Сенбі, 23 Қараша 2024
Айқай 1440 0 пікір 9 Тамыз, 2024 сағат 15:56

Газадағы соғыс: Израиль мен ХАМАС келісімге келе ме?

Коллаж: Википедия

АҚШ, Катар және Мысыр Газа секторындағы бітімгершілік туралы келіссөздер қайта басталуы тиіс деп мәлімдейді.

Бірлескен мәлімдемеде ХАМАС пен Израильге үндеу жасалып, тараптарды оқ атуды тоқтату туралы келіссөздерді қайта бастауға шақырған. Ол бойынша келіссөздер 14-15 тамыз аралығында өтуі тиіс.

ИЗРАИЛЬ НЕ ДЕЙДІ?

Израиль келіссөздерге қатысатынын мәлімдеді. Бұл туралы премьер Бенямин Нетаняху айтты. Нетаняху кеңсесі: «Израиль 15 тамызда Газадағы ұрысты тоқтату туралы келіссөздерге өз делегациясын (келіссөзшілерін) жіберетін болады», - деп мәлімдеді.

ХАМАС ЖЕТЕКШІСІ СИНВАР МӘМІЛЕ ЖАСАҒЫСЫ КЕЛЕДІ

Палестиналық ХАМАС қозғалысы саяси бюросының жаңа басшысы Яхия Синвар Иранмен жағдай шиеленіскенге дейін Израильмен оқ атуды тоқтату және тұтқындарды босату туралы келісімге қол жеткізуге мүдделілік танытты. Бұл туралы Израильдің 12-ші телеарнасы ХАМАС-тағы дереккөздерге сілтеме жасай отырып хабарлады.

Ондағы деректерге сенсек, Синвар қозғалыс басшылығының Газадан тыс жерлердегі өкілдеріне «Жолдау хат» жолдаған. Жолдауда ол оларды Иран тарапынан болуы мүмкін шабуылға дейін Израильмен оқ атуды тоқтату туралы келісімге келуге шақырған.

Телеарна дереккөздерінің айтуынша, қозғалыстың жаңа көшбасшысының Тегеранмен жақсы қарым-қатынасы жоқ, сонымен қатар ол ХАМАС әскери басшылығының қысымына тап болады.

Олардың мәліметтерінше, Синвар өз жолдауында Катардағы басшылық мүшелерін Израильмен келіссөздер үдерісіне араласпауға шақырды: оған оның орынбасары Халил әл-Хайя мен саяси бюроның мүшесі Гази Хамад ғана қатыса алады, олар Газадан кетіп, қақтығыстан сәл бұрын Бейрут қаласына кетті.

АҚШ, Мысыр және Катар көшбасшылары Израиль мен ХАМАС-ты оқ атуды тоқтату және кепілдікке алынғандарды босату туралы келісімге қол қою мақсатында жедел келіссөздерді қайта бастауға шақырып, «тараптардың ешқайсысында кейінге қалдыруға ешқандай себеп жоқ» деп санайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5397