Сенбі, 23 Қараша 2024
Анық-қанығы 1296 2 пікір 3 Қыркүйек, 2024 сағат 14:53

Аудандардың төлтаңбаларына плагиат

Суреттер мақала авторының мұрағатынан алынды.

Редакциядан: Жуырда Abai.kz ақпараттық порталының поштасына және whatsapp желісіне аудандардың төлтаңбаларындағы көшірмелер туралы мақала келіп түсті.

Мақала авторы - Атырау қаласы, Мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі ұлттық орталығының атқарушы директоры Руслан Хамза деп көрсетілген. Мақланы редакцияға ұсынушы - геральдист Айдын Рысбекұлы.

Abai.kz ақпараттық порталы еркін ақпарат алаңы. Мұндай ой жарыстырып, пікір таластыруға Қазақстанның әрбір азаматы құқылы. Сол себепті, біз аталған мақаланы портал оқырмандарының талқысына ұсынғанды жөн санадық. Мақалада аты аталған жекелеген азаматтар немесе мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар редакциямызға жауап беруге ниетті болса, олардың да пікірлерін жариялайтын боламыз.


Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері.

Мемлекеттік рәміздер белгілі бір мағына берерлік өзара үйлесімде орналастырылған жанды-жансыз заттардың бейнелерінен құрастырылады. Мұндай бейнелер үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман-мұраты, өзін-өзі түйсінуі көрініс береді.

Қазақстанның мемлекеттік рәміздері ретінде Туы, Елтаңбасы және Гимні жатқызылады.

Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі. Олардың түр-түсі мен ресми қолданылу тәртібі Конституцияда немесе Конституциялық заңда белгіленеді және заңмен қорғалады.

Өкінішке орай, Қазақстан аумағында әр облыстың аудандарында және ауылдық округтерінде туған мекенге арналған төлтаңбалар жасалып келеді.

Дегенмен, төлтаңбаларды дәлме-дәл көшіріп, өздік плагиаттық жолымен асыратындар да бар болып шықты.

Мысалы, Атырау облысының Құрманғазы ауданының төлтаңбасының ортасында «ұлттық домбыра» мен «шаңырақ» және «ұлттық ою-өрнекпен» айқындалған. «Ою-өрнектің» астында «дала қыранның» бейнесімен жасақталған. Осындай көріністі Павлодар облысының Баянауыл ауданының Қ.Сәтбаев ауылдық округінің төлтаңбасы Атырау облысының Құрманғазы ауданының төлтаңбасынан «айнытпай» дәлме-дәл жасақтаған. Баянауыл ауданының Сәтбаев ауылдық округі әкімінің аппаратына хабарласып, төлтаңбаның өзі 2017 жылдан бастап қолданылып келетіндігін, ауылдық округі әкімі М.Кокеновтен ресми хатында былай жауап берген, Ауыл жастарының өзара кеңесінде төлтаңбаның туындысын жасақтау жөнінде мәселе көтерілген болатын. Негізгі идея авторы ауылдың тұрғыны Ищанов Қанат. Төлтаңбада «шаңырақ» астында ұлттық аспап «домбыра» бейнесі. Сол домыраның екі жағында «екі тұлпар» бейнеленген. «Домбыра» мен «екі тұлпардың» астында «қыран бүркіт» бейнесі және Сәтбаев ауылдық округі жазуы бейнеленген. Төлтаңбаның оң жағында «Павлодар облысы», ал сол жағында «Баянауыл ауданы» жазуы жазылған деп жауап қайтарған.

Атырау облысы Қызылқоға ауданының төлтаңбасы 2011 жылғы 31 тамыздағы IV сайланған Қызылқоға аудандық мәслихаты ХХХІ сессиясының №4 шешімімен жеке кәсіпкер Б.Төлеубайдың эскизі бекітілген болатын. Төлтаңбада шенбердің айналасында «қошқар мүйіздің ою-өрнекпен» өрнектелген. Ортасында «шаңырақ» және «айналасында төрт түлік малдардың» бейнелерімен бейнеленген. Алайда, аталған төлтаңбаны Ақтөбе облысы Мартөк ауданы Сарыжар ауылдық округінде де осындай көшірілген жұмысты да кездестіруге болады. Мәртөк аудананың Сарыжар ауылдық округі әкімінің аппаратына хабарласып, келесі жауап келіп, Сарыжар ауылдық округінің төлтаңбасы 2017 жылдың шілде айында мектеп оқушысы Тәжібай Әйтеке жасап, төлтаңбаның ортасында «шаңырак», айналасында «төрт түлік мал» бейнелерін көрсетілген деп, ауылдық округінің әкімі Б.Сарсенбаев жауап қайтарған болатын.

1999 жылғы Атырау қаласы әкімінің №613 шешімімен Атырау қаласының елтаңбасын анықтау бойынша конкурстық комиссиясының қортындысымен «Алматықалабезендіру» мекемесі жеңімпаз болып анықталды. Қала елтаңбасында еліміздің қара байлығы болып есептелетін – «бекіре» тұқымдас балықтың бейнесімен орындалған. Осындай бекіренің бейнесін Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының төлтаңбасында Атырау қаласының елтаңбасында бейнеленген «бекіренің» бейнесін көшіріп алынған.

2005 жылы Қызылорда облысы Қармақшы ауданының төлтаңбасы әзірленді. Төлтаңбаның ортасында «қобыз» бен «домбыраның» қағып тұрған қанаттарымен жасақталған. 2019 жылы Жетісу облысы Сарқан ауданының төлтаңбасының бейнесіне көз салсақ, Қармақшы ауданының төлтаңбасындағы «қобыз» бен «домбыраның» элементтері енгізілгенін айқын кездестіруге болады. Осы бейнені Ақтөбе облысы Байғанин ауданының Ақай ауылдық округінде де пайдаланады.

2014 жылдың мамырында Қостанай облысы Жітіқара ауданының жаңа төлтаңбасы әзірлеуге конкурс жариялап, бекітіледі. Жітіқара ауданының төлтаңбасында ауданның өзіндік ерекшелігін, оның мәдени-тарихи бастаулары мен дәстүрлерін білдіреді, әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерді көрсетеді. Төлтаңбаның ішкі шеңбер тереңдік сезімін беретін көгілдір түстің ашық реңкінде орындалған. Шеңбердің орталық бөлігінде Жітіқара ауданында өте кең таралған «алтын түстес бүркіт» бейнеленген. Төлтаңба жиегінде стильденген символдар – Жітіқара ауданының ауыл шаруашылығының негізгі бағытын көрсететін, сондай-ақ ауданда нан молшылығын, дәнді дақылдардың бай түсімін бейнелейтін оң жағында «бидай масағы» орналастырылған. Жиектің сол жағында Жітіқара далаларында таралған «қызғалдақтың» бейнесі бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде – ауданның Қазақстанға тиесілігін көрсететін «ұлттық ою-өрнек» бейнемен жасалған. Дәлме-дәл ешқандай қатесіз элементтерімен Ақтөбе облысы Мартөк ауданы Тәңірберген ауылдық округінің төлтаңбасына тек ауылдың атауымен қыранның астымен жасақталған. Тәңірберген ауылдық округі әкімінің аппаратынан ресми хат келіп, төлтаңба шеңбер формасында, шеңбер қанық көк, көгілдір, сары түстеріне боялған. Төлтаңбаның көк түске бояулы көк аспанды суреттейді. Көк аспанның астында шаңырақ күн сәулесін уықтарымен таратқаны суреттелеген. Еліміздің Тудағыдай қазақтың ұлттық ою-өрнегі бар деп жауап қайтарған ауылдық округінің әкімі М.Бекжанов. Әрі қарай төлтаңбада бидай мен гүл ауылдың көркемдеуінің және дамуын білдіреді. Төлтаңба 2017 жылғы 18 мамырында қабылданды.  Авторы сол ауылдың бұрынғы әкімі Д.Тлеуов.

2009 жылы Жамбыл облысы Жамбыл ауданының құрылғанына 80 жыл толуына орай, мерейтой қарсаңында аудандық зиялы қауым және аудан тұрғындарының келісімімен аталған төлтаңбасы бекітіледі. Төлтаңбада жыр алыбы Жамбыл Жабаев бейнеленген ескерткіш және де бейбіт күннің сәулесі, жүйрік ат, қазақи ою-өрнектермен, сонымен қатар, шеңбердегі жоғарғы және төменгі жақта ауданның атауымен безендірілген. Осындай төлтаңбаны Ақтөбе облысы Темір ауданының Ақсай ауылдық округінің төлтаңбасы жасақталған. Темір ауданы Ақсай ауылдық округінің әкімі Е.Бегимовтің хатына сәйкес, төлтаңбаның авторы белгісіз. 2015 жылы пішіні дүниеге келген. Егерде көз жүгіртетін болсақ, барлық элементтері Жамбыл ауданының төлтаңбасынан толықтай «көшіріп алғанын» көруге болады.

Өздік плагиат - бұл жазбаша жұмыста басқа біреудің мәтінін немесе қағаз немесе электронды түрде жарияланған авторлық құқықтың басқа объектісін толық сілтемесіз (автордың аты-жөнін және қарыз алу көзін көрсетпестен) немесе сілтемелермен пайдалану, бірақ қарыз алудың көлемі мен сипаты орындалған жұмыстың немесе оның негізгі бөлімдерінің бірінің дербестігіне күмән келтіретіндей болып саналады.

Атырау облысының Құрманғазы және Қызылқоға аудандары, Атырау қаласы мен Қызылорда облысының Қармақшы ауданы және Қостанай облысы Жітіқара ауданы мен Жамбыл облысы Жамбыл аудандарының төлтаңбалары жергілікті мәслихат арқылы бекітілсе, Павлодар облысының Баянауыл ауданы Қ.Сәтбаев ауылдық округінің, Ақтөбе облысы Мартөк ауданының Сарыжар, Тәңірберген ауылдық округтерінің, Байғанин ауданының Ақай ауылдық округінің, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының төлтаңбалары бекітілмеген болып шықты.

Руслан Хамза,

Мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі ұлттық орталығының атқарушы директоры,

Атырау қаласы

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377