚОҒАМДЫҚ СЕНІМ АРТУ – РУХСЫЗДЫҚ ӘРІ ӘДІЛЕТСІЗДІК» деген мазмұнда ұстаным ұсынған, «Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» сыйлығының иегері М.Шаханов басқаратын «Жалын» журналына бұл сыйлық 2014 жылдың мамыр айында, Қырғызстанда өтетін «Шыңғыс Айтматов және түркі әлемі» атты халықаралық конференцияда табыс етілмек.

Нұрғали Жүсіпбай,

Еркінбек Серікбай

Редакциядан: Алаштың айтулы ақыны, мемлекет әм қоғам қайраткері, Мұхтар Шаханов ағамыз басқарып отырған «Жалынның» жалынды ұжымын «18-ші Халықаралық түркі әлеміне қызмет сыйлығының» Түркі әдебиетінің өткені, қазіргісі, келешегі үшін» номинациясының жеңімпазы атануымен қуана құттықтап, шығармашылық табыстар тілейміз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5570