Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Арылу 1528 1 пікір 5 Қыркүйек, 2024 сағат 14:40

Өзбектер: КСРО насихатына тыйым салу керек!

Коллаж: Abai.kz

Өзбекстан депутаты Кеңес идеологиясын насихаттауға тыйым салуды ұсынды.

Осы орайда Екібастұздық қарт журналист Жассерік ағамыздың жергілікті «Отарқа» газетінде «Ленинді Бауыржан аламастыратын болды» деп жазған шағында аудан әкіміне коммунистер барып, дікің қағып, ақыры газет редакторы Айнұр қарындасымыз қатаң сөгіс алып, сөз естіген оқиға ойға оралады.

Иә, еліміздің шығысы мен солтүстігінде КСРО ескерткіштерінің мұрты бұзылмай тұр.

Сонымен өзағаңдарға аяңдап келейік: «Өзбекстан заңнамасында Кеңестік идеологияны, дәуір мен рәміздерді насихаттауға тыйым салу қажет. Әрине, біздің тарихымыздың осы қайғылы кезеңі зерделеніп, талқылануы тиіс!

Бірақ оның мақұлдануы немесе насихатталуы конституциялық құрылысқа қарсы қылмыс ретінде ғана емес, сонымен қатар халқымыздың сатқындығы ретінде де қарастырылуы тиіс», - деп мәлімдеді «Миллий Тикланиш» ұлтшыл партиясының басшысы, Өзбекстан парламентінің депутаты Әлішер Қадыров.

3 қыркүйекте Самарқанда КСРО-ны қалпына келтіру үшін үгіт жүргізіп, Өзбекстанның конституциялық құрылысына қол сұғуда айыпталған 74 жастағы ер адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Бізде КСРО келмеске кетсе де, оның мұраларына қарсы күресуші Жассерік ағаларымыздың жазғандары далаға кетіп, Айнұрдай қарындастарымыз сөгіс арқалауда.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052