Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 4755 0 пікір 12 Ақпан, 2014 сағат 05:31

Берік Жүсіпов. ТҰРЕКЕҢ ТАҒЫ НЕ ДЕПТІ?..

Cуретте - Берік Жүсіпов

 

  • СӨЗТАНЫМ

Менің парақшамда (фейсбук) жарияланған «Жылқының басы үлкені – соғым, Адамның басы үлкені – боғым» деген халық мәтелін кейбіреулер өмірінде бірінші рет естіпті. Көпке топырақ шаша алмаймыз. Алайда, қатты қайран қалдым. Нан танымас надандықтың ауылына осыншама жақын қонармыз ба? Бізді сөйлеткенде не табарын қайдам, әнші қарындасым бір қапталдай қаға келіп: «Берік аға, айтарыңыз жоқ-ау деймін?!» деп, аш кенедей жабыссын кеп. Ой, Алла-ай! Адам деген түк бітірмегенде де кітап оқу керек екен ғой. «Қатын десе әжем де кетедінің» кері.

Қазақтың жаман қарғысының бірі: «Өзің білме, білгеннің тілін алма!». Ақиқат сол – өзінің кемшілігін естіген, немесе көрген адам сол заматында жаны жай таппай, кәдімгідей безектеп кетеді. Демек, жалпақ жұртқа айтылған әрбір сөзді ақылсыз адам бірінші тура Өзіне қабылдайды. Оны Зигмунд Фрейд деген әулие «комплекс о неполноценности» деп айдарлаған.

Cуретте - Берік Жүсіпов

 

  • СӨЗТАНЫМ

Менің парақшамда (фейсбук) жарияланған «Жылқының басы үлкені – соғым, Адамның басы үлкені – боғым» деген халық мәтелін кейбіреулер өмірінде бірінші рет естіпті. Көпке топырақ шаша алмаймыз. Алайда, қатты қайран қалдым. Нан танымас надандықтың ауылына осыншама жақын қонармыз ба? Бізді сөйлеткенде не табарын қайдам, әнші қарындасым бір қапталдай қаға келіп: «Берік аға, айтарыңыз жоқ-ау деймін?!» деп, аш кенедей жабыссын кеп. Ой, Алла-ай! Адам деген түк бітірмегенде де кітап оқу керек екен ғой. «Қатын десе әжем де кетедінің» кері.

Қазақтың жаман қарғысының бірі: «Өзің білме, білгеннің тілін алма!». Ақиқат сол – өзінің кемшілігін естіген, немесе көрген адам сол заматында жаны жай таппай, кәдімгідей безектеп кетеді. Демек, жалпақ жұртқа айтылған әрбір сөзді ақылсыз адам бірінші тура Өзіне қабылдайды. Оны Зигмунд Фрейд деген әулие «комплекс о неполноценности» деп айдарлаған.

Тұяғы бүтін тұлпарды, қанаты бүтін сұңқарды көрген кім бар, ағайын? Жоқ қой ондай жан мына жұмыр жердің бетінде. Ал аттың белі, атанның қомында жүріп өскен қазақ атам болса сол «жоқтардың» ойсыраған орнын толтырумен әлек болған. Қисыны келіспеген қисық бетіміз бен күлмейтін жерде күліп тұратын қыли көзіміз үшін неге айнаға өкпелеуіміз керек? Бізідің қазақ: «Дүния – дүнияда қалады, Әкең өлсе шешеңді біреу алады» дейді. Рас қой. Осы да анайылық болып па? Шынында да далалық дәстүрде жесірін жамағайынның бірі алмаса, тіпті басқа жаттекі біреу алмай ма? Сүйекке түскен таңба деп, ұят деп соны айтады. Әзірге тесік моншақтың жерде қалғанын көрген адам аз...

Тап-таза қаны сорғалаған, боямасыз өмірлік шындықтың бірі – осы (қатын біткеннің бәрі байы өлсе болды «байсырап» кетеді деген сөз емес, әрине). Молдаға бар, ғұламаңа бар – төңіректеп айтатыны осының аясы мен айналасы. Сонда деймін-ау, сөз танымайтындай халге жететіндей жиырма жылдың ішінде осыншама дүбараланып кеткеніміз бе? Қазақ мәтелінің қай-қайсының да айналасында оның мағынасын үстейтін сөз көп. Біреулер білер, мүмкін білмес, бәйге атының басы еш уақытта үлкен болмайды. Болған күннің өзінде басына тұрқы, яғни қалған дене бітімі сай болу керек. Демек, мына дөңгеленген дүниядағы есті-ессіз мақұлықаттың арасында ең бірінші сана мен сықпыт пропорциясы сақталуы шарт.

Басы қазандай жылқылар да болады. Біздің қазақ жылқысының бірі – дала жағдайына көнбіс қазанат деген тұқым. Бірақ ол яғни қазанаттар тек атының ғана ұқсастығынан «қазан» деген сөзден шықпайды (Шатастырып алып жүрмеңіз. Соқырға таяқ ұстатқандай етіп айтпаса болмайтын күйге түстік қой).

Қазақтың тағы бір тамаша тәмсілі: «Қой егіз табады. Бірін қошқар қояды, бірін қонаққа сояды». Сол айтқандай, басы үлкен жылқы еш уақытта бәйгеге қосылмайды, өйткені оны қанша баптағанда сейістің еңбегін қайтармайды. Сол үшін адам баласына азық ретінде жануар соғымға сойылады! Бұл – бір. Адам да солай.

Басы үлкен адамның бәрінің ақылы тасып бара жатқан жоқ. «Басы үлкен адам ақылды болады» деп жүрген де басынан басқа көргені жоқ бір ақымақтың өзі шағар? Және мұнда Жеңісбектей есілдің жусағанындай ешқандай да саясат жоқ! Адамның да, Аттың да басына дене бітімі сай болғаны ләзім. Табиғат пен Адамның арасындағы тепе-теңдік ежелгі таным дүниесінің үлкен мәселесі болған. Бұл жерде басы үлкендерге қоса семіздер қоғамының құлағына да алтын сырға. Сонда басы үлкен, ал оған денесі сай келмейтін адамдарды Сіздің ойыңызша не деуіміз керек? Сүйрігім дейміз бе, әлде сүйкімдім дейміз бе?

«Бала өлсе – бір түндік ұйқы, Қатын өлсе – бір үйір жылқы» деген ақиқатты қаймықпай, қасқайып тұрып айтқан да біздің бабаларымыз. Бар мәселе: осы шындықтарды бетпақтанбай, тек мойындай білуде. «Қазақта бұндай сөз жоқ» дегенді абайлап айту керек. Жоқтың түбі – жоқ! «Жануар мен боқтан басқа мақал жоқ па?» деген қыз, қолынан келсе баба қазақтың тілін кессін. Менің де, Сенің де, Оның да іші боқ, жыныс! Онда тұрған не бар?

Қазақтың қасиетті қағидасының бірі: «Дүние – боқ!». Сол боқты жинап жүрген адам-пенденің шын аты кім, сонда?! Сіз бенен Біз қалай жалтарғымыз келсе де, қаншама рет позаға тұрып боямаласақ та өмірде әр нәрсенің өз аты бар. Міне, кешегі қасқа қазақ өмірдегі осындай боямасыз шындықтарды көлгірсітпей нақты атымен атаған. Сіз бен Бізден Олардың айырмышылығы – осы! Сыпайылықтың да шегі бар. Мысалы, Тұрекең: «Қатының қардай болсын..» дейді. Салдақы-қар деген сөз қоса айтылады, жалпақ тілімізге көшірсек «жәллеп» деген сөзді ишаралайды. Сонда қалай болды, өзі? Бүгінгі қазаққа барып: «қатының көшеде жүрген салдақы-жәллептей болсын» деп көріңізші, не көрер екенсіз? «Бала өлсе – бір түндік ұйқы..» деген сөзді де көзінің ағы мен қарасындай бір-екі перзенті бар, иллалап күн көріп отырған бүгінгі қала қазағының санасы көтере ала ма? Мұны түсіну үшін қазақтың салт-дәстүрі мен халық ауыз әдебиетінен сәл болса да сауаты бар адам өткен дәуірлерге ойша саяхат жасай алуы керек. Онсыз сөзің – қараң, әңгімең – бос! Енді бүгін келіп тарихтың еншісіне өтіп кеткен арда қазақтардың сөзін жөндегіміз келеді. Не деген бишаралық. Соны естеріңе сақтағайсыңдар, ұлы халықтың ұсақталуға айналған асфальтта өскен кейбір ұрпақтары!

Сонымен, СӨЗТАНЫМ айдарының келесі кезегінде тағы да Тұрмағамбет шайыр. Қатын деген қасиетпен байланыстырып данышпаным тағы не дейді екен?..

Сіздерге деген ізгі құрметпен, Берік ЖҮСІПОВ, фольклортанушы.

Abai.kz

 

ҚАТЫН ТУРАЛЫ...

1. Қарны ашқанға қара атала майдай көрінеді,
Қатыны өлгенге пұшық қатын Айдай көрінеді.

2. Қапияда қатын табады...

3. Қатынның молдасы құрысын,
Байталдың жорғасы құрысын.

4. ...Қатының жаман болса мейманың кетер,
Пиғылың жаман болса иманың кетер...

5. Бір қатын алсаң ісің бітпейді,
Екі қатын алсаң үйіңнен ұрыс кетпейді,
Үш қатын алсаң еш нәрсе етпейді.

6. Қараша – ханның тұсында,
Қатын – ердің тұсында.

7. Қатын алсаң көт керек,
Шайнауына ет керек.

8. Қатынсыз тіршілік жоқ,
Қатын алсаң тыныштық жоқ.

9. Жаман қатын өлсе – төсек жаңғырады,
Жақсы қатын өлсе – жігіттің басы қаңғырады.

10. Жақсы қатын арша ұнын кәбап етер,
Жаман қатын бидай ұнын харап етер.

11. Қатының қардай болсын,
Атың адам жұтатын айдаһардай болсын.

12. Қатынын мақтаған жынды болады,
Баласын мақтаған құнды болады.

13. Бала өлсе – бір түндік ұйқы,
Қатын өлсе – бір үйір жылқы,
Қарт өлсе – халық біткенге күлкі.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3259
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5572