Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2742 0 пікір 20 Қаңтар, 2014 сағат 07:53

Қазақстандағы қытай мұнайшылары қазақтардан 10 есе артық жалақы алады!

Қытайлық мұнайшылар Қазақстанда орасан мол жалақы алады, ал елшілік қабылдауына баруға оларға қымбат фрактар сатып алынады, деп мәлім етті кеше ҚазТАГ агенттігіне «Халықаралық мұнай сервистік СИНОПЭК Қазақстан» ЖШС директорының орынбасары Руслан Қожахмет.

«2011–2012 жылдары директордың жалақысы 3 млн теңге болды. Ол қолға алынатын жалақы, ал салықтарымен – 3 333 333 теңге. Одан басқа, ай сайын директор мен қытайлық жұмысшыларда (директордың орынбасары мен басқа да басшыларында – ҚазТАГ) жалақының 50% мөлшеріндегі бонустар болды. Және жыл соңында – 100% толығымен, яғни олар желтоқсанда 2 айлық жалақы алады», – деді Р. Қожахмет ҚазТАГ агенттігіне.

Өз кезегінде директордың орынбасары мен басқа қытайлық жетекшілер, олар бас кеңседе 4 адам, өте жоғары жалақы алатын. Бас кеңседе 2012 жылы 5 қытайлық 15 қазақстандық жұмыс істеген, бірақ Ақтөбе, Атырау мен Маңғыстау облыстарындағы филиалдарын қоса алғанда, бүтін компанияда сәйкесінше, шамамен тиісінше150 және 700 адам жұмыс істеген.

«Менің алдымдағы, мен алмастырған маман 1 333 334 теңге жалақы алатын, яғни таза қолға ол 1 миллион 200 алатын», – деді серіктестік директорының орынбасары.

Оның айтуынша, Ақтау, Атырау мен Ақтөбе директорлары да бонус алып отырған. «Бұл жалақылар штаттық кестеде көрсетіледі», – деп атап көрсетті Р. Қожахмет.

«Барлық қытайлық жұмысшыларға осында тұрғанына, тамағына, еліне ұшып барып-келгеніне бонус түрінде төленеді деп ойлаймын. Оларды қызмет көліктері тасып жүреді, қандай да шығындарды компания төлейді. Менің есімде, біздің жұмысшылар консулдық қызметкерлерімен кездесуге барғанда, компания есебінен оларға қымбат фрактар сатып алғаны», – дейді Р. Қожахмет.

Бұл ретте қытайлық жетекшілер сақтандырылған, ал қытайлық басшылардың әйелдерінің осында жүріп-тұрғаны компания есебінен төленеді. «Қытайлық жұмысшылар әр 3 айда демалысқа 1 айға еліне ұшып кетеді. Барлық қытайлықтар – жұмыс істеуге рұқсаты барлар», – дейді ол.

Сөйтіп, қытайлықтардың демалысы жылына 90 күнге созылады.

«Қазақстандық жұмысшылардың орташа жалақысы әдетте 130 мың теңге. Сол кезеңге төленетін ең үлкен бонус – жыл соңында Т20 мыңнан төленеді», – дейді директор орынбасары. Қазақстандық жұмысшылардың ең үлкен сыйақысы былтырғы жыл соңында Т30 мың болды.

Р. Қожахметтің айтуынша, қазақстандық жұмысшының ең үлкен жалақысы 2012 жылы «шамамен 560 мың теңге болып, нақты қолға 400–450 мың таза алған».

«Қытайдағы орташа жалақы Қазақстандағы орташа жалақыдан едәуір төмен. Ал олардың осында алып жатқан жалақылары тіпті орасан мол. Оны олар үйден шалғайда, отбасынан алыста, мүлдем басқа жағдайда жұмыс жасап жатқанымен негіздейді», – деді ол.

Директордың орынбасары жалақыға қатысты қалыптасып отырған жағдайды дискриминациялық жағдай деп отыр. Сондықтан ол 2013 жылғы желтоқсанның басында ҚР Бас прокуратурасына шағым түсіріп, аталған мәселеден басқа тағы 5 тармақ көрсетті: қытайлық басшылық еңбек келісіміндегі оның қолын өздері қойғанын, бұрынғы қытай басшылығының оны ұрғанын, қытайлық жұмысшылардың жалған диплом қолданатынын, қолдан жасалған көші-қон карточкалары барлығының әшкереленгені, қытайлық азаматтар іскерлік визамен келіп, заңсыз жұмыс істеп жатқанын көрсетіпті.

Оның айтуынша, бұл шағымдарды қарастыру енді басталып жатыр.

Бұл ретте бұрынырақ Алматы аудандық №2 сотта Р. Қожахметтің еңбек құқығындағы дискриминациялық деректерді жою туралы, толық төленбеген жалақыны өндіру және қосымша келісім жасау туралы шағымын қарамай тастады. Алматы қалалық сотының да апелляциялық коллегиясы шағымды қараудан бас тартты. Кезекте шағымды сол қалалық соттың кассациялық коллегиясының қарауы тұр.

ҚазТАГ

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5563